Бокс • 14 Наурыз, 2024
Бусто-Арсициода бес жолдама бұйырды
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнир аяқталды. Аталған жарыста ширек финалға дейін жеткен жігіттердің барлығы да Париж Олимпиадасында күш сынасу мүмкіндігіне ие болды. Солардың қатарында еліміздің бес бірдей былғары қолғап шебері бар.
Спорт • 14 Наурыз, 2024
22-24 наурыз аралығында Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысының жалауы желбірейді.
Футбол • 14 Наурыз, 2024
Грекия қандай құрамда ойнайды?
22 наурызда Афинада футболдан «Еуро-2024» додасының іріктеу сайысында Қазақстанның ұлттық құрамасы Грекиямен күш сынасатыны белгілі.
Шахмат • 14 Наурыз, 2024
Шахматтан Қазақстанның ерлер құрамасы Түркияның Эрзурум қаласында өткен ХХ қысқы Сурдлимпиялық ойындарында қола жүлдені иеленді.
Футбол • 13 Наурыз, 2024
Бүгін отандық клубтар ойыншыларды сатудан қанша табыс тапқаны немесе қандай шығынға батқаны туралы әңгімелеуді құп көріп отырмыз. Осы мақаладағы деректер «Vesti.kz» сайтынан алынғанын ескерте кетейік.
Спорт • 13 Наурыз, 2024
4 мамырда Ресейдің Челябі қаласында аралас жекпе-жектен RCC турнирі өтеді. Сол кештің басты бәсекесінде жергілікті спортшы Александр «Шторм» Шлеменко мен Қуат «Найман» Хамитов күш сынасады. Бұған дейін бұл айқас Санкт-Петербургте, одан кейін Мәскеуде ұйымдастырылады деп жарияланған еді. Бірақ түрлі себептерге байланысты ол кейінге шегерілді. Міне, енді аталған жекпе-жек Еуропа мен Азияның дәл кіндігінде орналасқан шаһарда өтетін болып белгіленді.
Теннис • 13 Наурыз, 2024
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бразилияның Ресифи қаласында өткен турнирдің жекелеген сайысының финалында ұтылғанымен, жұптық бәсекеде бас жүлдені олжалады.
Футбол • 13 Наурыз, 2024
18-24 наурыз аралығында Алматыда футболдан қыздар арасындағы Еуропа біріншілігінің (U-17) іріктеу турнирі өтеді.
Спорт • 13 Наурыз, 2024
Аралас жекпе-жек әлемінде зор беделі бар Қазақстанның Naiza және Ресейдің Fight Nights промоушендері 18 мамырда Алматыда дүбірлі дода ұйымдастыруды көздеп отыр.
Күрес • 12 Наурыз, 2024
Күні кеше ғана Түркияның Анталья қаласында аяқталған Яшар Доғу мемориалында Өзбекстанның грек-рим күресі шеберлері 1 күміс пен 1 қола медальді иеленіп, жалпы есепте Қазақстан құрамасының алдын орап кетті. Ал сол команданы Анадолы еліне қазақтың ұлы Елмұрат Тасмұратовтың баптап әкелгенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.