
Талбесік • 24 Желтоқсан, 2024
Күзгі миграция кезінде Жайық өзенінің жағасына қонған аққуға ұқсас құс ұша алмай, қалып қойған. Қанатын қанша қомдаса да орнынан көтерілуге шамасы келмеген.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2024
Көктемде болған су тасқыны Атырау жұртына үлкен сынақ болғаны анық. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін сақтық шараларына ерте бастан қамдану керек екені де белгілі.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2024
Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын Ерсейіт Бралиннің алапат күші бар. Ол – осындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Салалық журналистикаға бетбұрыс бола ма
Салалық журналистиканың келешегі бар ма? Оны дамыту үшін не істеу қажет? Атырауда осындай сауалдар талқыланған республикалық семинар өтті. Семинар тақырыбы – «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері».
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024
Атыраудағы «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою бекетінде өлген сиырдан сібір жарасы табылды. Осыған байланысты 20 қарашада аталған нысан аумағында карантин енгізілді. Кейін карантин мерзімі 8 желтоқсанға дейін ұзартылды. Эпизоотиялық шараларды ұйымдастырушы жұмыс тобы құрылды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024
Кадрлық резервтің мүмкіндігі мол
Кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқан жастардың қатары көбейді. Бұған кадрлық резервті жасақтау ықпал етіп отыр.
Қоғам • 26 Қараша, 2024
Мұнайлы өңірде өмірге сәби әкелуді аңсаған ана көп. Биыл оларды қуанту үшін «Аңсаған сәби» бағдарламасымен экстракорпоральды ұрықтандыруға 231 квота бөлінген.
Аймақтар • 23 Қараша, 2024
Түлектерге – грант, дәрігерлерге – баспана
Атырауда 2017 жылдан бері мектеп бітірген түлектерге облыс әкімінің гранты беріліп келеді. Мақсат – кадр тапшылығын шешу. Биыл осындай тәсілмен жоғары білім алған 13 дәрігер жұмысқа орналасты.
Мәселе • 22 Қараша, 2024
Браконьерлерге бұғау болмай тұр
Еліміздің батысындағы су айдындарында браконьерлерге бұғау болмай тұр. Заңсыз әрекетке баратындар, әсіресе Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас бағалы балықты баудай түсіруге бейім.
Құрылыс • 21 Қараша, 2024
Жиырма мектептің құрылысы басталды
Атырау қаласындағы 337 балабақшаға 35 мың 437 бала барады. Жыл соңына дейін 610 орынға есептелген 4 жаңа балабақшаны ашу жоспарланып отыр.