
Таным • 19 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: 6 жасар чемпион
Небары 6 жасында әлем чемпионы атанған Екібастұз тұрғынына Президент сыйлығы табыс етілді. Хадия Қонаева өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Digital • 18 Желтоқсан, 2024
Айымдардың IT әлеміндегі жетістігі
«Astana Hub» халықаралық технопаркі «IT-Aiel» бағдарламасының екінші легін қорытындылады. Аталған жобаның ерекшелігі – мұнда IT саласында еңбек жолын бастағысы келетін арулар «No code», «Freelance School», сондай-ақ «E-commerce» бағдарламалау бағыттары мен басқа да цифрлық дағдыларды тегін меңгере алады.
Таным • 18 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: 8 жасар чемпион
Астана қаласындағы № 86 мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды.
Digital • 18 Желтоқсан, 2024
Жасанды интеллект мектебінің үшінші легіне өтінімдер қабылдау басталды
Жасанды интеллект мектебі «Tomorrow School»-дың үшінші легіне өтінімдер қабылдау басталды. Оқу 18 жасқа толған барлық азаматқа қолжетімді.
Таным • 13 Желтоқсан, 2024
Тұлғалар тағылымы: Бір ұжымда – 36 жыл
«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы өнеге тұтар аға буын өкілі – Әділ Дүйсенбек.
Байқау • 12 Желтоқсан, 2024
Бас қалаға арналған балалар байқауы
Елордада «Астана: кеше, бүгін, ертең» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жастар арасында мәдени мұраны зерттеуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында бұл жиынды Президент орталығы мен «Астана дарыны» талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырған.
Таным • 12 Желтоқсан, 2024
Ақтаулық оқушылар Артем Ахметханов пен Мәдина Абдулла төрт түлікті жоғарыдан бақылайтын робот-шопан ойлап тапты. «Кью Агро» деп аталатын құрылғы өзін-өзі қуаттап, адамның көмегінсіз ұша береді.
Таным • 10 Желтоқсан, 2024
Оқудың ерте-кеші жоқ. Сөзімізге дәлел – 69 жастағы түркиялық Кадрие Ышыклы. Ол қазір Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінде білім алып жүр.
Digital • 03 Желтоқсан, 2024
Жемқорлықтан жирендіретін компьютерлік ойын
Абай облысының оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды. Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрәли Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын әзірледі. Жас өнертапқыштың бұл еңбегі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған.
Зерде • 29 Қараша, 2024
Білім саласында оқытумен бірге, қоғамдық қызметін қатар алып, ұлт ұпайын түгендеу жолында қажырлы еңбек еткендер аз емес. Солардың бірі – ардақты ардагер Еркін Дәуешұлы. «Кеудесі жақсылардың алтын сандық» демекші, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде ақсақалдың өнегелі өмірі кейінгі буынға қашанда өнеге болмақ.