
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023
Жаңа инвестор иелігіндегі «Qarmet»
«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны енді отандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясына тиесілі. Кәсіпкер Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен аталған кәсіпорынның активтерін сатып алу туралы келісім жасасты. Келісімшарт бойынша QSG активтерді 286 млн АҚШ долларына сатып алды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Qarmet-тің жаңа инвесторы Андрей Лаврентьевті еңбек ұжымына таныстырды.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
4 қараша күні Абай ауданының Топар полиция бөліміне «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 967-шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторы Руслан Ілиясов апатқа ұшыраған көліктің иесі Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтап, көмек қолын созады.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев халықпен кездесті. Басқарма мен сала басшылары да осы жерден табылды. 6,5 сағатқа созылған бұл жиынды бұған дейін барлық аудан, қалада өткен 25 кездесудің қорытындысы деуге болады. Сөйтіп, уақыт ұзақтығы бойынша рекордтық көрсеткішке ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесуі туралы арнайы Жарлығында жазылғандай, халық талап етті, әкім уақытпен санаспады, тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуге 151 тұрғын келсе, оның 89-ы облыс әкімінің өзіне жүгінді.
Мәдениет • 22 Қараша, 2023
Кеншілер мәдениет сарайында қазақ классикалық әнінің өкілі, республикалық байқаулардың лауреаты Ришат Шәбденовтің «Халқымның қалықтатсам ән мұрасын...» атты ән кеші өтті. Ришат шынымен де халық әнінің Арқадағы үлкен өкіліне айналған өнер иесі. Сонымен бекзада өнерді тамашалауға келген талғампаз тыңдарманның қарасы қалың болды. Осыдан-ақ, кештің келісті өтетінін аңғарғанбыз. Онымен қоса, қазақ әнінің жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев кешке құрметті қонақ ретінде қатысты.
Өнер • 22 Қараша, 2023
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков 75 жасын сахна төрінде қарсы алды. Сәкен театрында белорус драматургі Алексей Дудараевтың «Кеш» қойылымын сахналады.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Таяуда Теміртаудағы «Экспресс» базарында шағын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Онда Бұқар жырау, Осакаров аудандарының шаруашылықтары әкелген мал мен құс, бау-бақша өнімдері қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға саудаланды. Осылайша, қысқы азығын қамдап алған қала жұрты шағын жәрмеңкенің шарапатын сезінді.
Өнер • 20 Қараша, 2023
Ән өнерінің Толағайына айналған Илья Жақанов Арқаға келді. «Шалқыма» концерт залында өткен «Толағай» атты шығармашылық кешінде сазгердің әндері шарықтады.
Айтыс • 14 Қараша, 2023
«Алтын домбыралы» ақын 3 бөлмелі пәтерге ие болды
«Алтын домбыралы» ақын Мақсат Ақановты жерлестері Қарағандының қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды. Гүл-шоқтарын ұсынып, құрмет көрсетті. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жыр дүлдүлін қабылдап, 3 бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.
Энергетика • 09 Қараша, 2023
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Сол себепті де энергетика саласындағы жұмысты жетілдіру Мемлекет басшысының тікелей назарындағы мәселе. Күннен қуат алатын энергия көздері бойынша аймағымыз республикадағы көшбасшы өңірге айналды. Жақында Қарағанды облысы тағы бір «жасыл» нысанмен толықты. Балқаш қаласының Қоңырат шағын ауданына жақын орналасқан өнеркәсіптік алаңда «СЭС 4,77 мвт» күн электр стансасы іске қосылды.
Форум • 09 Қараша, 2023
«RoboLand 2023»: Оқушылардың ой жарысы
Қарағандыда «RoboLand 2023» VIII ауқымды форумы биыл сегізінші мәрте өтті. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузиядан өрен жүйріктер келді. Фестивальдың финалының өзіне 300-ге жуық команда қатысып, жеңіс жерлестеріміздің еншісінде қалды.