
Ғылым • 08 Ақпан, 2024
Отандық ғалым обырға қарсы дәрі ойлап тапқанын бұқаралық ақпарат құралдары сүйіншілеп жазды. Дегенмен дерт діңкелеткен жандардың көкейінде сұрақ та, үміт пен күдік те көбейгендей. Санадағы сан сауалға жауап табу үшін ғалымның ғылыми жұмысымен арнайы барып таныстық. Үлкен істің анық-қанығына үңілдік.
Білім • 06 Ақпан, 2024
Әлемдік тәжірибеде жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингі тұрақты жарияланып тұрады. Бұл не үшін және кімге керек? Рейтинг, ең алдымен, талапкерлерге қажет. Сол рейтингтер негізінде сапалы білім алғысы келетін талапкер университет таңдайды.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісі: Оқиға ошағын дәл болжаған
Ғылымның нәтижелері мен жаңалықтары болашақтағы қауіп-қатер мен құлдырауды, тіпті төтенше жағдайды алдын ала болжауға да қызмет етуге тиіс. Осы ретте біз сала жетістігін қаншалықты пайдаланып отырмыз? Бұл сұрақ кешегі Алматыда болған жер сілкінісінің ошағын былтыр болжаған ғалымдардың еңбегін оқығаннан кейін туып отыр.
Білім • 31 Қаңтар, 2024
Талапкер апелляцияға бірден бере алады
Ұлттық бірыңғай тестілеуде талапкер өзінің нәтижесімен келіспеген жағдайда бірден апелляцияға бере алады. Өйткені тестілеу бұрынғы қағаз нұсқадан электронды форматқа ауыстырылғаннан бері емтихан нәтижесін бірден көру мүмкіндігі пайда болды.
Энергетика • 19 Қаңтар, 2024
Астанада биыл қыс тым кеш түсті. Өзге өңірлерде де қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай, тіпті қаңтардың кей күндері жылы болғанына қуанатындар бар. Шын мәнінде, бұл – ғаламдық жылынудың белгісі. Әлемді алаңдатқан мәселені шешу үшін көп ел ауаға бөлінетін көмірқышқыл газын электр қуатымен жүретін көліктер мен жылыту жүйелеріне көшу арқылы азайтуға тырысып жатыр. Біздің еліміз де сол қатарға қосылуға ниетті. Бірақ электр энергиясы шексіз емес, оның да сарқылатын сәті болады. Соның алдын алу мақсатында елімізде атом электр стансасын салу ұсынылды. Салу-салмауды алдағы референдумда халық шешеді. Ал біз бұл мәселеге ғылым тұрғысынан үңіліп көрдік.
Білім • 17 Қаңтар, 2024
Мектеп телефонмен қоштасқалы тұр
Мектеп оқушылары сабақта телефон қолданбайды. Өткен жылдың соңында оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға тыйым салатын заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа жолданған еді. Осы заң іс жүзінде қаншалықты жұмыс істеуі мүмкін? Жалпы, оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға әсер ете ала ма? Бұл норма толық орындалуы үшін видео сабағы, онлайн тапсырмалары енгізіліп кеткен оқу бағдарламасын тағы өзгертуге тура келе ме? Мәселенің мәнісіне үңіліп көрдік.
Ғылым • 05 Қаңтар, 2024
Жаңғақ жейтін бе едіңіз? Бірден ескертейік, енді абай болғаныңыз жөн. Өйткені жаңғақ құрамынан бауыр обырын тудыруы мүмкін токсин табылды. Әсіресе шетелдерден әкелінетін жаңғақтарды жегенде мұқият болған абзал. Отандық ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр.
Ғылым • 03 Қаңтар, 2024
Ел экономикасының негізі, тірегі саналатын ғылым саласында былтыр да маңызды шешімдер қабылданып, қыруар жұмыс атқарылды. Соның негізгілеріне шолу жасап көрелік.
Сұхбат • 01 Қаңтар, 2024
Саясат Нұрбек: Ғылым өндірістегі табысты 15 есе арттырады
2024 жылы отандық ғылым саласын қандай өзгерістер мен бетбұрыстар күтіп тұр? Биыл нақты қай бағыттағы зерттеулерге сұраныс артуы мүмкін? Ғылымды басқару жүйесінде тың жаңалықтар бола ма? Ғалымдарды қолдаудың қандай түрлері қолға алынбақ? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті әңгімеге тартқан едік.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Ғалымдардың тұрғын үй бағдарламасы
Баспана алу үшін ғалымдарға қолжетімді кредит беретін бағдарлама іске қосылды. Бұл – Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банктің» бірлескен жобасы.