
Жәдігер • 22 Сәуір, 2025
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігінде астаудың алар орны айрықша. Қазақ шеберлері астауды көбінесе қайың, қарағаш, көктерек сияқты берік ағаштардан ойып жасаған. Ол – дөңгелек немесе ұзынша пішінді, шет жағы биіктеу, түбі жайпақ етіп жасалатын, ішіне көбінесе ет салынатын үлкен ыдыс. Көненің көзіне айналған бұл ыдыс бүгінде қайта жаңғырып, трендке айналған.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қапшағай су қоймасының жағажайы жаңартылды
Қапшағай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке еніп, балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға «КСЖ Freedom Life» АҚ қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Талхиз қалашығында фотокөрме ұйымдастырылды
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық Талғар қалажұртында «Тарихы терең Талхиз» атты ақпараттық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға музейтану саласының мамандары, тарихшы, археолог ғалымдар мен туристік агенттік өкілдері және Талғар қаласындағы №25 орта мектептің оқушылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Сәуір, 2025
Медициналық туризмнің жөні бөлек
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында былтыр 225 шетелдік азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алыпты. Бұл еліміздің медицинасына деген сенімнің жоғары екенін, мамандарымыздың біліктілігін көрсетеді.
Инвестиция • 15 Сәуір, 2025
Алматы облысының Қарасай ауданы инвесторлар үшін тартымды аймаққа айналып, ірі инвестициялық жобалар қарқынды іске асып жатыр.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Алматы облысында қазақ тілін үйрететін Telegram-бот іске қосылды
Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін «TilOquBot» атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды. Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 12 Сәуір, 2025
25 жылдық кепілмен салынған жол жағдайы сын көтермейді
Алматы облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жағдайы қоғам тарапынан жиі сынға ұшырап келеді. Жолдардың жарықтандырылмауы, қоршаудың болмауы, ескірген өткелдер мен күтімсіз учаскелер – мұның барлығы тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да кері әсер етуде.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2025
Іле ауданына қарасты Қараой ауылында құмай тазылар арасында «Асыл мұра – 2025» ашық облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 11 Сәуір, 2025
Дәулет Дәркембайұлы: Қолөнердің қашанда бәсі жоғары
Қазақ қолөнерінің хас шеберіне айналған әйгілі Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Шебердің кіндік қаны тамған Ақши ауылында орналасқан музейге әке аманатын арқалаған ұлы Дәулет Дәркембайұлы жетекшілік етіп, іске икемді жастарды шеберлікке баулып келеді. Жақында Ақши ауылына жол түсіп, қолөнер музейінің директоры Дәулет Шоқпаровпен өнер шаңырағының тыныс-тіршілігі жайында әңгімелескен едік.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Қонаевта әлеуметтік осал топтағы отбасыларға баспана берілді
Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.