ту
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
ШҚО-да суару каналы тазартылды
Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде жалпы ұзындығы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 10 Маусым, 2025
Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады
Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Маусым, 2025
Елімізде туристерге арналған қауіпсіздік сервисі іске қосылды
Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда туризмді дамыту мен шетелдік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы мәлімдеді. Министрдің айтуынша, туристер үшін бірқатар маңызды сервистер мен қауіпсіздік шаралары енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Маусым, 2025
Алматы туризмі Сеулде насихатталды
Корея Республикасының астанасы Сеулде өткен Seoul International Tourism Fair (SITF 2025) көрмесіне 800-ге жуық осы саланың өкілдері, соның ішінде ұлттық туристік агенттіктер, туроператорлар және 70 елдің қонақ үй желілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 10 Маусым, 2025
Еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорындар жауапкершілікке тартылды
Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 85 кәсіпорында жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Аталған кәсіпорындар 2 мыңнан астам қызметкерге 814 миллион теңгеден астам еңбекақыны уақтылы төлемеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 09 Маусым, 2025
Теміржол кластері дамуда: Шу ауданында 100 жаңа жұмыс орнына арналған заманауи депо ашылды
Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалардың бірі – теміржол депосы сәтті іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Батыржан Хасеновті еске алуға арналған турнир өтті
«Бәйтерек» футбол клубының директоры ретінде талай баланың спортпен достасуына себепкер болған азаматтың есімі осы тартысты бәсеке арқылы кейінгі ұрпақ жадында жаңғыра түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 09 Маусым, 2025
Алматы қаласы мен Шаньдун провинциясы арасында меморандум жасалды
Бүгін Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Қазақстан – Қытай» туризм жылы аясында жасалған бұл меморандум Қытай Халық Республикасынан туристерді тартуға бағытталған жаңа стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасынан хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр
1970 жылы пайдалануға берілген Астана су қоймасының түбін шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 08 Маусым, 2025
Ақмола облысының туристік жауһары қалай дамып жатыр?
Жаз шығып, күн жылынғалы Бурабайға ағылған туристер легі көбейді. Табиғаты көз сүріндірген бұл өңір жайлы «Қазақстанның Швейцариясы» деп бекер айтылмайды. Көл мен орман, тау мен саф ауасы бар курорттық аймақ соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Бұл жайлы аудан әкімдігі нақты деректермен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 08 Маусым, 2025
Алматыда Көкжайлау шатқалына шыққан жасөспірімдер адасып кетті
Алматы қаласының Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте) серуендеп жүрген үш жасөспірім таудан түсу кезінде бағытынан адасып қалды. Оқиға жауын-шашын кезінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 06 Маусым, 2025
Студенттер Баянауыл ұлттық паркіндегі көлдерді қоқыстан тазартты
Павлодардағы колледждердің студенттері Сабындыкөл және Жасыбай көлдерінің аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты, дер хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Маусым, 2025
Қазақстанда «Zowoyoo» digital-платформасының кеңсесі ашылды
Алматыда «Цифрлық Жібек жолы – 2025» халықаралық форумы өтіп, Туризм саласындағы ҚХР жетекші digital-платформаларының бірі «Zowoyoo» Орталық Азиядағы алғашқы кеңсесін ашты. Енді еелімізде саяхаттау Қытай туристері үшін бұрынғыдан да қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Маусым, 2025
Алматы: Мүмкіндіктер алаңына айналған мегаполис
Ел экономикасының елеулі бөлігін құрайтын Алматының тыныс-тіршілігі тұтас ел тұрғындарына тікелей әсер етеді. Статистиканы сөйлетсек, қалада әлеуметтік дамудың әлеуеті қарқынды. Миллиондар тоғысқан мегаполистің бүгінгі бағдары мен беталысын бюджет өсімімен ғана емес, барлық саладағы табысты жетістіктермен саралауға болады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 04 Маусым, 2025
Студенттер саябақтарды көгалдандыру жұмыстарына араласады
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология және ландшафт дизайны мамандығына оқып жатқан студенттері қаланың орталық саябағындағы көгалдандыру жұмыстарына араласа бастады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Атырауда Мемлекеттік ту 91 метр биікте желбіреді
Атырауда рәміздер күніне орай тутұғыр алаңына жиналғандарды облыс әкімі Серік Шәпкенов құттықтап, рәміздердің ел үшін маңызына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 04 Маусым, 2025
Түркістандық түлек Еуропаға шақырту алды
Аталған облыстың Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы бірнеше халықаралық білім грантына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 04 Маусым, 2025
Астананың орталық көшелері көк тумен безендірілді
Рәміздер күніне орай, елордадағы тұрғын үйлер «Туымыз – төрімізде!» акциясы аясында Мемлекеттік тумен безендірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 04 Маусым, 2025
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 04 Маусым, 2025
Балабақшаға қабылдау ережелері жарияланды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға 2025-2026 оқу жылына балаларды қабылдау тәртібін жариялады. Балабақшаларға топтарды қабылдау жас ерекшеліктеріне қарай 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 04 Маусым, 2025
«Автокөліксіз бір күн» челленджі жарияланды
Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз бір күн» челенджі басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 33 жыл толды. Рәміздердің мемлекеттік және этникалық бірегейлікті білдіретін түрлі мән-мазмұны бар, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 04 Маусым, 2025
Бурабай баурайы қонақ күтуге қамдануда
Биыл Щучинск қаласында жаңа бақылау алаңы ашылды. Аз уақыттың ішінде туристердің назарын аударатын демалыс орнына айналып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 03 Маусым, 2025
Сенатта энергетикалық инфрақұрылым туралы заң таныстырылды
Бүгін Сенатта 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2025
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 03 Маусым, 2025
Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынай бастайды
2025 жылдың соңына қарай Каспий теңізінде Ақтаудан Махачкалаға дейін круиздік лайнер қатынасы қолға алынады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 03 Маусым, 2025
Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды
Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Маусым, 2025
Қызылжардың тарихи орындары туристерді қызықтырады
Петропавл қаласының аумағында бүгінгі таңда туристерді тартатын 28 тарихи ескерткіш және демалыс орындары бар, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Маусым, 2025
Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырумен «INNOVATION» республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.