Байқау • 03 Қазан, 2023
«Елім дегендер» байқауы басталды. Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында қазанның 1-і мен 20-сы аралығында ұйымдастырылуда. Оған әр өңірден 14 пен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдері ғана қатыса алады.
Құқық • 03 Қазан, 2023
Борышкерлер қарызы – 7 млрд теңге
Елімізде 132 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал 76-сының лицензиясы уақытша тоқтатылса, 16 тұлғаға түрлі заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыруға шектеу қойылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Қазір жұрттың көбі, әсіресе жастар жағы «шаршағаныңды басатын, көңіліңді ашатын» энергетикалық сусынды көп ішеді. Сергек жүру үшін сергіткіш сусынды пайдалану қалыпты жағдайға айналды.
Құқық • 27 Қыркүйек, 2023
Елімізде соңғы 8 айда жол-көлік апатынан 1 500 адам мерт болған. Қара жол үстінде тіркелген апат саны өткен жылға қарағанда әлдеқайда аз. Бірақ қайтыс болғандар арасында кәмелетке толмаған 189 жасөспірім бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға көп. Жолдағы қауіп-қатерді қалай азайтуға болады?
Жастар • 25 Қыркүйек, 2023
UNICEF Talks: Айтары барға – ақ жол!
Астанада БҰҰ Балалар қорының ұйымдастыруымен UNICEF Talks жастар конференциясы өтті. «Рublic talk» форматындағы іс-шараның басты көздегені – жастардың үнін қоғамға естірту. Жиында он алты жас спикер сөз сөйлеп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Бұған қоса жастар креатив идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Форум • 22 Қыркүйек, 2023
Медиа құндылық: эволюция және этика
Елордада Astana Media Week-тің екінші күні өтті. Медиа саланы жетілдіруге бағытталған іс-шараға жиналғандар «Цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктері: жылдамдық, ақпарат көлемі, бәсекелестік», «Ең рейтингтік өңірлік жобалардың ULGI-кейстері», «Медиа құндылықтар эволюциясы және жаңа этика», «Стратегиялық коммуникация: ақпараттық саясат қайда бара жатыр?» сынды тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Маңызды мәселелер бойынша креативті ұсыныстар да айтылды.
Әскер • 21 Қыркүйек, 2023
Отставкадағы генерал-майор Геннадий Носоновскийдің Әскери-тарихи музейде елордалық оқушылармен өткен кездесуі Танкист күніне орайластырылды.
Есірткі • 21 Қыркүйек, 2023
Бүгінде әлемде есірткіге тәуелділер саны 23 пайызға өскен. Біріккен Ұлттар Ұйымының зерделеуінше, кейінгі он жылда тыйым салынған заттарды кем дегенде 300 миллион адам пайдаланады. Бірақ есірткіқұмарлықтан жаһан жұртшылығының әр бесінші азаматы ғана емделеді екен. Елімізде де көрсеткіш көңіл көншітпейді. Тек есепте тұрғандардың өзі 18 мыңнан асып жығылады. Өкінішке қарай, дені – жастар.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Астанада «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйымдастырумен өткен іс-шараның басты мақсаты – ғылыми-сараптамалық ортаны ұлт бірлігін одан әрі нығайту бағытындағы ұсыныстар әзірлеуге, трендтерді талқылауға тарту.
Технология • 20 Қыркүйек, 2023
Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша «KazHackStan Turan» конференциясы өз мәресіне жетті. Ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер көтерілген алаңда 4 мыңға жуық сарапшы қатысты. Үш күнге созылған ауқымды іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырды.