и
Президент • 25 Сәуір, 2025
Президент денсаулық сақтау мен ойын бизнесіне қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Президент Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімдерімен Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы UEFA президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 25 Сәуір, 2025
Жапон компаниясындағы жас қазақ
Жасанды интеллект – заманауи әлемнің жаңа тынысы, жаңа тілі. Бұл салада көш бастап, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті маман атану – әркімнің қолынан келе бермейтін күрделі іс. Алайда қазақ жастарының арасында осы шыңды бағындырған, әлем мойындаған мамандар бар. Солардың бірі – Шыңғыс Ойнар. Ол Астанада туып, Кореяда оқып, Жапонияда ең ірі маркетплейсте еңбек етіп жүрген ЖИ маманы, деп жазады Egemen.kz. Limon.kg сайтына сілтеме жасап.
Саясат • 25 Сәуір, 2025
Ресей келіссөзге дайын – Лавров
25 сәуірде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі түрлі ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Павлодарда мұнай өңдеу тарифі қымбаттайды
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де биылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифі өзгереді. Жаңа тариф тоннасына 35 400 теңгені құрайды (ҚҚС-ты есептемегенде), деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 25 Сәуір, 2025
Елімізде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру тоқтатылады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы өндірілді
Ақтаудағы «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да (ҚазМұнайГаз ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) жаңғырту жобасы аясында алғашқы маңызды нәтижеге қол жеткізілді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстары шеңберінде 740 тонна жол битумының бірінші партиясы өндіріліп, сапа паспорты алынды. Бұл жаңартылған өндірістік қуаттардың жұмысқа толық дайындығын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Жапония еліміздегі зерттеу жобаларына $2 млн бөледі
Президенттің ядролық кластер құру туралы тапсырмасына сәйкес Алматыдағы Ядролық физика институтында «Қазақстандағы атом саласының сын-қатерлері мен даму барысына» арналған дөңгелек үстел өтіп, ғалымдар технологияларды өндіру, кадр мәселесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Сәуір, 2025
Қызылордада халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Қызылордада Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы» атты бірінші халықаралық театрлар фестивалі салтанатты жағдайда ашылды. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Елімізде болашақ судьяларды даярлау сапасы артады
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының IX Съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Астанада ер адамды көлік қағып кетті
Оқиға Достық көшесінде болған. Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Сәуір, 2025
Таиландта ұшақ теңізге құлап, бес адам қаза тапты
Әуе апаты жұма күні таңертең Хуа Хин әуежайының маңында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.
Тұлға • 25 Сәуір, 2025
Бүгін – Қалибек Қуанышбаев дүниеге келген күн
Тұп-тура 132 жыл бұрын актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаев өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Ақтөбеде қайтарылған қаржыға медициналық нысандар салынады
Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ел қазынасына қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен аймақтағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Жануарларды қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау басталды
Шығыста аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринарлық шараларды жүзеге асыру барысында жалпы көлемі 4,7 миллион дозаға жуық вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
Абай облыстық сотының жаңа ғимаратында азаматтарға қолайлы жағдай жасалған
Семейде Абай облыстық сотының төрт қабатты жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Димаш арқылы пайда тапқысы келетін алаяқтар көбейді
Димаш Құдайбергеннің командасы әншінің жанкүйерлеріне ресми ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдар нешеге сатылды?
23 сәуірде E-Qazyna электронды платформасында бес бірдей зергерлік бұйым бойынша аукцион түріндегі сауда-саттық өтті. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді.
Жәдігер • 24 Сәуір, 2025
Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі музейге қойылды
Биыл 24 сәуірде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған қабірхананың оюлы ағаш есігі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қылмыс • 24 Сәуір, 2025
Бірнеше өңірде құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру әрекеті тоқтатылды
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның үйлестіруімен Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алтын құрамды материалдарды заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан бес кәсіпорынның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Сәуір, 2025
Ассамблея мүшелері Жұмысшы мамандықтар жылын нақты іспен қолдайды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында «КЕЛЕТ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, венгр мәдениет орталығы төрағасының орынбасары Алексендр Папп сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Дәстүрлі емес медицина саласы құқықтық кеңістіктен мүлде тыс қалды - Б.Жексенбай
Сенатор Бибігүл Жексенбай депутаттық сауалында дәстүрлі емес медицина саласына байланысты өзекті мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Н.Шанай: Еліміздегі әр ананың міндеті – еліне адал азамат тәрбиелеу
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ХХХІV сессиясы өтті. Сессияда ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанай Аналар кеңесі Ассамблеяның ерекше құрылымдық бірлігі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 24 Сәуір, 2025
Ғалымдар кофе қалдығынан энергия алынатынын дәлелдеді
Әдетте біз кофені тек ішеміз, яғни сусын ретінде ғана пайдаланамыз. Ал отандық ғалымдар кофенің қалдығы энергияның жаңа көзі болатынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Сәуір, 2025
Биологиялық белсенді қоспалардың сапасына бақылау күшейтіледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағындағы биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) айналымының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Бұл қадам халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушыларды сапасыз немесе қауіпті өнімдерден қорғау мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2025
Әділдік пен келісім қағидаттарын нығайтамыз - депутат
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Сенат депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Қазақ тілін насихаттау өмірлік миссияма айналды - Алла Гаврина
Ассамблея жанындағы жастар қозғалысына биыл – 10 жыл. Осы онжылдық ішінде түрлі этнос өкілдері бірігіп, ел бірлігінің тірегіне айналған жастар ұйымы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің белсенді қозғаушы күшіне айналды. Бұл туралы Ассамблея жастары қозғалысының белсенді мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубы төрағасының орынбасары, РОО «Ассамблея жастары» президиумының мүшесі Алла Гаврина айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстамбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.