
Пікір • 11 Сәуір, 2024
Біраз уақыт бұрын Дінмұхамед Қонаевтың «Сталиннен Горбачевке дейін» атты кітабын оқып отырып, мына бір қызықты дерекке кезіктім. Тасқын суды тоқтататын «қарабура» әдісі жайында жазыпты. Көп адам біле бермейтін бұл әдіс шын мәнінде назар аударарлық.
Айбын • 09 Сәуір, 2024
1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы Пшихарв шатқалында болған шайқас 17 қазақ сарбазының өмірін жалмады. Бауырлас елдің шекарасын күзеткен өрімдей жас жауынгерлер ауған тарапынан келетін қауіп-қатердің бетін қайтарып, заңсыз сауда-саттықтың жолын кесу мақсатында әскерге аттанған болатын.
Дін • 05 Сәуір, 2024
Ислам дінінде қасиетті күндермен қатар өзге мезгілдерден ерекшеленіп тұратын атаулы төрт түн бар. Олар – Рағайып, Миғраж, Барағат, Қадір түндері. Бүгінде біз қасиетті Рамазан айының соңғы онкүндігін өткізіп жатырмыз. Ғалымдардың пікірінше, Қадір түні осы онкүндіктің ішіндегі тақ түндердің біріне сәйкес келеді.
Байқау • 03 Сәуір, 2024
Елордада XV Ұлттық Дельфий ойындарына қатысуға Көкшетау қаласында өтетін іріктеу турының келесі кезеңіне шыққан номинанттар анықталды.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Қарияларға қамқор болған орталық
Қазақта «Бейнеттің зейнетін көр» деген жақсы тілек бар. Саналы ғұмырын елге, қоғамға арнап, бала-шаға өсіріп, құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлер – әулетінің ортасында қарттықтың қызығын көріп отырған, бұрынғыдай жағадан алған жұмысы жоқ, тасып жатқан тірлігі жоқ, жайбарақат тіршілік кешкен жандар. Алайда барлығы бірдей олай емес. Кейбір адамдар үшін зейнеткерлік демалыс «жалғыздық» деген трагедияға ұласатын көрінеді...
Мәселе • 29 Наурыз, 2024
«ЕКІ ТҮЙЕ СҮЙКЕНСЕ...» немесе апатты су бөгетінің тағдыры алаңдатады
«Су – ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі» дейді ата-баба даналығы. Дегенмен сол ағыл-тегіл ырыстың да түгесілер күні болуы мүмкін екенін «Судың да сұрауы бар» деп ескертіп кеткен.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Пластик ойыншықтар несімен қауіпті?
Бүгінде тұрмыста қолданатын заттар, соның ішінде балаларға арналған ойыншықтар да негізінен пластиктен жасалады. Айта кетейік, пластик пен пластмасса – бір материал. Кеңес заманында пластик сөзі (ағылшынша – plastic) аз қолданғандықтан пластмасса сөзі жиі пайдаланылды.
Сұхбат • 21 Наурыз, 2024
Әли Әкбар Талеби МАТИН: Наурыз – Қазақстан мен Иран арасындағы алтын көпір
Наурыз мерекесінің шығу төркіні иран халқымен байланыстырылады. Өйткені атауының өзі «жаңа күн» деген мағынаны беретін парсы сөзі. Ислам діні келмей тұрып бұл күн иран және түркі тектес халықтар мекен ететін өңірлерде кеңінен тойланған. Мұсылмандықты қабылдағаннан кейін де исламмен бірге жасасып, Ұлыстың ұлы күні ретінде сан ғасырлық тарих сүзгісінен өтті. Осы орайда біз Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Әкбар Талеби МАТИН мырзамен арнайы кездесіп, бұл мерекенің Иран еліндегі тойлану ерекшеліктері мен тарихын сұрап білдік.
Сенат • 15 Наурыз, 2024
Қолжетімді медицина – қоғам сұранысы
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Көрісу күні: Қырдағы ел ойдағы елмен араласып...
Мемлекет басшысы елдің жаңаруы аясында Наурыз мерекесінің форматын өзгерту қажеттігін көтергені мәлім. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы» деген еді.