
Ғылым • 12 Сәуір, 2022
15 ғылыми жобадан – 346 млн теңге табыс
2021 жылы қазақстандық ғалымдардың 15 ғылыми жобасын экспорттаудан 346 млн теңгеден аса табыс түскен. Жобалар Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия, Қырғызстан сияқты елдерге экспортталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Білім • 07 Сәуір, 2022
Тағы бір жоғары оқу орны жабылды
Елімізде тағы бір жоғары оқу орны жабылды. Бұл – Атырау инженерлік-гуманитарлық институты. Аталған оқу орнын бас лицензиядан айыру туралы шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарған.
Білім • 06 Сәуір, 2022
Қазақ «Баланың тілі – бал» дейді. Бірақ бүгінгі балалардың бал тілін қызықтау көп ата-анаға арман болып тұр. Өйткені мектеп жасына жетсе де әлі күнге былдырлап жүрген балдырған көп. Неге? Мұның сарапшылар айтатын сан түрлі себебі бар. Бәрінен де маңыздысы, тығырықтан шығатын жол қайсы?
Руханият • 04 Сәуір, 2022
Әкем мені жаздың күндері таңда әңгелектің иісімен оятатын. Сабаққа асықпайтын демалыстың кезінде де ерте тұруды маған ол осылай үйретті. Бірде олай оятпады.
Ғылым • 01 Сәуір, 2022
Жас ғалымдар жаттандылықты қаламайды
Білім мен ғылым саласының өкілдері Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевпен бейресми кездесу өткізді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Болашақ» қауымдастығының өкілдері бірлесіп ұйымдастырған ашық диалогта ғылым мәселелері талқыланды.
Білім • 31 Наурыз, 2022
Орта білім беру ісіндегі өзгерістер
Педагогтер енді біліктілігін 5 жылда емес, 3 жылда бір рет арттыруға міндетті болмақ. Мұғалім тапшы өңірлерге конкурстан өтіп барған білікті кадрларға екі есе жалақы төленеді. Оқушылар IV тоқсанды офлайн оқиды. Биыл жыл соңына дейін 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. Мамандандырылған мектептерге іріктеу конкурсы электронды форматта өтеді. Орта білім саласына қатысты осы және өзге де жаңалықтар жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Білім • 30 Наурыз, 2022
IT байқауының қорытындысы шықты
Жүлде қоры 3,5 млн теңгені құраған BILIM Hackathon-2022 IT байқауының қорытындысы шықты. Жеңімпаздар қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Білім • 29 Наурыз, 2022
Көктемнің бірнеше мерекесін өткіздік. Мемлекеттік деңгейдегі атаулы күндер жақындаған сайын балаларға тақпақ тарату басталады. Содан соң оның кейбірін, соңғы кезде көбін ата-аналар әлеуметтік желілерде таратады. У-шудың көкесі сондай сәтте басталады. Өйткені тақпақтардағы ұйқастардың жоқтығы бір бөлек, мән-мағынасыз, құлаққа түрпідей тиетін тіркестерден сөз ұғатын адамның бәрі ұялады.
Ғылым • 29 Наурыз, 2022
Академиктерді ардақтау астанада жалғасты
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім мен ғылым саласындағы тұлғаларға арналған конференция өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ұлттық ғылым академиясының академиктері Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың мерейтойларына арналды.
Білім • 29 Наурыз, 2022
ҰБТ-2022: Наурыздағы өзгерістер
Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері енді мектептердің жұмысын бағалауға қолданылады. Білім және ғылым министрлігі тестілеу қорытындылары негізінде мектептер, сондай-ақ пәндер бойынша талдау жасалатынын хабарлады.