
Қоғам • 21 Наурыз, 2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында халықаралық құстар күніне орай экологиялық акция өтті. Оған студенттер мен мектеп оқушылары белсене атсалысып, өңір экожүйесін қорғауға өз үлестерін қосты. Соның бірі Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің базасында ұйымдастырылды.
Мирас • 21 Наурыз, 2025
«Наурыз айы туғанда,Той болушы еді бұл маңда», деп жүректерді ән тербейтін көктем мерекесінің ең үлкен асы – наурызкөже. Аңсап жеткен асты әзірлеуде апа-әжелеріміз ең алдымен қол диірменнің көмегімен тары-талқан, ұн тартатынын ұмытқан жоқпыз. Тіпті дөңгеленген тасты айналдыруға таласып-тармасатынбыз. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде аса маңызға ие бұл құрал бүгінде көненің көзіне айналды.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2025
Алматы облысы Талғар қаласындағы А.Кивилев атындағы спорт кешенінде ұстаздар арасында асық ату мен бес асықтан республикалық турнир өтті. Аталған дүбірлі додаға Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Жетісу , Түркістан облыстарынан жиналған ұстаздар қатысып, өзара сайысқа түсті.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2025
Кең байтақ қазақ даласына қоныс аударған түрлі этностың миллиондаған өкілі қонақжай қазақ халқына ризашылығын білдіруді дәстүрге айналдырды. Осы орайда Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының сәулелі зерттеу бөлімшесінің лаборанты Николай Недоводеевпен аз-кем тілдескен едік. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген жас маман Отаны мен ортасына зор алғысын жеткізді.
Еңбек • 14 Наурыз, 2025
Еңбек еткенге бақыт басын иеді
Күнделікті тұтынатын астың сапалы әрі құнарлы болуын жіті назарда ұстап, отандық нарықта 20 жылдан астам уақыт табандылықпен еңбек етіп келе жатқан «Аdal» компаниясының сүт өнімдері әр шаңырақтың ас үйінен табылады.
Спорт • 14 Наурыз, 2025
Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына 15 жастағы Ұйғыр ауданының спортшысы Раушан Тоқтарбай қатысып, екі дүркін чемпион атанды. Осы мерейлі жеңіске орай, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде келелі кездесу өтті.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2025
Қонаевтағы Бөлек ата кесенесі мемлекетке қайтарылды
Аталған нысанды орналастыру үшін алаңы 1,5941 га жер учаскесі 2004 жылы Қапшағай қаласы (қазіргі Қонаев) әкімінің қаулысымен жеке меншікке «Бөлек батыр Жалайыр» Қоғамдық қоры ЖШС-не берілген. Ал 2022 жылғы 26 тамыздағы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Бөлек батыр Жалайыр» қоғамдық қоры мәжбүрлі түрде жойылған. Арада бір жыл өткен соң нысан иесіз мүлік ретінде есепке алынған.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Торқалы 90 жасты орталаған Батыр ана Ұлтуар Молдасанова апаның қолынан кітабы түспейді. Кей сәттері құлаққап киіп, алақандай планшеттен өзі қалайтын киносын көріп, айтысты тыңдап отырады. Енді бірде көнерген альбомдағы сарғайған суреттерге зер салып, сағымға айналған бел-белестерді сағынышпен еске алатын кездері аз емес. Жүзге таяған кейуананың бұл қасиеті көпшілікті таңдандыратыны рас.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Керегесі таумен көмкерілген, табиғаты көркем Кеген өңіріндегі Тұйық ауылында тұратын Жаннұр Қуатқызы 11-сыныпта оқиды. Ауылындағы орта мектепті бітірген соң, жүрек түкпірінде жүрген арман-мақсаттарына қанат қақпақ.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2025
Халық саны 10 мыңнан асатын Шеңгелді ауылындағы амбулаторияның күрделі жөндеу жұмысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Содан бері құрылыс қарқыны төмендемей, уақтылы аяқталуы тұрғындардың қуанышын еселеді.