Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
663 материал табылды

Қоғам • 16 Қараша, 2024

«Жасырын» патрульдеу апатты азайта ма?

Жол-көлік оқиғалары – еліміздегі адам өліміне себеп болатын басты факторлардың бірі. Соның ішінде балалар арасында өлім-жітімнің көбі жол апатынан болады екен. Бұл – Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегі. Оның алдын алу үшін қандай шара қабылданып жатыр? Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен мағлұмат алдық.

Қоғам • 14 Қараша, 2024

Қайырымдылық – қанда бар қасиет

Адал еңбек етіп, маңдай термен тапқан малдан асқан қайыр мен береке жоқ. Он екі мүшесі сау бола тұра, өзгеден бір нәрсе дәметіп сұрауды әдетке айналдыру не пай­­даны көздеп, тіленші болу адамды кедейліктен құт­қармайды, керісінше, масылдық өмір салтына ұрындырады. Демек тұр­мысы төмен, бірақ аяқ-қолы бүтін адамдарға тегін дүние бергеннен гөрі, оның еңбек етуіне жағ­дай жасау, қолғабыс қылу, балық орнына қар­мақ беру – ең дұрыс шешім.

Дін • 13 Қараша, 2024

Дін тақырыбына дегдарлық керек

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Munara» республикалық рухани-танымдық газетінің 5 жылдығына арналған «Діни журналистика және қазіргі қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Айбын • 13 Қараша, 2024

Қорғаныс саласындағы цифрлық трансформация

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыруды ел экономикасы дамуының негізгі тетіктерінің бірі ретінде айтып келеді. Бұл қоғамның барлық саласына кеңінен дендеп енуге тиіс. Бұдан әскери сала да тыс емес.

Құқық • 12 Қараша, 2024

Парақорлар сотталып жатыр...

Бұрын қазақ жұтты жеті ағайынды дейтін. Ал қазір одан да өткен сорақы «жұттың» дәурені жүріп тұр. Ол – жем­қор­лық дейтін жегіқұрт. Құқық қорғау органдары тарапы­нан оған қарсы түрлі шара қабылданып жатқанына қара­мас­тан, қоғам өмірінен әлі де жойылмай тұрғанына қарап, жем­қорлық та жеті ағайынды-ау деген ойға қаласың.

Digital • 09 Қараша, 2024

«Цифрлық көшпелілер» және жаһандық тартылыс орталығы

Астанада әлемге әйгілі ғалым, геосаясаткер, футуролог Параг Ханнаның қатысуымен «Геосаяси шиеленіс және климат өзгерістері дәуіріндегі жаңа Жібек жолдары» тақырыбында public talk өтті. Іс-шараны Qalam.global мультимедиялық жобасы Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің қолдауымен ұйымдастырды.

Тарих • 09 Қараша, 2024

Мемлекеттілігіміз 890 жылы араб картасында «әл-Қазақия» деп көрсетілген

Шынайы тарихты қа­лып­­тастыратын сенімді негіз – картография ғылымы. Соның ішінде көне заманнан жеткен карталар – өткеннің дереккөзі іспеттес. Бұлар – мемлекеттердің, халық­тардың, жер-су атауларының тарихын зерттеп-зерделеуде таптырмас құрал. Елімізге белгілі ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров біраз жылдан бері осы салаға айрықша ден қойып, шетел архив­терінде сақталған көне кар­талар арқылы қазақ мем­лекеттілігінің тарихын айқындап жүр. Таяуда ол осыдан 12 ғасыр бұрынғы араб картасынан мемлекеттілігіміздің бастауына қатысты тың дерек тапты. Бұның құндылығы – 890 жылы араб картографтары жерімізді «Қазақия» деп айқын жазғандығында. Біз осы өзекті ғылыми мәселе төңірегінде Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлымен сұхбаттасқан едік. 

Үкімет • 08 Қараша, 2024

Сот жүйесін реформалау – уақыт талабы

Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды. Сондай-ақ депутаттар бастамашы болған сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы заң қаралды.

Айбын • 08 Қараша, 2024

Патриоттар даярлайтын орда

Астанадағы Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Саға­дат Нұрмағамбетов атындағы әс­ке­ри колледждің құрылғанына 25 жыл то­­луы­на орай іс-шара өтті. Әскери оқу­ орнының тәрбиеленушілері мен педа­гог­терін құттықтауға Қорғаныс ми­нистрлігінің, ведомствоның құрылым­дық бөлімшелерінің, әскери прокуратура­ның,­ әскери оқу орындарының өкілдері келді.

Таным • 08 Қараша, 2024

Науру синдромы

Тынық мұхитының қақ ортасында Науру деп аталатын шағын ғана арал-мемлекет бар. Жер көлемі – бар-жоғы 21,3 шаршы шақырым, бұл шамамен Қосшы қаласының ауданымен тең (24,1 шаршы шақырым). Халқының саны – 11 мың адам. Көпшілігі ағылшын тілімен қоса, науру тілінде сөйлейді. Өткен ғасырдың 70-80-жылдары әлемнің ең бай мемлекетіне айналған Науру – қазір дүниедегі ең кедей елдің бірі. Сырттан көмек тоқтаса, мемлекет ретінде жойылып кету алдында тұр.