Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
369 материал табылды

Шымкент • 30 Тамыз, 2024

Этномәдени бірлестіктердің көмегі

Жуырда Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, соның аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 200-ден аса жеткіншекке мектепке қажетті оқу құралы берілді.

Мәселе • 27 Тамыз, 2024

Кадастрлық нөмірдің кедергісі

Шымкенттің Бозарық аймағынан түрік инвесторы «Alarko Holding» 650 гектарға ең ірі жылыжай кешенін салуды бастағанын жазған едік. Мегополисте шетелдік компаниялармен бірлесіп табысты еңбек етіп жатқан шаруашылықтар қазір де бар. Соның бірі – Берік Иляев басқаратын шаруашылық. Ол да жылыжай кешенінде көкөніс өсірумен айналысады.

Медицина • 24 Тамыз, 2024

Оңтүстік медицинасы – оң бағытта

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Шымкентке іссапары аясында үшінші мегаполистегі медициналық ұйымның жұмыстарымен танысты. Бірінші вице-министр 23 учаскеге тіркелген 40 мыңға жуық халықты бастапқы медициналық көмекпен қамтамасыз етіп отырған №1 қалалық емханаға барды.

Шымкент • 23 Тамыз, 2024

Шымқалаға өнер мұражайы керек

Суретшілер одағының Шымкент қаласындағы филиалы төрағасы Әбдімүтәліп Ахметов мегаполисте суретшілердің еңбектеріне арналған музей болу керектігін айтады. Бұрынғы Фосфоршылар сарайы мамандардың сараптамалық қорытындысымен бұзылатын болды. Өнер иесі осы мәдениет сарайының орнына салынатын кешен шаһар суретшілерінің туындыларына арналған музей болуға тиіс деген идея­сын ұсынды. Өйткені одақтың құрамында бүгінде жиырма шақты бейнелеу өнерінің майталмандары бар болса, олардың суреттері әрқайсысының үйінде сақтаулы. Музей туындылардың қалпын бұзбай, ұзақ уақыт сақталуына және ең көркем, бағалы картиналарды ұлт мұрасы ретінде өзімізде қалуына мүмкіндік берер еді.

Шымкент • 16 Тамыз, 2024

Білімді ұрпақ әрқашан алға озады

Жуырда Шымкенттің орталық мешітінде «Мектепке жол-2024» қайырымдылық іс-шарасы өтіп, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Сондай-ақ осы акцияда қалалық дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев пен шаһардың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы сөз сөйледі. Қонақтар білім-ғылымның мәртебесі, артықшылығы туралы қозғап, оқушыларды сабағын жақсы оқуға шақырды.

Жоба • 16 Тамыз, 2024

«Бір ауыл – бір өнім» қандай жоба?

Өткен ғасырдың 70-жылдары Жапонияда керемет бір жоба басталған екен. Ол бойынша бір ауыл немесе сол ауылда тұратын бір кәсіпкер бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, нарыққа шығаратын болған. Мұндағы мақсат, біріншіден, елдің кіріс көзін арттыру болса, екіншіден халықты кәсіпкерлікке үйрету еді. Міне, сол жоба өзінің өміршеңдігін танытып, бүгінге дейін жетіп отыр.

Шымкент • 10 Тамыз, 2024

Жылыжай кешені бой көтереді

Республиканың үшінші мегаполисінде ауқымы үлкен жылыжай кешені бой көтереді. Осынау маңызды жоба Түркия инвесторларымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Құрылыстың басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури болашақ кешеннің іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты.

Өндіріс • 09 Тамыз, 2024

Отандық өнеркәсіптің олжасы

Шымкентте пластмассадан ойыншық шығаратын шағын кәсіпорын бар. Өндіріс орны 2014 жылы құрылған. Бүгінде ойыншықтың отыздан астам түрін өндіреді.

Шымкент • 08 Тамыз, 2024

Заманауи мәдени орталық

Сенат депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы сапары барысында «Конгресс-холл» көпфункционалды мәдени орталығының қызметімен танысты.

Шымкент • 06 Тамыз, 2024

Тасымал қызметінде тындырымды істер

Көлік саласы, жолаушылар тасымалдау қызметі – ең негізгі экономикалық бағыттардың бірі. Бұл ретте Шымкенттің логистикада алар орны ерекше. Көне Жібек жолының іргесінде жатқан Шымшаһар бүгінде жаңа халықаралық магистральдік жол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі арқылы Еуразия құрлығының шығысы мен батысын жалғап жатқан үлкен қала. Сонымен бірге – осы күнде Шымкент Орта Азияға кіретін қақпа деген жаңа атқа да ие.