порт
Спорт • 01 Қазан, 2025
Мбаппе Алматыдағы матчтан кейін «Қайраттың» деңгейін жоғары бағалады
Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасының ойынында «Қайраттың» қақпасына үш гол соқты. Ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан, ол қазақстандық клубтың ойынын жоғары бағалап, турнирге қатысуын бүкіл футбол үшін маңызды деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қазан, 2025
Астанада спорттық балық аулаудан ашық чемпионат өтті
28-қыркүйекте елордалық спорттық балық аулау федерациясының ұйымдастыруымен, жағалаудан спиннинг арқылы спорттық балық аулаудан Астанада ашық чемпионаты өтті. Жарысқа 17 командадан 51 спортшы қатысты. Турнир екі турдан тұрды, әрқайсысы үш сағаттан, үш секторда өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Шымкентте судьялар спорттан сынға түсті
Жуырда Шымкентте Қазақстан Судьялар одағы XI Спартакиадасының финалдық кезеңі өтті. Екі күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 20 команда қатысты. Бұл сында судьялар спорттың 9 түрінен атап айтқанда, шағын футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан өзара бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Алматы жаңа мәртебеге ие болды
29 қыркүйек күні Әзербайжанның Гянджа қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Ақтоғайлық кәсіпкер ауылына спорт кешенін салып берді
Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылының тумасы, кәсіпкер Серік Қасымбеков туған еліне тарту жасап, 60 миллион қаражатқа заманауи спорт кешенін салып берді. Ел еңсесін көтерген бұл жаңалық ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Қыркүйек, 2025
Алматы полициясы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы алдында мәлімдеме жасады
Алматы полициясы алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы УЕФА аясында өтетін халықаралық футбол ойынына сақадай-сай дайын екенін хабарлады. Матч ертең, 30 қыркүйекте өтеді. Бұл шара бүкіл қала үшін үлкен спорт мерекесіне айналып, қауіпсіздік пен тәртіпке ерекше назар аударуды талап етеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістанда триатлоннан Азия кубогы өтті
26–28 қыркүйек күндері Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы өтті. Түркі дүниесінің рухани астанасында ұйымдастырылған додаға Азиямен қоса Еуропаның мықты триатлеттері жиналды. Барлығы 12 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2025
Астанада шекарашы батырды еске алуға арналған турнир өтті
Елордада батыр, шекарашы Раджан Батркановты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Джиу-джитсу философиясын меңгерген қазақ маманы
Кезінде джиу-джитсудан өткен талай дүбірлі додада жүлде алып, бұл күндері көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда қазылық етіп жүрген Дамир Садыров жайында біз не білеміз?
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның футболшылары Астанада Лихтенштейнді қабылдайды
Футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнге және 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
«Ұлы дала жорығы» марафоны-бәйгесі мәреге жетті
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойында Торғайдан бастау алған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
Әмір Маймұратов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Спорттық құзға өрмелеуден ел құрамасының өкілі Әмір Маймұратов жаһан біріншілігінің ширек финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
ХОК-тың стипендиясына иелік еткен спортшылар белгілі болды
2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарына тыңғылықты дайындалу мақсатында Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) тарапынан Қазақстанның қанша спортшысына стипендия берілетіні белгілі бодды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионатында шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленді
Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында Шардара спортшылары үлкен жетістікке жетті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетсе, оның ішінде шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан ұрпақтары жастармен жүздесті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының ұйымдастыруымен «Күш лекциясы» өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Айдарлыда жаңа спорт кешені ашылды
Жамбыл облысына қарасты шалғайдағы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2025
Тарихи медаль: Қазақстан грек-рим күресінен алғашқы алтынын алды
Қазақстан араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының бас жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2025
Батуттық гимнастикадан қазақстандықтар Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды
Германияның Котбус қаласында өткен батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2025
Алматыда жаңа теннис орталығы бой көтерді
Алматының Алатау ауданында халықаралық стандарттарға сай заманауи теннис орталығы бой көтерді. Кешен ITF және ATF деңгейіндегі республикалық және халықаралық турнир өткізуге қауқарлы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2025
Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді. Салтанатты ашылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Елордадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» пен «Спортинг» ойынын қайдан көруге болады
UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында алматылық «Қайрат» Португалияның «Спортинг» клубымен кездеседі. Ойын қыркүйектің 18-нен 19-ына қараған түні, елорда уақытымен сағат 00:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионатының финалына 8 қазақстандық боксшы жолдама алды
14 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының соңғы күні өтеді. Финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін қайтыс болды
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбеде жаттығу кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.