
Саясат • 08 Шілде, 2025
БРИКС-ті қолдайтын елдерге қосымша 10% тариф енгізіледі
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп БРИКС ұйымының бағытын қолдайтын елдерге қатысты сауда саясатын қатаңдататынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social платформасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Cу желілерін жаңартуға 21,5 млрд теңге бөлінді
Елге қайтарылған заңсыз активтер қаражаты халық игілігіне жұмсалып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақмола өңірінде бұл қаражат су құбыры жүйелерін жаңартуға бағытталды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Шілде, 2025
17,5 млн долларлық есірткі зертханасы әшкереленді
ІІМ арнайы операциясының нәтижесінде Қарасай ауданынан ірі көлемдегі синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан жасырын зертхана табылып, жұмысын тоқтатты. Заңсыз айналымнан миллиондаған долларға бағаланатын есірткі заттары тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2025
Алматы – Саратов бағытына жаңа вагондар қосылды
Алматыдан Ресейдің Саратов қаласына қатынайтын бағытта жаңа, заманауи жолаушылар вагондары жолға шықты. Бұл – жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және теміржол инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы нақты қадам, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 04 Шілде, 2025
Балмұздақ та – бәсекеге қабілетті өнім
Соңғы жылдары отандық тағам өндірісі ішкі сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да жол тауып келеді. Солардың бірі – көпшілікке күнделікті тұтынуға арналған балмұздақ өнімі. Жаз маусымында сұраныс арта түсетін бұл тәтті тағам бүгінде шетелдік тұтынушылардың да талғамына сай келіп жүр.
Экономика • 04 Шілде, 2025
Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды
Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүшеелдердің мемлекет басшылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Шілде, 2025
Азия додасында жеңіске жеткен каратэшілер сыйақы алды
Биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында Ұлттық құрама каратэшілері 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алып, тарихи жетістік көрсеткені мәлім. Сол Азия додасында жеңіске жеткендерге Қазақстан каратэ федерациясының президенті Евгений Пактың шешімімен арнайы сыйақы табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Депутаттар Түркістан облысының шаруаларымен жүздесті
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев бүгін Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Көкшетауда салынып жатқан оңалту орталығына барды
Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған 150 орындық заманауи оңалту орталығы салынып жатыр. «Сарыарқа» шағынауданында орналасқан, жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асатын орталыққа бүгін құрылыс барысын бақылау үшін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Наталья Дементьева барды, деп жазады Egemen.kz.