Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Той қонақтарының санына шектеу қойылды
Өзбекстанда үйлену тойлары, ас беру рәсімдері және басқа да отбасылық шараларға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салынды. Бұл талап 2025 жылғы 16 қыркүйекте министрлер кабинеті бекіткен «Рационалды тұтыну» бағдарламасында көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 24 Қыркүйек, 2025
Теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды
Ұлттық банк сынақ алаңы аясында теңгеге тіркелген алғашқы стейблкоинді шығарды. Жоба Intebix биржасы, Solana блокчейн-платформасы, Mastercard және Еуразиялық банктің серіктестігімен жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 23 Қыркүйек, 2025
Шардарада заманауи мектепте ашық есік күні өтті
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Өтеғұл елді мекенінде орналасқан №3 жалпы білім беретін Келешек мектебінде ата-аналар үшін ашық есік күні өтті. Бір ауысымда 300 оқушыға арналған жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай салынған, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 23 Қыркүйек, 2025
Адам жанының көркем өнімі саналатын өнер атты құбылысқа заман ойшылдары әртүрлі анықтама берген. Аристотель үшін өнер – еліктеу болса, Толстойша, адам өмірінің қажетті шарты. Ал Қорқыт бабамыз ажалды өнер арқылы жеңуге талпынған. Не де болса өнердің өмірімізде алатын орны ерекше. Ол бұрын да солай болған, қазір де сол қалпынан ажыраған жоқ. «Қазір» дегеніңіз бір қолын өткенге, бір қолын келешекке сүйейтіндіктен, өнердің арғы замандағы маңызы мен келешектегі келбеті хақында танымдық барлау жасау мәдениетті қоғамның мәйекті тақырыбы деп санаймыз.
Шаруашылық • 23 Қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы қатаң бақылауда болады
Премьер-министр еліміздегі егін жинау науқанының барысын қарау қорытындысы бойынша тиісті министрліктер мен әкімдіктерге нақты тапсырмалар жүктеді, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 23 Қыркүйек, 2025
Өзбекстанға жанармай сатылып жатқаны рас па
Ел ішінде Қазақстан Өзбекстанға жанармай сатып жатыр деген ақпарат тараған еді. Таяуда энергетика министрлігі мәлімдеме жасап, бұл деректі негізсіз деп тапты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2025
Ким Чен Ын АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын егер Вашингтон ядролық қарусыздандыру талабынан бас тартса, Америка Құрама Штаттарымен келіссөз жүргізуге әзір екенін жеткізді. Бұл туралы ВВС Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ән • 22 Қыркүйек, 2025
Дүниені танудың тармағы көп, соның бірі – әуен арқылы әлемге үңілу. Хакім Абайдың ғаламшарына бұл жолы музыка кемесінің зерттеушілері келіп қонды. Француздың көрнекті композиторы Пьер Тиллуа «Абай арманы» атты шығарма жазып, ақын әлемінің көркемдік кеңістігіне бойлады. Саз бақшасы мен сөз патшасының үйлесімі «Қазақконцерт» сахнасында көрініс тапты.
Заң мен Тәртіп • 19 Қыркүйек, 2025
Авторлық құқық жүйесі талқыланды
Қазір ақпарат айдынындағы мәтін, фотосурет, бейнематериалдар көз ілеспес жылдамдықпен жаһанға жайылады. Бұл жағдай журналистер мен редакциялардың алдына авторлық құқықты сақтау жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан заңгер, PhD Рамазан Көкжал «Қазақ газеттері» серіктестігің шаңырағына келіп «Журналистикадағы авторлық құқық» тақырыбында БАҚ өкілдеріне дәріс оқыды.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2025
Ауғанстанда әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салынды
Ауғанстан билігі университеттерде әйелдер жазған кітаптарды пайдалануға ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы BBC өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлады, деп жазады Egemen.kz.