Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
554 материал табылды

Оқиға • 10 Шілде, 2025

Қарасай ауданында полиция әйелді ажалдан аман алып қалды

Абай ауылының 59 жастағы тұрғыны бір өлімнен аман қалды. Әйелдің аяғы тайып, Ақсай өзені ағып жатқан сайға құлап кеткен. Судың ағысы қатты және өзеннің шеті биік болғандықтан ол өз бетімен шыға алмаған. Көмек сұраған дауысты естіген азаматтар дереу полиция шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 10 Шілде, 2025

Екі гектар аумақ тазартылды

«Таза Қазақстан» жобасы, «Таза бейсенбі» эко­акциясы аясында «Amanat» партиясының мүше­лері Қарасай ауданындағы Шамалған өзенінің маңындағы аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық дең­гейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш пар­тия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

Жәдігер • 10 Шілде, 2025

Бердібек музейі жаңғырды

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының 2005 жылғы түлектері қазақ әдебиеті классигі атындағы музейдің ашылуына ұйытқы болды.

Оқиға • 09 Шілде, 2025

Қапшағайда әйел депутаттың көз алдында суға батып кетті

Алматы облысы, Қонаев қаласына қарасты Қапшағай су қоймасының жағажайында қайғылы жағдай орын алды. Оқиға кезінде жағажайда құтқарушылар да, бейнебақылау камералары да, медициналық пункт те болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 05 Шілде, 2025

«Oceanman» жарысы басталды

«Oceanman Kazakhstan – 2025» Қонаевтағы "Heaven Club" демалыс базасында басталды. Биылғы жылы жүзудің бес түрі бойынша әлемнің 18 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысуда, оның ішінде Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Латвия, Ұлыбритания, Испания, Малайзия, Германия және Венгрия елдері бар. Қапшағай көлі жағалауына жанкүйерлермен қоса 3 мыңнан астам адам жиналды, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 05 Шілде, 2025

Сәбилерге домбыра сыйлады

Алдымыздағы қос мереке – Домбыра және Астана күні қарсаңында Қарасай ауданында ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкер • 04 Шілде, 2025

Кәсіпкерлерге жағажайды күтіп ұстау міндеттелді

Жаз маусымында Қапшағай көліне шомылуға келетін туристер саны еселей түседі. Оларға сапалы қызмет көрсетуде кәсіпкерлерге қойылатын талап та жоғары. Мәселен, Қонаев қаласындағы №6 жағажайда 40 бизнес орны жалға берілген. Сенімгерлік басқарушы компания мен кәсіпкерлер арасында келісімшарт жасалып, олардың міндеттемелері айқындалған. Алайда, тұрғындар мен қала қонақтары тарапынан күтіп ұстау мен санитарлық жағдайға байланысты көптеген сұрақтар туындауда. Осыған байланысты қала әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 03 Шілде, 2025

Алматы облысында «Таза орта – саналы қоғам» акциясы өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысы Талғар ауданында  ұйымдастырылған экологиялық акцияның мақсаты –  қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және азаматтарды табиғатты қорғауға тарту, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Шілде, 2025

Жетпіс жыл жөндеу көрмеген

Бүгінде халық саны 40 мыңға жуықтайтын Шелек ауылында орналасқан, іргесі 1956 жылы қаланған №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмыс істеп келе жатқанына 70 жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында ағымдағы жөндеуден әрі аса алмаған ғимараттың әбден тозығы жеткен.

Қоғам • 02 Шілде, 2025

Баспанаға мұқтаж отбасылар қоныстойын тойлады

Халық саны еселеп өсіп отырған Қарасай ауданында баспанаға мұқтаж жандар аз емес. Десе де, баспана кезегінде тұрған азаматтарды тұрғынүймен қамтамасыз етуде ілгерлеушілік бар. Соның жарқын бір мысалы, алдағы Астана күніне орай бір топ тұрғын үйлі болып, қуанышқа кенелді. Жаңа пәтердің кілттері аудан әкімдігінде табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.