и
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Мұнай өндіру көлемі 2%-ға артты деген ақпарат рас па? Министрлік мәлімдемесі
Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррель болғанын хабарлады.
Теннис • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыда үстел теннисінен іріктеу кезеңі аяқталды
Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінде алғашқы жарыс күні мәресіне жетті. Қатысушылар жекелей сынның іріктеу кезеңінде бақтарын сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін таңертең Түркияның Шанлыурфа – Газиантеп тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Германия туризм саласындағы серіктестікті кеңейтеді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның Туристік қауымдастығы (DRV) делегациясымен және ірі неміс туроператорларының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда екі ел арасындағы туризм саласындағы ықпалдастықтың келешегі мен бірлескен бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада тұрғындарды виза жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Елордада азаматтарды алдап, Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға виза рәсімдеуді уәде еткен күдікті ұсталды. Ол сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге жалған уәде беріп, ірі көлемде қаржы жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өткізді. Он алты республикалық жастар ұйымының өкілі қатысқан кездесуде өзекті мәселелер мен жаңа жобалардың жай-жапсары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Атырауда екі мектептегі сабақ онлайн өтіп жатыр
Бүгін Атырау қаласындағы екі мектептің оқушылары сабақты онлайн оқуға жіберілді. Бұған су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмысы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
АҚШ президентінің әулеті бір тәулікте 5 млрд доллар тапты
Дональд Трамптың отбасына тиесілі World Liberty Financial компаниясы шығарған жаңа криптовалюта бір тәулік ішінде олардың қағаз жүзіндегі байлығын шамамен 5 миллиард долларға арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Дональд Трамп Чикагоны «әлемдегі ең қауіпті қала» деп атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең қауіпті қала деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Елордада заң үстемдігі мен демократия мәселелері талқыланды
Елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жыл мемлекеттіліктің, ел егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі» атауымен дөңгелек үстел өтті. Айтулы мереке қарсаңындағы жиында заң үстемдігін дамыту, сот төрелігі жүйесін жетілдіру және демократиялық институттарды нығайту мәселелері талқыланды. Басқосуды Қазақстан халық партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен кіре алады
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Енді отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен ғана, шетелдік паспортсыз әрі визасыз кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Қытай ғалымдары ғарышқа арналған кір жуғыш машина жасап шығарды
Қытай зерттеушілері астронавттарға арналған шағын кір жуғыш машина ойлап тапты. Салмағы небәрі 12 келі болатын құрылғы ультраұсақ тұман мен озон технологиясын қолданып, бір циклде бар-жоғы 400 миллилитр суды пайдалана отырып киімді тазартады, деп хабарлайды Egemen.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Теннис • 03 Қыркүйек, 2025
Дэвис кубогінде кімдер өнер көрсетеді
12-13 қыркүйекте Қытайдың Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогінің Әлемдік тобының плей-офф сайыстары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қорғаныс министрі әскери оқу орындарына жаңа міндеттер жүктеді
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттарға арнап сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол әскери білім берудің маңыздылығына тоқталып, саланың алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға құрамында литріне 150 миллиграмнан артық кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қоюды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Депутат Түркістан облысындағы ауыз су және кәріз мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсаин Нағаспаевқа депутаттық сауал жолдады. Ол Түркістан облысының бірқатар аудандарында инфрақұрылым мен сапалы ауыз су тапшылығы әлі күнге дейін өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Армения көші-қон саласында әріптестікті күшейтті
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасында 2024 жылғы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзырлы органдары арасындағы өзара іс-қимылды реттеп, көші-қон саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Эпилепсияға қарсы дәрі тапшылығы шұғыл шешілуі тиіс – Мәжіліс депутаты
Өңірлерге жұмыс сапары барысында ҚХП фракциясының депутаттары неврологиялық ауруларға шалдыққан науқастармен, соның ішінде «Эпилепсия» диагнозы бар азаматтармен кездесті. Кездесу кезінде шұғыл шешімді қажет ететін маңызды мәселелер ортаға салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев түрмеден шықты. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қыркүйек, 2025
Олжас Нұралдинов Мәжіліс депутаты болды
Мәжілістің алғашқы пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясынан жаңа депутат тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Егіншілерге берілетін жеңілдетілген несие 700 млрд теңгеге ұлғайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін ілгерілетуге айрықша назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Мектептегі буллинг үшін ата-анаға айыппұл салынады
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Оқушының тәртібі үшін ата-ана да жауапты болады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Қыркүйек, 2025
Бейжіңде тұңғыш рет Қазақстан мәдени орталығы ашылды
Бүгін Қытай астанасы Бейжің қаласында тарихта тұңғыш рет Қазақ мәдени орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 02 Қыркүйек, 2025
Еліміздегі әлеуметтік саясаттың жүйелі шаралары мен нәтижелері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда несие алу тәртібіне жаңа талаптар енгізілді
Қазақстанда ірі көлемдегі несиеге өтініш берген қарыз алушыларға шешімін қайта қарастыруға қосымша уақыт беріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2025
Қытай ресейліктер үшін бір жыл бойы визасыз режим енгізеді
Бейжің 15 қыркүйектен бастап тұрақты шетелдік төлқұжаты бар Ресей азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 02 Қыркүйек, 2025
850 мың отандасымыз несиесін төлей алмай жүр
Елімізде қарызын қайтара алмай жүрген адамдардың саны көбейіп барады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, қазір 500 мыңнан астам адам банк алдындағы несиесін төлей алмай жүр, ал тағы 350 мың азаматтың микрокредиттік ұйымдарға қарызы бар. Яғни, елде шамамен 850 мың адам қаржылық тәуекел аймағында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 02 Қыркүйек, 2025
Олжас Бектенов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді
Жиында тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері талқаланып, тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындарының басшылары мен салалық қауымдастық өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.