ту
Жастар • 12 Тамыз, 2025
Жыл соңына дейін студенттерге 29 жатақхана пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде биыл 10 439 орындық 29 жатақхананы (ЖОО студенттеріне 8 325 орындық 20 жатақхана, колледж студенттеріне 2 114 орындық 9 жатақхана) іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Тамыз, 2025
Президент ұлттық мессенджерге көшуді ұсынды
Жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы деректерді басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ киберқауіпсіздікті күшейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Түркістанда жастарға «Абай жолы» романы тарту етілді
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Тамыз, 2025
Құрылыс саласында желдету жүйесінің маңызы қандай?
Қазақстанда құрылыс саласы қарышты дамып келеді. Бұл сөзімізді сандық деректер де сенімді ете түседі. Ұлттық сататистика бюросының мәліметінше, еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемінің 6 пайызын осы құрылыс саласы қамтып отыр. Саланың серпін алуы халық саны мен сұранысының өсуімен де байланысып жатыр. Себебі кейінгі жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 2024 жылы 19,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық белесті бағындырған. Құрылыс саласының өзі он саусақтай тармақталып жатыр. Техник, инженер, жобалаушы, тас қалаушы, монтаждаушы, дәнекерлеуші, желдету жүйесінің мамандары, сантехник, әртүрлі жұмысты атқаратын адам деп толассыз тізімді жалғай беруге болады. Біз бүгін «ғимарат тынысын ашатын», желдету жүйесін жетік меңгерген майталман маман Алексей Никишин және оның ұлы Кирилл Алексиевич жұмысы туралы баяндаймыз, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Тамыз, 2025
Қазақстан спортшысы үстел теннисінен жүлде алды
Үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы үшінші орынға ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанда есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейді: 14 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары күшейтіліп, нәтижесінде қылмыстық топтар мен астыртын зертханалардың жолы кесілді. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте мәлім болды.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Алакөлде тағы бір санаторий салынады
Қазақстан мен Әзербайжан кәсіпкерлері бірлесіп, Алакөл жағасынан тағы бір санаторийдің құрылысын бастауға ниетті. Осы мақсатта кеше қазақ-әзербайжан делегациясы Абай облысына келіп, өңір басшысы Берік Уәлимен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Тамыз, 2025
Қызылордада ауыр атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр
Сыр елінде ауыр атлетикадан ересектер арасында белгілі жаттықтырушы, Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан Вилорий Пак жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 07 Тамыз, 2025
Қазақстан туризмнен €10 млрд табыс табуды жоспарлап отыр
Қазақстан 2029 жылға дейін туризмнен €10 млрд табыс табуды және жылына 15 млн турист тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Қостанай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Бүгін Қарасу ауданы Белозер ауылы ресми түрде «Ішімдіксіз ауыл» болып жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2025
16 жасар теннисші алғашқы халықаралық титулына қол жеткізді
Болгарияның бас шаһары Софияда жасөспірімдер арасында ITF Juniors турнирінің J30 санатындағы жарысы мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2025
Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирге қатысады
7 тамызда АҚШ-тың Норвуд қаласында мәнерлеп сырғанаудан «ISU Cranberry Cup International 2025» турнирі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 06 Тамыз, 2025
Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризм әлеуеті артып келеді
Ұлттық паркке қатысты шешімін таппай жүрген күрделі мәселелердің бірі төлем жүйесі болатын. Журналистердің қатысуымен өткен прес тур барысында бұл мәселенің де шешімін тапқаны белгілі болды. Ұлттық парктің бүгінгі жағдайы мен жаңалықтары Ұлттық парк аумағына барған БАҚ өкілдеріне таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 06 Тамыз, 2025
Әзербайжан Алакөлде туристік нысан салады
Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Алим Байелмен кездесу өткізді. Кездесуге Әзербайжан-Қазақстан іскерлік кеңесі төрағасының орынбасары, Түркі кәсіпкерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы Аслан Құнияров, сондай-ақ Әзербайжан инвестициялық холдингі мен Әзербайжан бизнесін дамыту қорының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 05 Тамыз, 2025
Қызылордада шетелдік туристерге туркарталар таратылды
Қызылорда облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өңірге келген шетелдіктерге «Safetravel.kz» мобильді сайтының мүмкіндігін таныстырып жүр, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 05 Тамыз, 2025
«Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 04 Тамыз, 2025
Қазақ балуаны финалдық белдесуден бас тартты
Варшава (Польша) қаласында өткен халықаралық әйелдер күресі турнирінде Қазақстан спортшысы финалға дейін жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Ұлытаулық жас мергендер садақ атудан әлем чемпионатына жолдама алды
Петропавл қаласында дәстүрлі Жасөпірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында садақ атудан Ұлытау облысы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Олар жеңіс қоржынын 5 алтын, 1 күміс, 5 қоламен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Тамыз, 2025
Өңірге шетелдіктердің қызығушылығы басым
Алматы облысы шетелдік БАҚ арасында тұрақты қызығушылық тудыруда, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Тамыз, 2025
Екі айда 1,5 миллоннан астам адам келді
Қонаев қаласында жазғы туристік маусымның аралық қорытындысы жарияланды. Биылғы жылдың маусым-шілде айларында Қапшағай су қоймасының жағалауына 1,5 миллионнан астам адам келіп, қала еліміздегі ең танымал демалыс орындарының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 01 Тамыз, 2025
Алматыда теннисшілердің турнирі өтеді
4-9 тамыз аралығында Алматыда теннистен «Roland Garros Juniors» турнирінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Шілде, 2025
Қызылжарлықтар асық атуда республикада топ жарды
Асық атудан 28-31 шілде аралығында өткен Ұлттық чемпионатта 14 облыстан қатысқан спортшылар арасында қызылжарлықтар қара үзіп, жеңімпаз болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Шілде, 2025
Алматыда жас теннисшілерге арналған халықаралық іріктеу турнирі өтеді
4–9 тамыз күндері Алматы қаласында екінші рет Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia турнирінің іріктеу кезеңі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
ChatGPT-ге оқыту режімі енгізілді
OpenAI компаниясы ChatGPT жүйесіне оқыту режімін іске қосты. Бұл мүмкіндік студенттерге дайын жауап берудің орнына, ойлануға, сұрақтың мәнін түсінуге, дұрыс шешім табуға көмектесуді мақсат етеді. Енді ЖИ бірден жауапты айтпайды керісінше, пайдаланушыны бірнеше кезеңмен ойлау, нақтылау сұрақтарын қою және шешімді өз сөзімен түсіндіруге бағыттайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Елордада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
14-16 тамыз аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таеквондодан (WT) Kazakhstan Open 2025 атты халықаралық рейтингілік турнир өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 808 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Студенттерден ақша бопсалаған Қостанайлық ұсталды
Қостанай облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынын ұстады. 22 жастағы азамат екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Шілде, 2025
Елімізге 1,5 мың тонна пайдаланылған шина заңсыз әкелінген
Қазақстанның кеден заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормалары денсаулық пен экологияға қауіпті тауарлардың әкелінуін қатаң реттейді. Олардың қатарына – тек арнайы рұқсат болған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етілетін, қолданылған автокөлік шиналары (ТН СЭҚ коды 4012) да кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас көлік прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.
Университет • 29 Шілде, 2025
Абай университеті 3500 ден астам студентке жатақханадан орын береді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаңа оқу жылына дайындық аясында білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында «Ахуалдық орталық» жұмысы 7 шілдеден басталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 28 Шілде, 2025
Магистратураға тестілеу басталғалы 54 қатысушының нәтижесі жойылды
Тестілеу басталғалы 22 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеп.