Құрылыс • 04 Мамыр, 2023
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Павлодар қаласы үшін Ертіс өзенінің үстінен салынатын жаңа автомобиль көпірінің құрылысы өте маңызды. Себебі Астана бағытындағы ескі көпір құлағалы тұр. Бұл жол арқылы жеңіл машиналардан бөлек, Екібастұз бен Ақсу қалаларына да күнделікті үлкен автобустар қатынайды. Көлік ағыны бір толастамайтын стратегиялық нысан жаңарса, қаланы айналып өтіп жатқан жүк көліктерінің де жолы қысқара түспек.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2023
Шаһардағы саяжайлар бейқамдықтың салдарынан жиі өртенуі қалыпты жағдайға айналды. Сәуір айында бес бірдей бау-бақша серіктестігінің аумағында ірі өрт шығып, тұрғындардың талай жыл мәпелеп өсірген жеміс ағаштары мен ерте көктемде салған көшеттері күлге айналды. Тұрғындар мұны жергілікті органдардың қауқарсыздығынан көреді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2023
Ертіс-Баян өңірінің халқы биыл ономастика саласында жағымды жаңалықтар мол бола ма деп елеңдеп отыр. Облыс орталығының іргесіндегі Ленин кентінің атауын өзгерту туралы көпшіліктің ұсынысы алғашқы қоғамдық тыңдауда қабылданып, жергілікті қауымдастықтың қолдауына ие болды. Бұдан былай қала қақпасы саналатын кент Ленин емес, «Атамекен» деп аталмақ.
Медицина • 02 Мамыр, 2023
Ертістің Павлодар өңірінде арнайы дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады. Шалғай елді мекендердің тұрғындары денсаулығын тексерту үшін 200 шақырым жердегі облыс орталығына сабылуға мәжбүр.
Мәселе • 30 Сәуір, 2023
Мәжілістегі бір топ павлодарлық депутат Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне босатылып жатқан судың баяулығына алаңдап отыр. Судың ағынын арттырмаса, Павлодар облысының өзен бойындағы жайылмалары тіршілік нәріне дер уақытында қанықпай қалуы мүмкін. Халық қалаулылары Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәселені шұғыл түрде назарға алуды сұрап отыр.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2023
Екібастұз жұртына өтемақы төлене ме?
Екібастұздың халқы осы жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында тұтынған электр энергиясы үшін «ОАЭК» АҚ-ның немесе қазына қаражатының есебінен өтемақы төленсін деген талап қойып отыр. Бұған дейін жазғанымыздай, көп пәтерлер қыста күні-түні жылытқыш қосқаны себепті ай сайын жарық үшін 25-30 мың теңге шығындануға мәжбүр болған еді.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2023
«Он сан Орта жүзге ұран болған» Ер Олжабайдың ерлігі Мәшһүр Жүсіп жазбалары мен Жаяу Мұсаның «Олжабай батыр» дастаны арқылы халыққа жетсе, батырдың қайраткерлік қырына тарихи тұрғыдан баға берген ғалым Әлкей Марғұлан еді. Батыр бабасы жайында ғұмыр бойы жиған деректерін ғұлама өмірден өтер шағында ұрпағына аманаттап аттанды. Қатпарлы тарих қазынасы жуықта «Олжабай батыр» атты кітап болып басылып шықты.
Экология • 27 Сәуір, 2023
Ертістен бөлінетін су ағысының баяулығы алаңдатады
Павлодар облысынан Мәжіліске сайланған бір топ депутат Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне босатылып жатқан судың баяулығына алаңдап отыр. Судың екпінін арттырмаса, Павлодар облысының өзен бойындағы жайылмалары тіршілік нәріне дер уақытында қанықпай қалуы ғажап емес. Халық қалаулылары Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәселені шұғыл түрде назарға алуды сұрап отыр.
Ауыл • 26 Сәуір, 2023
Ақкөл-Жайылма жұртының алаңдаушылығы үдеп барады. Өлеңті өзенінің жоғарғы ағысындағы бөгет қайта ашылмаса, көптің көңілі орнына түспейтіндей. Мәселеге қазір Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары кірісе бастады. Алайда бұл түйткілдің түйіні жақын уақытта шешіле қоятынына күмән мол.
Құқық • 26 Сәуір, 2023
Бәрі бақылаудың жоқтығынан ба?
Павлодар облысында қылмыстық әрекетке барған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Былтыр наурызда тіркелген қылмыстық оқиға саны 8 болса, биыл дәл осы кезеңде 5 қылмыстық іс есепке алынды.