
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл елімізде егіс және егін жинау жұмыстарына 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаржы бөлінді. Бұған қоса ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома да бес есе ұлғайтылды. Біздің аймақтың егіс алқабындағы жұмыстар да бірер күнде саябырсығалы тұр.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Президент Теміртау қаласындағы «Qarmet» металлургиялық комбинатын аралап көріп, №3 домна пешінің жұмысымен танысты. Мұнда жылына 3,8 миллион тонна шойын өндіріледі.
Қоғам • 07 Тамыз, 2024
Қарағанды – Балқаш күре жолы күрсіндіріп тұр. Биыл бұл бағыттағы жол апатының көрсеткішінен жанымыз түршігеді. Жолдың ел аузындағы екінші атауы «Ажал тасжолы». Айдың-күннің аманында қаншама адам апаттан ажал құшып жатыр? Өте өкінішті…
Өндіріс • 27 Сәуір, 2024
Машина жасау зауыты сан түрлі өнім шығарады
Еліміздегі экономиканың ең негізгі тірегі болатын отандық өндіріске көп көңіл бөлініп жүр. Әсіресе мұндай қолдау сезінген машина жасаушылар өз өнімдерін шетелге де экспорттай бастады. Отандық машина жасаушылар ортасынан ойып тұрып орын алған «Қазақмыс» корпорациясы құрамындағы «Maker» ЖШС-KLMZ тауары «Қарағандыда жасалған» деген таңбамен тарап жатыр.
Шаруашылық • 05 Сәуір, 2024
Өткен жылға шаруалардың өкпесі бар. Жылда қамбаларын астыққа толтыратын оларға былтыр кедергі көп болды. Жауын-шашын мөлшерден көп жауды. Егінді киік таптады. Жердің тозғанына және қапалы. Несін жасырамыз, көп шаруа көлденең шығынға ұшырады.
Байқау • 03 Сәуір, 2024
Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде «RoboLand – 2024» IX Халықаралық роботтехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтті. Бұл жолғы өңірімізде өтіп жатқан өнертапқыштар сайысында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елінің өрендері бақ сынасты.
Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024
Қарағанды аймағына да қарғын судан қауіп төніп тұр. Еріген қар суының кесірінен бірнеше бағыттағы жол жабылғанына үш-төрт күн болды. Бірнеше ауылға су барды. Жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күні-түні қам-қарекет жасап жатыр.
Айтыс • 20 Наурыз, 2024
Дәстүрге айналған жыр жәрмеңкесі
Өткен демалыс күні Арқаның жас айтыскер ақындары С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрын дүбірге бөледі. «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық жас ақындар айтысында өрен жүйріктер ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Қарағанды қаласының 90 жылдығын жырларына қосты.
Мереке • 17 Наурыз, 2024
Қарағандыда тұңғыш рет Амал күні тойланды. Арқа мәдениетінің ақсарайы атанған Сәкен театрында ұйымдастырылған «Амал деген айыңыз…» атты өнер жәрмеңкесінде ел-жұрт есендік сұрасып, арқа-жарқа болды. Ұлттық құндылығымыз шеру тартқан көрме де, Көрісу күні көрініс тапқан театрландырылған қойылым да ерекше әсер сыйлады. Сәні мен салтанаты келіскен кештен көпшіліктің жаны жадырап, рухы аспандап тарқасты.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2024
«Туризм саласына тың серпін беру үшін алдымен инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Жалпы, туризмнің болашағы зор екеніне кәсіпкерлердің көзі жетуге тиіс», деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда биыл Балқашта жеті демалыс аймағы салынады. Бұған қарап біз туризмнің тамырына қан жүгірту үшін әлеуеттің де, әрекеттің де бар екеніне көз жеткізіп отырмыз.