Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
638 материал табылды

Көрме • 01 Наурыз, 2025

Көптің көзайымына айналған көрме

Қарадала өңірінде ауыл шаруашылығы кең етек алған. Еңбекқор шаруалардың маңдай терімен өсірілген өнімдерді елге таныту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында жуырда Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ауданның танымал әрі тә­жірибелі кәсіпкерлері мен шаруашылық иелері қатысты. Олар тауық еті, сүт өнім­дері, бал, жеміс-жидек, қолөнер бұйымдары, басқа да өнім түрлерін ұсынды.

Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Алматы облысында бір айда үш барымташылар тобы ұсталды

Осы жылдың ақпан айында ғана Алматы облысының полицейлері бірнеше мал ұрлығына қатысы бар үш қылмыстық топты ұстады. Жедел шаралардың нәтижесінде 10 адам анықталып, олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2025

Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымының өсуіне мүдделі

Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Жеңішбек Асанқұловпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 25 Ақпан, 2025

Ерекше балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды

Иппотерапия орталығы Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан. Бұл орталықтың ашылуы – мүгедектігі бар балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, психологиялық тұрғыда қолдауға және әлеуметтік тұрғыдан белсенді болуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұлға • 22 Ақпан, 2025

Қазақ даласын күйімен тербеген

Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанын 100 жыл. Осыған орай Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыр­тойына арналған салтанатты іс-шара бастау алды.

Экология • 21 Ақпан, 2025

Экоакция аясында 6 тонна қоқыс шығарылды

Елімізде кең етек алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезінде Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының тұрғындары көше бойын тазартуға бір кісідей атсалысты.

Тағзым • 20 Ақпан, 2025

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бастау алды

Биыл Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Осыған орай, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыртойына арналған салтанатты шара шымылдық ашты.

Қоғам • 20 Ақпан, 2025

Балықшылар бәсекесі

Алматы облыстық балық аулау федерациясы Қонаев қаласы әкімдігімен бірлесіп, Қапшағай суқоймасында балық аулаудан ашық біріншілік ұйымдастырды.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2025

Алматы облысы Қытаймен ынтымақтастықты нығайтып келеді

Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь арасында кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Театр • 18 Ақпан, 2025

«Қарасай жастары» жарап тұр

Халықтық өнердің өрісін кеңейтіп, жұлдызын жарқы­ра­тып жүрген ұжым­ның бірі – «Қарасай жас­тары» театры десек, артық айтқандық емес. Атауы айтып тұрғандай құрамы өнер десе ішкен асын жерге қоя­тын та­лантты жастардан тұратын театр ұжымы әуел бастан нық тұ­рып, сахналық қойылымдары көрермен жүрегінен жылы орын алады.