
Білім • 21 Мамыр, 2024
Еліміздің оқушылары кейінгі кезде халықаралық додаларда дараланып, елге жиі олжалы оралып жүр. Бұл басқа да балалардың қызығушылығын оятып, білім бәйгелеріне қатысуға шабыттандыратыны сөзсіз.
Білім • 18 Мамыр, 2024
Колледжде тегін оқуға мүмкіндік молаяды
Колледжде тегін оқуға мүмкіндік молая түспек. Өйткені техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Білім • 17 Мамыр, 2024
ҰБТ: 330 мыңдай талапкердің үміті
Кешегі күннен бастап еліміздегі 14 өңірде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Ал төтенше жағдай жарияланған 6 (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) өңірде тіркелу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылды, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі. Осы және өзге де негізгі ҰБТ төңірегіндегі сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында жауап берілді.
Білім • 17 Мамыр, 2024
Инженерлікке тапсырғандар ұтылмайды
Мемлекеттік білім гранттарының тізімі шықты. Жоғары білімнің қай деңгейіне қанша грант бөлінді? Ең көп грант қай мамандықтарды даярлауға қарастырылған? Жаңадан қандай мамандықтарға гранттар бөлінді? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында жарияланған тізімге толығырақ тоқталуға тырыстық.
Білім • 15 Мамыр, 2024
Елордадағы Nazarbayev University-де Тұрақты даму шешімдерін әзірлеу желісінің (SDSN) 2-конференциясы өтті. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Бельгия, Нидерланд, Германия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның сарапшылары мен ғалымдары қатысты.
Ғылым • 15 Мамыр, 2024
Қазіргі таңда елімізде жоғары оқу орындарындағы зерттеуге ерекше мән беріліп отыр. Өйткені бұған дейін айтылғандай, отандық университеттер көбіне оқыту және жоғары білім берумен шұғылданды. Ал бүгінгі заманның талабына сай жоғары оқу орындары оқыту моделінен зерттеу деңгейіне өтуге тиіс. Осы орайда университеттер базасында зертханалар ашылып жатыр. Соның соңғыларына шолу жасап көрдік.
Білім • 15 Мамыр, 2024
Зауытта ақылы тәжірибеден өтеді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері С.Киров атындағы зауытта ақылы іс-тәжірибеден өтеді. Университет пен зауыт өнеркәсіптік технологияларды дамыту бойынша тәжірибе алмасуға, ғалымдар мен инженерлерді техникалық қайта даярлауды дамытуға мүдделі. Сонымен қатар тараптар ғылыми бағыттағы ынтымақтастықты да нығайтуға ниетті.
Білім • 11 Мамыр, 2024
Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталады
Грантқа түсуге мүмкіндік беретін негізгі ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) бірінші мүмкіндігіне өтініштер қабылданып болды. Екінші мүмкіндігіне өтініштер 14 мамырға дейін қабылданады. Талапкерлер арасында «нағыз ҰБТ» аталып кеткен тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Бірақ су тасқынынан төтенше жағдай жарияланған өңірлерде тестілеуге тіркелу уақыты да, ҰБТ өткізу мерзімі де ұзартылды.
Білім • 04 Мамыр, 2024
Кейінгі кезде ата-аналар мен оқушылар арасында «соңғы қоңырау соғылмайды, соңғы қоңырау жиыны болмайды екен» деген қауесет тарады. Соның анық-қанығын білмекке ұмтылдық. Жауапты министрлік таратқан хабарламасындағы нақты ақпарат соңғы қоңыраудың айналасындағы әңгіменің соңғы нүктесін қойды. Соған сүйенсек, соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады.
Білім • 04 Мамыр, 2024
Оқушылардың жазғы демалысы жақындап қалды. Балалардың каникул уақытын тиімді, пайдалы, бастысы қауіпсіз жағдайда өткізуіне қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап іздеп көрдік.