Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Зайсанның көкжиегін көмкерген Шілікті жазығы – ежелден қасиетті мекен. Бүгінде сол кең жазирада тарихтың тамырына терең бойлайтын тағылымды іс-шара өтті. Сақ патшасына арналған еңселі белгітас бой көтеріп, елдің мерейі өсті.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Кейінгі жылдары ауылдарда аттың орнына мотоцикл тізгіндейтін болды. Қойға да, ойға да қолайлы. Бағасы қолжетімді. Бүйірінен бір теуіп, міне салатын көлікті халық әуелде ауызекі тілде «мотцик» деп атаса, кейіннен «мотақан» деп еркелетіп алды. Бертін қала көшелерінде мотоциклдің жеңіл түрі – электрскутер тізгіндеген жасөспірімдер көбейді. Жоғары жылдамдықты «мотақан» мінген «ботақандардың» қауіпсіздігіне кім жауап берер екен деген алаңдаушылық басым. Президент те Жолдауында осы мәселеге баса назар аудару керектігін айтты.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
113 мың түп Сібір шыршасы егілді
Шығыс Қазақстан облысында ауқымды экологиялық акция өтті. Негізгі іс-шара Өскеменнің Шмелов Лог ауылы маңында ұйымдастырылды.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2025
Табиғатпен біте қайнасқан отбасы
Табиғатты аялау – ұрпаққа аманат. Осы ұлы ұстанымды өмірлік мұрат еткен Жақыповтар әулеті бүгінде Марқакөлдің маңын мекендеген жұртқа еңбегімен де, бірлігімен де үлгі болып отыр. Үлгілі отбасы күні кеше облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Салт-дәстүрді насихаттайтын орталық
Бұл күні Өскемендегі өнер музейінде әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізден көріністер қойылып, руханиятқа толы үлкен іс-шара болды. Сонау Шымкент қаласынан келген «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» ұжымы қала төрінде салтымыздың сан түрін сахналады.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Түстігін Тарбағатай жоталары қапталдаса, солтүстігінен жалман жортқан Маңырақ тауы менмұндалайды. Күншығысында ұшар басын мәңгі мұз басқан Сауыр шыңы жатыр. Сақ бабамыздың ізі қалған осынау құдіретті де қасиетті мекен әлімсақтан Шілікті деп аталған. Алтын адамның табылғаны да – дәл осы шежірелі жер. Ендеше, тарих таңбаланған төңірекке неге музей салып, әмбеге әйгілемеске? Бұл туралы қоғам белсенділері ұсыныс тастаған.
Білім • 10 Қыркүйек, 2025
Елеулі өзгеріс – озық технология
Жаңа оқу жылы Шығыс Қазақстан облысында елеулі өзгерістермен басталды. Өңірде заманауи білім инфрақұрылымын қалыптастыруға қарқынды инвестиция жасалып жатыр. Жаңа мектептер салынып, цифрлық технологиялар енгізілді. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек мәлімдеді.
Мектеп • 04 Қыркүйек, 2025
Заманауи мектеп – өркениет нышаны
Жаңа оқу жылында Шығыс Қазақстан облысында білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи мектептер пайдалануға берілді. Биылғы оқу жылында облыстың 347 мектебінде 99 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде алғаш рет мектеп табалдырығын 9 729 балдырған аттаған.
Мирас • 30 Тамыз, 2025
Ата заңымыздың мерекесі қарсаңында Өскеменнің іргесіндегі алаңқайда ата салтты ұлықтайтындай дүбірлі сайыс өтті. Кешегі бабаларымыз саятшылық құрып, ит жүгірткенін білеміз. Сонау дәстүрді жалғастыруды мақсат еткен жарыста тазылар шырғаға түсті.
Digital • 29 Тамыз, 2025
Шығыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салаларды цифрландыруға байланысты тапсырмасын жүзеге асыруда айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері сабаққа оңай дайындалып, ата-аналар балаларын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Сол сияқты цифрлану дәрігерлердің де қолын ұзартқан. Сонау шалғайдағы науқастың жағдайын цифрлық құжаттар арқылы орталықта отырған білікті маман біліп, ем-домын жасау мүмкіндігіне ие.