Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
610 материал табылды

Өндіріс • 11 Қараша, 2025

Өнеркәсіп өңірдің өндірістік әлеуетін арттырады

Автомобиль өнеркәсібі – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде елімізде автокөлік құрастыру көлемі артып келе жатқанымен, қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан автоқұрастыру зауыттарын отандық өнімдермен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.

Шаруашылық • 11 Қараша, 2025

Қамба ақ маржанға толды

Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ала жаздай күтіп-баптаған ақ маржанды ысырапсыз жинап алуға қажетті барлық ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған.

Қоғам • 10 Қараша, 2025

Pul.vc венчурлік платформасын ойлап тапқан жас кәсіпкер Президентке алғыс айтты

Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін алғыс білдірді. Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек • 08 Қараша, 2025

Көмір кенін жандандырған іскер жан

Алматы облысындағы іскер әйелдердің көшін бастаушы, «Amanat» партиясы әйелдер қанатының мүшесі Ләззат Ботабекованың Райымбек ауданындағы кен орнын қайта жандандырып, аймақ халқын сапалы отынмен қамтамасыз етіп келе жатқанына ширек ғасыр болды. Бүгінде кәсіпорын жылына 40 мың тоннаға дейін көмір өндіріп, өңірді негізгі отын көзімен қамтып отыр.

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Алматы облысының Райымбек ауданында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Сабан Fest – 2025» атты еңбек мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен үздіктердің еңбегі дәріптеліп, құрмет көрсетілді.

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Алматы облысында кәсіп­керлікті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Өңірде 140 мыңға жуық белсенді шағын және орта бизнес субъектілері бар. Кәсіпорындар облыс­тың 250 мыңға таяу тұрғынын тұрақты жұ­мыспен қамтамасыз етіп отыр. Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағыт­талған бағдар­ламалар мен қолдау шаралары жүзеге асып келеді. Оның игілігін жергілікті кәсіп иелері көріп, өндірісін дамытып келеді.

Мектеп • 06 Қараша, 2025

Алматы облысында балаларды мектепке тасымалдау мәселесі қалай шешімін тапты?

Жамбыл ауданында барлығы 65 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 51-і – орта, 6-ы – негізгі және 8-і – бастауыш мектеп. Аудан аумағының кеңдігі мен кейбір ауылдардың шалғай орналасуын ескере отырып, орта мектебі жоқ елді мекендердің оқушылары көрші ауылдарға жеткізіледі.

Ұстаз • 06 Қараша, 2025

Ұшқыр ойлы мұғалім

Кеген ауылындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназияның дарынды ұстазы Нұрбек Досымханов «Жылдың үздік мұғалімі – 2025» облыстық байқауында әріптестерінен оқ бойы озып, бас жүлде – автокөліктің кілтін иеленді. Бұл мектеп ұжымы үшін зор жетістік, үлкен қуанышқа айналды.

Маман • 04 Қараша, 2025

Құрметке лайық құрылысшы

Облыс орталығы Қонаев қаласының ажарын ашып, келбетін келістіруге қалыпты үлес қосып жүрген құрылысшылардың бірі – Қанат Ақылбеков. Аптал азаматтың құрылыс саласында еңбек етіп келе жатқанына жеті жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында мамандығына деген қызығушылығы артпаса, кеміген емес.

Мәселе • 04 Қараша, 2025

Жол сапасы – туризмді дамыту тетігі

Аспантау аясының көркем табиғатын тамашалауға жыл сайын мыңдаған турист жолға шығады. Даңқы әлемге жайылған көрікті Көлсай, Қайыңды көлдері, шұғылалы Шарын шатқалдарына жыл он екі ай келушілер толастамайды.