Өндіріс • 01 Тамыз, 2025
КІА зауыты жылына 70 мың автокөлік шығарады
Қостанайдағы КІА зауытының құрылысы таяуда толық аяқталады. Қазірдің өзінде өндіріс құрылғыларының дені орнында, желілер жұмыс істеп тұр. Желіден жаңа шыққан жиырма шақты көлікті шетелдік мамандар зертханада жан-жақты тексеріп, сынақтан өткізеді. Бәрі ойдағыдай болып жатса, КІА қазан айында толық өндірісін бастайды.
Баға • 31 Шілде, 2025
Ақылы жол азық-түлік бағасына әсер ете ме?
Өңірде ақылы жол әлеуметтік маңызы бар тауардың өзіндік құнына қалай ықпал етеді деген мәселені зерттейтін қанатқақты жоба бастау алды. Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, мұндай мониторинг өткізуге бизнес өкілдері тарапынан келіп түсіп жатқан шағымның жиілеп кетуі түрткі болған. Құзырлы орынға биылдың өзінде 15-ке жуық кәсіпорын шағымданыпты.
Тағзым • 31 Шілде, 2025
Қостанайдағы Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназияда көрнекті ақынға арналған мемориалдық тақта орнатылды. Іс-шара барысында ақын, драматург Ақылбек Шаяхмет Сырағаңның Қостанайда қызмет еткен кезеңдерінен сыр шертсе, ақынның ұлы, заң ғылымдарының докторы Қасым Сырбайұлы мектеп ұжымына, шәкірттерге табыс тілеп, ризашылық білдірді.
Өндіріс • 29 Шілде, 2025
Жергілікті өнімге сұраныс жоғары
Өңірде өнімін алаулатып-жалаулатып жарнамаламай-ақ, байыпты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар баршылық. Өйткені мұндай өндіріс орындарынан шығатын өнімге деген сұраныс қашанда жоғары. Мысалы, Қостанай агромеханикалық зауыты топырақ өңдеу, тұқым, астық, шөп тасу жұмыстарында жүрген техникаға қажет аспалы және тіркемелі агрегаттар мен олардың ұсақ бөлшектерін шығарады.
Жоба • 26 Шілде, 2025
Көлік-логистика саласындағы іргелі жоба
Қостанайда ірі инфрақұрылымдық жобаның бірі – «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы басталды. Өңір өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында қолға алынған халықаралық хаб қала аумағында орналасады, сондай-ақ келешекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген транзиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі торабына айналмақ.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Арқалық қаласының тұрғыны Махамбет Иманқұл өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына гүл өсіріп, ала жаздай күтіп, баптап ұстап отыр. Күнара арамшөбін жұлып, суарып тұрады.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Торғайда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» атты этно-реалити жобасы аясындағы жарыстар өтті.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бес өңірінде орналасқан бұрынғы Президент резиденциясы бұдан былай балалардың игілігіне қызмет ету керегін қадап тапсырған еді. Қостанай облысындағы резиденция биыл күзге дейін толық жөндеуден өтіп, жүйке дертіне шалдыққан, қимыл-қозғалысында кінәраты бар балаларды емдеу, өмірге бейімдеу орталығы болып қайта ашылады.
Өшпес даңқ • 04 Шілде, 2025
Соғыс жылдары тылдағы тіршіліктің бар ауыртпалығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Ер-азаматын, әкесін, ағасын майданға шығарып салған аналар, қыз-келіншектер, шиеттей бала-шаға ауыр еңбекке араласып станокта тұрды, оқ-дәрі шығарды, комбайн-тракторға мініп жер жыртты, егін орып, масақ терді, жер астына түсіп көмір қазды, кен өндірді.
Жәдігер • 12 Маусым, 2025
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған әдеби мұражайда Алаштың алдаспаны Міржақыпқа қатысты бірталай дүние сақтаулы тұр.