Ұл
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан қызметкері панкратионнан Қазақстан чемпионы атанды
Астанада 16–18 қыркүйек аралығында панкратионнан Amateur MMA бағыты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, «BURKIT TEAM» клубының спортшысы Нұрғали Нұрғайпұлы қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті
Бас прокуратураның Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде белең алып жатқан жаңа киберқауіптен сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 16 Қыркүйек, 2025
Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды
Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Түгіскен ауылында кірпіш шығаратын шағын зауыт ашылды
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында Вибропессті аппарат арқылы кірпіш шығаратын шағын зауыттың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Қыркүйек, 2025
Смағұлов жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін автокөліктердің бағасы төмендейтінін мәлімдеді
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Қыркүйек, 2025
Үздік кинологтар Ұлттық ұланның біріншілігінде анықталады
Петропавл қаласында қызметтік иттерді үйретуші кинологтардың арасында Ұлттық Ұланның біріншілігі өтіп жатыр. Оған республикамыздың 5 өңірінен 20-ға жуық кинологтар қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы ұлттық реттеу жүйесін ДДСҰ сарапшылары бағалайды
Қазақстанға келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) делегациясы елдің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттеу жүйесіне кешенді талдау жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Бүгін 6 қазақстандық шаршы алаңға шығады
Бүгін, 12 қыркүйек Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 11 Қыркүйек, 2025
Атырауда 8 айда табиғатты ластағандарға 2,360 триллион теңге айыппұлы салынған
Атырау экологтері 8 айда қоршаған орта тазалығының сақталуына 21 тексеру жүргізді. Оның ішінде жоспардан тыс 13 тексеру бар, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Жас бүркіт» клубының мүшелері марапатталды
Ақтөбеде өткен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орын иеленген Ұлттық ұлан әскерінің «Жас бүркіт» клубының тәрбиеленушілері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат Сорбұлақ мәселесін Үкімет деңгейінде шешуді талап етті
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Алматы облысындағы Сорбұлақ кәріз суы жиналатын көлінің мәселесін Үкіметтің ерекше бақылауына алуды сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
«Таза Қазақстан – Таза Жезқазған» байқауының үздіктері марапатталды
Қала күні қарсаңында Жезқазғанда «Таза Қазақстан – Таза Жезқазған» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжілісмен ауылдарды сақтап қалу үшін ұлттық бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанда соңғы жиырма жылда 1 400-ден астам ауыл жойылып, тағы 500 елді мекен «перспективасы жоқ» деп танылды. Ауыл халқының азаюы, жастардың қалаға көшуі мен инфрақұрылым тапшылығы өткір әлеуметтік мәселеге айналған. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Серік Егізбаев осыған байланысты Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Құлсарыда салынып жатқан «Келешек мектебінің» шатыры құлады
Атырау облысындағы Құлсарыда «Келешек мектебі» салынып жатыр. Осы білім ордасының шатыры құлап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ұландықтар қарулы жасөспірімді құрықтады
Өскемен қаласында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері полиция қызметкерімен бірлесіп, травматикалық тапанша алып жүрген жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда медициналық көмекті жетілдіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген кезде Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты. Министр осы сапарында өңірде Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы жұмыс тобы жұмыс істейтінін жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 07 Қыркүйек, 2025
Теміртауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көлік қағып кеткен 10 жастағы жасөспірімге көмектесті.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025
Ұлытау облысында әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмыстары жалғасуда
Ұлытау облысында әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмыстары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2025
Астанада «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы, қазақ ғылымы мен мәдениетінің шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Биыл көрнекті ағартушы, ғалым, қоғам қайраткерінің туғанына 153 жыл толып отыр. Сонымен бірге бұл күн елімізде Қазақстан халқы тілдері күні ретінде атап өтіледі. Осыған орай, Астанадағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
«Ұлттық диктант» жобасы басталды
2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» атты республикалық конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025
Атырау облысында газ құю стансалары тексеріліп жатыр
Атырау облысында газ құю стансаларын тексеруден соң 8 әкімшілік іс қозғалды. Заң бұзған станса иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 05 Қыркүйек, 2025
Заңғар Нұрланұлы тарихи жеңіспен US Open жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінде тарихи жетістікке жетіп, жартылай финалға жолдама алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 04 Қыркүйек, 2025
Ескі 5000 теңгелік банкноттар айналымнан шыға ма
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде ескі үлгідегі 5000 теңгелік купюралардың айналымнан шығарылатыны туралы пікірлер көбейді. Бас банк басшысы Тимур Сүлейменов отандастарымызды алаңдатқан сұраққа жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2025
«Қазселденқорғау» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды
Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға құрамында литріне 150 миллиграмнан артық кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қоюды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az-ға сілтеме жасап.
Білім • 02 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның сарбазы грант иеленді
Әділхан Серік Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызметін өтей жүріп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды - Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның банк жүйесінде шамамен 8 трлн теңге артық өтімді ақша жиналып қалғанын, артық ақшаның 3,5 трлн теңгеге дейінгі бөлігін, яғни 40%-дан астамын, ең төменгі резервтік талаптарды (ЕРТ) қатаңдату тетігі арқылы алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Білім күнін Ұлытау облысының оқушылары да салтанатты түрде атап өтті. Жаңа оқу жылында Ұлытау облысында 4150 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлайды Egemen.kz.