Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1205 материал табылды

Жәдігер • 16 Қаңтар, 2025

Каури моншағын білесіз бе?

Экватор бойындағы мұхит түбінде ғана кез­десетін каури моншақтары Берел мен Шілік­тідегі қазба жұ­мыстары кезінде табылғаны көпті таңғалдырған. Мың­даған шақырым қашықтықтағы мұхитта мекен ететін ұлу­дың бұл қабыршақтары қай­дан келді деген сауал ғалым­дар үшін тың сұрақ болған.

Көрме • 27 Желтоқсан, 2024

Салбурынды суреттен тамашалады

Жаңа жыл қарсаңында төрт жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Шығыс салбурыны» бүркітшілер сайысында түсірілген фотосуреттер іріктеліп, көрмеге қойылды. А.Пушкин атындағы кітапханада тұ­сауы кесілген көрме бір ай бойы өнерсүйер қауымды қуан­тады.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024

Тәжірибені шыңдайтын шеберхана

Жуықта Д.Серікбаев атындағы университетте ашылған Лу Бань шеберханасына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде заманауи шеберхана толайым табыстарға жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Қазақстанның басқа аймақтарында да Лу Бань шеберханаларын ашу туралы тапсырма берді.

Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2024

Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.

Жәдігер • 12 Желтоқсан, 2024

Қимақ жауынгері

Марқакөл мен Катонқарағай арасындағы тау биігіндегі кең жазықта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, VII-IX ғасырларға жататын жауынгерлер мен жылқылардың жерлеу орындары табылған. Кейіннен сол орыннан табылған қимақ жауынгерінің жаңғыртпасы жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне ұсынылды.

Экономика • 10 Желтоқсан, 2024

Жетістік те бар, күрмеулі мәселе де жоқ емес

Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірде атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Өндіріс • 06 Желтоқсан, 2024

Маралдыдағы алтын фабрикасы

Күршім ауданының Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасы іске қосылып, 300 жұмыс орны ашылды. Тұрғын­дардың алды жұмысқа орналасып та үлгерді. Соны­мен қатар кәсіпорын басшылығы тарапынан 200 отбасына ай сайын 170 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліп отырмақ.

Өнер • 06 Желтоқсан, 2024

«Шабыт» сыйлаған қойылым

Өскеменде құрылған «Шабыт» студенттер театры 10 жылдық мерейтойларына орай көрерменге «Ақ келін» спектаклін ұсынды. Күлдіре отырып ой салатын қойылымды университет студенттерімен қатар мәдениет саласының қызметкерлері де тамашалаған.

Құқық • 05 Желтоқсан, 2024

Мыңнан аса жүргізуші жауапқа тартылды

Алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендерге заң қатаң. Десе де, тәртіпке бағынбайтын, ішімдікке сылқия тойып, рульде ағындайтындар қатары азай­­май тұр. Айналдырған үш күннің ішінде облыс поли­цейлері 20-дан аса жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтаған.

Экология • 30 Қараша, 2024

Түтінге тұншыққан титан қала

Өндірісті қала Өскеменнің экологиялық жағдайы өзекті мәселеге айналғалы қашан? Қаладағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегид секілді зиянды қалдықтар жиі мөлшерден асып кетеді. Сол кезде тамағы ауырып, ауруханаға жүгінетіндер саны көбейеді. Қала ауасы зиянды қалдықтарға толған кезде айналаны тұман басып, көзге ештеңе көрінбей де қалады. Мұндай сәттің жиі болатынын тұрғындар жақсы біледі. Ондай кезде есік-терезесін қымтап жауып, далаға көп шықпауға тырысады. Ал кейінгі күндері ауаның ластануы тіпті қатты сезіліп, тамағы ауырғандардың ауруханаға баруы жиілеп кеткен.