
Әскер • 05 Мамыр, 2025
Отан қорғаушылар ант қабылдады
Бүгін Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызметке алғаш қадам басқан жас сарбаздар ант қабылдады.
Әдебиет • 03 Мамыр, 2025
Қарадала өңіріндегі Шонжы ауылында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев пен ұйғыр этносының талантты ақыны Илья Бахтияға (Молотов) арналған «Өлең мен достық – ескерткішке айналған рух» атты композициялық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Өнер • 03 Мамыр, 2025
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино залында өнер зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» атты танымдық дәріс-концерт өткізді. Онда әл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегінде айтқан уд, танбур, рабаб, шахруд, мизмар, тебильбаз, маазим, сурнай секілді аспаптар мен қазақтың соларға ұқсас қобыз, жетіген, сыбызғы, сырнай, дауылпазы және олардың пайда болу тарихы мен атауларының астары туралы кең көлемде әңгіме өрбіді.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Қонаев қаласында бірлік күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті
Қазақстан халқының бірлігі күніне және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Алматы облысында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды
Кез келген жетістік пен өркендеудің түп-тамырында – адал еңбек, маңдай тер мен қажымас қайрат жатыр. Ел еңсесін тіктеуде қарапайым еңбек адамдарының қосқан үлесі орасан. Биылғы жыл – еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жұмысшы мамандық иелерінің еңбегін бағалау мен олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ерекше кезең.
Энергетика • 25 Сәуір, 2025
Алматы облысында газдандырудың ауқымды бағдарламасы жалғасып жатыр. Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылында газ тарату желілерінің іске қосылуы тұрғындардың қуанышын еселеді. Инфрақұрылымдық жоба аясында мыңдаған адамдардың өмір сүру сапасы жақсаруда.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2025
Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда кейінгі жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпелілер қаласы» мен «Тамғалы тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерв қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.
«Таза Қазақстан» • 24 Сәуір, 2025
«Таза Қазақстан»: 10 мың түп шренк шыршасы егілді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кеген ауданындағы елдімекендерде тазалық, көгалдандыру, ағаш егу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма жүктеген еді. Президент тапсырмасына сәйкес Алматы қаласын транзиттік көліктерден босатып, айналып өту мақсатында 2 жыл бұрын ел тарихында тұңғыш рет инвесторлар көмегімен жоғары жылдамдықты Үлкен Алматы айналма автожолы іске қосылды.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Қарадала халқының негізгі кәсібі – өрік өсіру. Жер-Анаға жылу бойлаған сәуір айының орта шеніне таман бүр жарып, айналаға айырықша көрік беретін өрік ағаштарынан мол өнім алудың қам-қарекетіне шаруалар білек түре кірісіп кеткен. Талайларды тамсантқан сары өрікті бұл өңірдің бренді деуге болады. Жыл сайын 500-ден аса шаруа қожалығы өсірген мыңдаған тонна өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп, алыс-жақын шетелге де жөнелтіледі.