Спорт • 12 Наурыз, 2024
Аустралияның спортшысы Джек Делла Маддалена АҚШ-тың Майамиінде өткен UFC-299 турнирінде бразилиялық Гильберт Бернсті нокаутқа жібергеннен соң Шавқат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері Түркияда өткен турнирде қос қоланы қанағат тұтса, Болгариядағы бәсекеде 3 алтын мен 4 қола медальды олжалады.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Испанияның Марбелье қаласында жалауы желбіреген көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде 18 жастағы Елжана Тәниева алтыннан алқа тақты.
Бокс • 11 Наурыз, 2024
Италияда өтіп жатқан жазғы Олимпия ойындарының лицензиялық турнирінің кезекті жарыс күні Қазақстанның бес боксшысы шаршы алаңға шығып, барлығы да жеңіске жетті.
Күрес • 11 Наурыз, 2024
Түркия мен Болгариядағы белдесу
Бұл күндері Түркияның Анталья қаласында ХХ ғасырдың бел ортасында атой салған атақты балуан, еркін күрестен Олимпиада мен әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, грек-рим күресінен құрлық біріншілігінде топ жарған Яшар Доғудың мемориалы өтіп жатыр.
Футбол • 11 Наурыз, 2024
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирі аясында 21 наурызда Шотландиямен, 26 наурызда Мажарстанмен күш сынасады.
Спорт • 11 Наурыз, 2024
Кеше АҚШ-тың Майами қаласында аралас жекпе-жектен өткен UFC турнирінде Асу «Зұлпықар» Алмабаев өзінің екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Қысқы спорт • 11 Наурыз, 2024
Алматыдағы «Шымбұлақ» спорт кешенінде фристайл-могул мен шаңғы акробатикасынан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды.
Спорт • 10 Наурыз, 2024
Мәскеуде шахматтан «Аэрофлот Опен – 2024» турнирі өтіп, оған әлемнің бірқатар мемлекеттен келген 500-ден аса ойыншы қатысты. Аталған жарыс Қазақстанның дарынды шахматшысы Бибісара Асаубаеваның айқын жеңісімен аяқталды. Өзге шахматшыларымыз мынадай орындарды иеленді: Қазбек Нөгербек – 18, Даниал Сәпенов – 21, Рамазан Жалмаханов – 38 орын және Әлішер Сүлейменов – 56-орын.
Теннис • 10 Наурыз, 2024
Бұл күндері теннистен АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Индиан-Уэллс қаласында аса ірі халықаралық турнир өтіп жатыр. Жүлде қоры 8 995 555 долларды құраған дүбірлі додада Қазақстанның төрт ойыншысы өнер көрсетуде.