Ақ
Қоғам • Кеше
Санавиация Таиландта комадан оянған қазақстандықты елге алып келуден бас тартты
Таиландта ауыр хәлге түсіп, комаға түскен турист есін жиды. Алексей Вивтоненко қысқа видеода өзін қолдап, қаржылай және моральдық көмек көрсеткен барша отандастарына алғыс білдірді. Ал оның жақындары науқасты елге жеткізу үшін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан көмек сұрауын жалғастырып жатыр. Алайда бұл өтінішке екі рет бас тарту берілген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті
18 наурыз күні Астанадан Оралға бет алған Fly Arystan әуе рейсінде тосын оқиға болды. Ұшақта жүкті әйелдің толғағы басталып, суы кеткен. Сол сәтте ұшақ бортында Орал қалалық көпсалалы аурухана дәрігері, хирург Таубай Байжекенов те болған. Тосын оқиғаға байланысты ұшақ Астана әуежайына қайта жетем дегенше дәрігер жүкті әйелге медициналық көмек көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Қазақстан әлемдік бақыт рейтингінде Франция мен Сингапурды басып озды
Қазақстан сенім мен өзара іс-қимыл көрсеткіштері бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Еліміз World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны (35-орын) және Сингапурды (36-орын) басып озды. Посткеңестік елдер арасында республика өз позициясын нық ұстап отыр. Бір жыл ішінде көрсеткіш +0.962-ге өсіп, бұл – топ-40 ішіндегі жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • Кеше
Ақтөбеде ұры дүкеннен 18 телефон ұрлап кеткен
Ақтөбеде ұялы телефон сататын дүкеннен 18 құрылғыны қолды еткен күдікті қолға түсті. Жалпы шығын көлемі шамамен 15 млн теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады
Домбыраны ұшақтың жолаушылар салонында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • Кеше
Қазақстанда қымыз өндірісі артты
Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісіне қатысты деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Енді елордада айыппұл тұрақтары ақылы болады
23 сәуірден бастап елордада жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер тек айыппұлмен шектелмейді. Енді көлікті эвакуациялау мен айыптұрақта сақтау үшін де ақы төлеуге міндетті болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады. Бұл маусымдық шара автожолдардың сапасын сақтау және мерзімінен бұрын тозуын болдырмау мақсатында жыл сайын жүзеге асады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемін арттыру мәселесі бюджеттік мүмкіндіктерге тікелей байланысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Сенат кулуарында мемлекеттік төлемдерді қайта қараудың басты шарттарын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақалада халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі трансформацияға терең талдау жасалған. Қазіргі әлем бұрынғы әлемдік тәртіптің жүйелі дағдарысын бастан кешіріп, күштер теңгерімінің жаңа архитектурасының қалыптасу кезеңіне қадам басқаны атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Наурыз, 2026
Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Turkistan» газетінде жария көрген «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында Қазақстанның сыртқы саяси бағытының трансформациясына ерекше назар аударылған. Еліміздің бойтұмарына айналған көпвекторлы сыртқы саясат қазіргі жағдайда сапалық тұрғыдан жаңа мазмұнға ие болғаны атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Қазақстан арқылы жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады
Көлік министрлігі еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және халықаралық әуе қатынасын кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Осы бастама аясында биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы жаңа халықаралық бағытты іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстан азаматтарды елге қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды?
Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрт ушығуына байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару операциясына жұмсалған қаражат көлемі әзірге белгісіз. Көлік вице-министі Талғат Ластаев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта қаржылық есептеулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Наурыз, 2026
Қазақстан жаһандық экономикалық рейтингте 36-орынға тұрақтады
Қазақстан сатып алу қабілетінің паритеті бойынша әлемдегі ең ірі экономикалар рейтингінде 36-орынға жайғасты. Сарапшылар ел экономикасының көлемін шамамен 973 миллиард доллар деп бағалап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Наурыз, 2026
Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?
Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында өңірлерді дамыту мәселелеріне баса назар аударылады. Негізгі заң олардың рөлін күшейту және жергілікті биліктің жауапкершілігін арттыру бағытын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Тоқаев Қазақстан мен Аустрия арасында заңсыз жүрген адамдарға қатысты құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Аустрия Үкіметі арасындағы маңызды құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Президентке компания қызметінің былтырғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Қазақстанда жеке тұлғалардың айыппұлы кешірілуі мүмкін
Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады. Бұл туралы кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында айтты. Ал бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ішкі істер және Әділет министрліктеріне Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2026
Елімізде мемлекеттік қызмет моделі қалай өзгермек?
Мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат мемлекеттік аппаратты кәсібилендіріп, азаматтарға бағдарланған тиімді қызмет моделін қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Наурыз, 2026
Қазақстан мұнайы неге күрт қымбаттады?
Қазақстанның CPC Blend маркалы мұнайы наурыз айында айтарлықтай қымбаттады. Бұған себеп – Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты әлемдік нарықта шикізат тапшылығының туындауы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Наурыз, 2026
Мобильді банкингтегі ақшаны қалай қорғауға болады?
Мобильді банкинг күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Пайдаланушылар оны қолдану арқылы шоттарды төлейді, ақша аударады және кез келген уақытта әлемнің кез келген нүктесінен сатып алу операциясын орындай алады. Дегенмен, ыңғайлылықпен бірге киберқауіпсіздік мәселесі артып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?
Биыл 3 335 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері релімізге 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ қоныс аударған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Қазақстанға заңсыз карантиндік өнімдер әкелген 145 дерек анықталды
Жыл басынан бері Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық дерегі тіркелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 17 Наурыз, 2026
Енді кез келген банкте тұрғын үйге ақша жинауға болады
19 наурыздан бастап еліміздегі екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысады. Енді салымшылар екінші деңгейлі банктерде тұрғын үй үшін қаржы жинай алады. Ал банктерге осы жүйе аясында несие беруге рұқсат етіледі, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 17 Наурыз, 2026
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды
Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биыл көктемде 21 мыңнан астам жас азамат ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылымдардың қатарын толықтырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Шымкентте аудан әкімі ер адамды соққыға жықты: Тәртіптік іс қозғалды
Шымкент қаласының Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа қатысты тәртіптік іс қозғалды. Оның материалдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясында қаралатын болды. Тексеріс әлеуметтік желілерде кең тараған бейнежазбадан кейін қолға алынған. Кадрларда сырт келбеті әкімге ұқсас ер адамның футбол алаңында өзге азаматқа бірнеше рет соққы жасағаны байқалады. Осы оқиға қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Наурыз, 2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысып, сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?
Елімізде ақылы жолдарды пайдалану төлемінің мерзімі өзгертілді. Жаңа ережеге сәйкес, жүргізушілерге төлем жасау үшін берілетін уақыт ұлғайып, талаптар нақтыланды, деп жазады Egemen.kz
Отбасы • 17 Наурыз, 2026
Шаңырақ шуағы: Су шаруашылығы саласына 160 жыл ғұмырын арнаған әулет еңбегі
Наурызнама онкүндігі аясындағы Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын ұлықтап, ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін тағылымды күн. Қазақ ұғымында шаңырақ – тек бір әулеттің емес, тұтас ұлттың тұтастығын танытатын киелі нышан. Отбасының беріктігі – қоғамның беріктігі, ал ұрпақ жалғастығы – ел болашағының кепілі.