Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
296 материал табылды

Банк • 07 Қазан, 2025

Банктер экономикаға қаржы құюға неге енжар?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда банктерге бос қаржы қаңтарылмай, ел ісіне жұмсалсын, өндіріс пен кәсіп өрісін кеңейтсін деп сәлем жолдады. Бірақ бүгінгі банктер­дің қалыбы бөлек. Нақты секторға несие беруден именеді. Халықаралық зерттеулерге үңілсек, бұл мәселе тіптен айқын көрінеді. Дүниежүзілік банктің зерттеуінде еліміз банк кредиті көлемі жағынан табысы ортадан төмен елдердің деңгейінде қалып отыр. Мәселен, Қытайда жеке сек­торға берілген несие ІЖӨ-нің 161%-ына тең, Малайзияда бұл көрсеткіш 120%-дан асады, Таиландта 116%-ды құрайды. Ал Қазақстан 178 елдің ішінде небәрі 116-орында тұр.

Қоғам • 07 Қазан, 2025

Кредит төлей алмасам, үйімді алып қоя ма?

Заңгер Рауан Есберген жауабы:  – Заңнамаға сәйкес, жалғыз бас­пананы ешкім тартып ала алмайды. Егер сіздің атыңызда бір үй ғана болса, ол сіздің және отбасыңыздың тұратын жалғыз баспанасы ретінде қорғауда тұрады. Сондықтан қа­рызды уақытында өтей алмасаңыз да, ол үйді тартып алу шарасы қол­данылмайды.

Экономика • 04 Қазан, 2025

«Достық – Мойынты»: Транзиттің маңызды тірегі

Еліміз 9 халықаралық теміржол торабы мен 8 автокөлік дәлізі тоғысында орналасқан. Біз арқылы Азия мен Еуропаның ең ірі нарықтарын жалғайтын негізгі бағыттар өтеді. Сондықтан да Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін мерзімінен бұрын іске қосты. Бұл ел тарихындағы ең ірі теміржол құрылысы болып отыр.

Форум • 04 Қазан, 2025

Еліміз энергетика көпіріне айналмақ

Премьер-министр Олжас Бектенов «Жаңа энергетикалық тәртіп: орта державаларға назар аудару» тақырыбын­да өткен Kazakhstan Energy Week-2025 / XVI Еуразиялық KAZENERGY форумының пленарлық отырысына қатысты.

Қоғам • 03 Қазан, 2025

Геология – тұрақты даму негізі

Астанада Халықаралық геологиялық кеңестің XXVIII сессиясы өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің делегация­лары қатысты. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сессия қаты­сушыларын құттықтап, геологияның елдің тұрақ­ты эко­но­микалық дамуының негізі екенін атап өтті.

Үкімет • 02 Қазан, 2025

Экономиканы цифрландыру міндеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда цифрландыруға баса мән берді. Оның ішінде экономиканы заман өрісінен қалыс қалдырмай, технология тетіктеріне ілестіру маңызды болып отыр.

Саясат • 01 Қазан, 2025

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов Минск қаласында Беларусь Президенті Александр Лукашенко өткізген кездесуге қатысты. Бұл жиында ТМД үкіметтері мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің басшылары да болды. Сонымен қатар Қазақстан Үкімет басшысы шағын және кеңейтілген құрамдағы Еуразиялық кеңестің отырысына да барды.

Экономика • 30 Қыркүйек, 2025

Апталық дайджест: Жаңа «валюта» – стейблкоин

Ұлттық банктің хабарлауынша, елімізде сынақ алаңы аясында теңгеге байланған алғашқы стей­блкоин іске қосылды. Жоба «Intebix» компаниясының бастамасымен жүзеге асты. Оған «Solana» блокчейн-платформасы, «Mastercard», «Еуразиялық банк» серіктес болды.

Өндіріс • 27 Қыркүйек, 2025

Машина жасау саласы: шикізат мәселесі шешімін таба ма?

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – машина жасаушы күні. Үкіметтің ресми дерегінше, биыл 6 айда машина жасау 11,1% өсім көрсетті. Өңдеуші өнер­кә­сіптегі үлесі 19%-ға жетті. Автомобиль жасау жалпы көлемнің 41%-ын құрап отыр. Қазір елде «JAC», «Chevrolet», «KIA», «Lada», «Jetour», «Hongqi», «Skoda», «Hyundai» және «Genesis» маркалары шығарылады. Биыл Алматыда мультибренд зауыты, Қостанайда «KIA» зауыты іске қосылмақ. «Changan», «Haval», «Chery» көліктері құрастырылып, өндіріс көлемі ұлғая түспек. Жыл соңы­на дейін 147 824 көлік шығару көзделген.

Саясат • 26 Қыркүйек, 2025

«Almaty Superski» – жаңа тыныс

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төраға­лығымен өткен «Kazakh Tourism Development Ltd.» компания­сының директорлар кеңесінде «Almaty Superski» жобасының жаңартылған жоспары мақұлданды.

Яндекс.Метрика