Ғылым • 25 Шілде, 2025
Қазақстандық ғалымдар жаңа инновациялық қондырғы ойлап тапты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген фермерлік өнімдерді өңдеуге арналған «Dayar 20» мобильді лиофилизациялық қондырғысы ауылшаруашылығы өнімдерін табиғи қалпында, сапасын жоғалтпай, ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Алматы әкімі «Таза Қазақстан» бастамасына жастарды жұмылдыруды ұсынды
«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық науқанын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңесте атқарылған жұмыстардың нәтижелері, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі және алдағы уақыттағы басым бағыттар, соның ішінде тұрғындарды экологиялық акцияларға тарту мәселелерімен танысқан әкім Дархан Сатыбалды жастардың экологиялық бастамаларға көптеп қатысуына ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты. Өйткені, жастар буыны қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен тұрақты тазалық мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөлге ие, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 24 Шілде, 2025
Елімізде су тазартатын мембраналар өндіріледі
«Экотэк Инжиниринг» компаниясы Сәтбаев университетімен бірлесіп су тазарту жүйелеріне арналған спиральды мембраналарды өндіре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Шілде, 2025
ҚазҰУ базасында жер үсті спутниктік стансасы орнатылады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Хайнань спутниктік деректер орталығы және Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлесіп жерүсті спутниктік стансасын орнатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Шілде, 2025
Алматылық дизайнер жасаған киіз үй халықаралық байқауда үздік атанды
Биыл Design Educates Awards 2025 халықаралық сыйлығының «Architectural Design» аталымында замануи үлгіде жасалған қазақтың киіз үйі ерекше жұмыстардың қатарында аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 21 Шілде, 2025
Шымбұлақ тауларынан жарты тонна қоқыс шықты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алатау баурайында сенбілік өтті. Шымбұлақтан бастап, барлық танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылып, еріктілер тау баурайын қоқыстан тазартты.
Қазақстан • 11 Шілде, 2025
ИКАО президенті Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына келді
Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы маңызды халықаралық оқиғаның алаңына айналды. Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноның академияға ресми сапары жаһандық әуе көлігі жүйесіндегі рөлін айқындай түседі. Сапар барысында Сальваторе Шаккитано академия басшылығымен, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 25 Маусым, 2025
Елімізде заңсыз гидтер саны артқан
Қазақстанда заңсыз гидтер мен тіркелмеген шетелдік туроператорлар ел имиджіне нұқсан келтіріп, салық төлемей миллиондаған қаржыны көлеңкелі айналымға бағыттап отыр. Олар халықаралық аренада беделімізге қауіп төндіруде. Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының өкілі Екатерина Смолякова осы мәселеге орай Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 25 Маусым, 2025
Туризм саласы қарқынды дамып келеді
Былтыр туризмдегі ел экспорты 2,5 млрд долларды құрады.Үкімет жыл соңына қарай ЖІӨ туризмнің үлесін 8 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Туристерді көптеп тарту мақсатында 2027 жылға қарай 1 трлн теңгеден атсам 181 инвестициялық жоба іске асып, жалпы туризм саласында 800 мың, елді мекендерде агротуризимнің дамуымен 10 мыңдай жұмыс орындары ашылмақ. Ішкі туристер санын 11 млн-ға дейін жеткізу жоспарда тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 21 Маусым, 2025
ҚазҰУ‑да Tus‑Holdings Co. компаниясымен бірлескен бизнес‑инкубатор ашылды
Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Farabi HUB инновациялық даму орталығында TusPark Business Incubator Co. бизнес‑инкубаторы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.