и
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді
Маңғыстау облысында 250-ге жуық дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 11 Шілде, 2025
Азия бәсекесінде қазақ балуандары екі алтын еншіледі
Грек-рим күресінен жастар арасында Бішкек (Қырғызстан) қаласында 9-10 шілдеде Азия чемпионаты өтті. Қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Шілде, 2025
WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары аяқталды
2025 жылдың наурыз–маусым айлары аралығында еліміздің 20 өңірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Шілде, 2025
Қазақстанда 100 мыңға жуық бала балабақшаға кезекте тұр
Қазақстанда 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі 92,2%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Майра Мелдебекова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
БҚО ветеринарларына 106 көлік берілді
Мал дәрігерлерінің кәсіби мерекесі күні бағалы сыйлықты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Биыл 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорын 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болған. Аталған мәселелер бойынша анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Шілде, 2025
Димаш дарынымен Испанияны тәнті етті
Халық әртісі Димаш Құдайберген жақында Испания жұртшылығын өнерімен тәнті етті. Оның ерекше дауысын испан бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, жылы пікірлерін аямады. Солардың ішінде елге белгілі «La Voz de Galicia» басылымы отандасымыздың өнеріне арнайы материал арнады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Ақтаудың жылу желілері жаңартылады
Мемлекет басшысының жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 11 Шілде, 2025
«Қаңтар оқиғасына» қатысы бар күдікті Дубайда ұсталды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген лақап атпен танымал болған) қылмыстық тобының сыбайласын экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылған
Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Он жасар баланы иттен құтқарған азаматқа құрмет көрсетілді
Осыдан он шақты күн бұрын Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевті иттер талап, бала ауыр жарақат алғаны белгілі. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 10 Шілде, 2025
Лас ауа ми ісігіне ұшыратуы мүмкін – зерттеу нәтижесі
Ауаның ластануы денсаулыққа зиян екені бұрыннан белгілі. Енді Данияда жүргізілген үлкен зерттеу нәтижелері оның ми ісігінің кең таралған түрі менингиомаға шалдығу қаупін арттыратынын көрсетті. Бұл ісік әдетте қатерлі емес, алайда уақыт өте келе ми тіндері мен жүйке жүйесіне қысым жасап, түрлі асқынуларға алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Қазақстанда тағы бір құжатты онлайн алуға болады
Енді нотариустың атқарушылық жазбасы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы рәсімделеді. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.
Спорт • 10 Шілде, 2025
Қазақстан құрамасы елордада өткен Азия чемпионатының командалық есебінде көш бастады
Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы алға қойған міндеттерін сәтті орындап, командалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Отандастарымыздың қоржынында медальдардан бөлек, рекордтық көрсеткіштер де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Шілде, 2025
Алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Шілде, 2025
Активтер есебінен қайтарылған зергерлік бұйымдар қайта сатылымға қойылады
Қайтарылған активтер есебінен алынған зергерлік бұйымдар қайта сатылымға қойылады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 10 Шілде, 2025
Ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды
Астанада Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған кәсіби мереке 2024 жылы мемлекеттік деңгейде бекітіліп, ветеринариялық қызметтің қоғамдық денсаулықты сақтау, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудағы маңызды рөлін атап көрсету мақсатында белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 10 Шілде, 2025
Туризм саласы бойынша жиын өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туристік саладағы тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент • 10 Шілде, 2025
Депутат Шымкенттегі қарияларға арналған орталықтың жұмысымен танысты
Бүгін Мәжіліс депутаты Данабек Исабек жұмыс сапарымен Шымкент қаласындағы «Ізетті зейнеткер» мекемесінде болып, орталық жұмысымен танысты. Аталған мекеме «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 10 Шілде, 2025
«Ауыл аманаты»: 711 жоба қаржыландырылды
Жамбыл өңірінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қайтарылған қаржы есебінен 5,11 млрд теңгеге 711 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 10 Шілде, 2025
Maqsut Narikbayev University түлектеріне диплом табысталды
Биыл Maqsut Narikbayev University-ді (MNU) 800-ден астам түлек тәмәмдады. Оның ішінде журналистика мектебінің студенттері бар. Осылайша ел журналистикасы тағы бір маман легімен толықты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Шілде, 2025
Сталкинг пен мәжбүрлі неке үшін жаза күшейтілді
Қазақстанда сталкинг (қудалау), некеге мәжбүрлеу және әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұл және өзге де нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Елімізде «Алатау аманаты» жобасы іске қосылды
Туризм саласы – ұлттық экономика өсіміне тың серпін беретін бағытқа айналып келеді. Мемлекет басшысы айқындап берген саланы дамыту жөніндегі басымдықтарға сәйкес, «AMANAT» партиясы еліміздің негізгі табиғи ландшафттарын қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі – «Алатау аманаты» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz. аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды - Ерлан Қарин
Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесіне тың серпін беріп отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды
Бүгін шамамен сағат 10:30-да Төлепов пен Жилстроевская көшелерінің қиылысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Шілде, 2025
Астанада каратэден халықаралық турнир өтеді
Бас шаһардың Beeline Arena спорт кешенінде осы айдың 11-13 күндері WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтіп, оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және бейтарап команда құрамында Ресей Федерациясы, яғни 6 елдің командаларынан шамамен 700-800 спортшы қатысады. Аталған турнир елімізде сегізінші рет ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап қаза тапты
Оқиға түнгі уақытта болған. Полиция жазатайым оқиға бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді
Бұл туралы Астана туризмді дамыту орталығының басшысы Артем Квашук Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы туризм саласы бойынша Үкіметке тапсырма берді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды деп хабарлайды Egemen.kz.