Аймақтар • 12 Қазан, 2025
Тереңқара өзенінің бойындағы жерлер рекультивацияланады: іс сотқа жолданды
Алматы облысының Іле ауданындағы Тереңқара өзенінің арнасына құрылыс және тұрмыстық қалдықтар төгілу фактілері анықталды. Бұл жағдай жергілікті билік назарынан тыс қалмады. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі заң бұзушылықты жою және жерді қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша материалдарды сотқа жолдауға дайындық жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 12 Қазан, 2025
Мың түйелі керуен: Қазақстанның жаңа рекорды Гиннес кітабына тіркелді
Алматы облысында мың түйеден құралған керуен ресми түрде Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы шара барысында кітап өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қазан, 2025
Қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық нысан пайдалануға берілді
Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қазан, 2025
Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында еңселі стэлла орнатылды
Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, Халық қаһарманы, әйгілі композитор, күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің кіндікқаны тамған ауылында демеушілердің қолдауымен еңселі стэлла бой көтерді. Архитектуралық тұрғыдан ерекше пішінге ие бұл ескерткіште қазақтың қасиетті домбырасы мен сұлулықтың символы саналатын қос аққу бейнеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 10 Қазан, 2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Шаруашылық • 09 Қазан, 2025
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сортының бәсі артады. Бұл туралы дәстүрлі «Бақ күні» форумында айтылды. Жері құнарлы Алматы облысында бүгінде аттестатталған 4 тәлімбақ жұмыс істейді. 772 шаруашылық жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. 7 кәсіпорын жемістерді өңдейді. Сондай-ақ сыйымдылығы 48 мың тонна болатын 30 сақтау қоймасы бар.
Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Жамбыл аудандық мәдениет үйінде халқымыздың рухани қазынасын 500-ден астам музыкалық туындымен байытқан ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына орай «Ұлы даланың Нұрғисасы» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Шешенсөз иелері өзара сынға түсті. Бәсекелі айтыста «Хабар» агенттігінің жүргізушісі Мейірбек Сұлтанхан қарсыластарына дес бермеді. Ол алдымен қырғыздың айтыскер ақынынан басым түссе, ақтық сайыста Аспанбек Шұғатаевты шаң қаптырып, бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды тақымдады.
Білім • 05 Қазан, 2025
Робототехниканы дамытқан жаңашыл ұстаз
Алматы облысының мектептерінде заманауи білім беру әдістері сәтті жүзеге асырылуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – педагог Даулешьяр Бақытәлінің еңбегі. Ол арнайы жабдықтары жоқ мектепте өз күшімен робототехника кабинетін ашып, оқушыларды ғылымға баулыды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 05 Қазан, 2025
Құрылыс сапасына назар аударды
Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 04 Қазан, 2025
Біртуар күйші-композитор, дирижер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай, Өтеген батыр ауылында еңселі ескерткіш бой көтеріп, тұлға атында жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды.