Алматы • 17 Қараша, 2025

Алматыда студенттер күні қалай өтті?

1 мин
оқу үшін

Ел жастарының елеулі бөлігі тұрып жатқан Алматыда Халықаралық студенттер күні аталып өтті. Мереке аясында қалада студенттердің белсенді өмірі мен жастар әлеуетін дамытуға арналған ALMATY STUDENT’S WEEK 2025 апталығы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда студенттер күні қалай өтті?

Жастардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік әлеуетін ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар студенттердің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып, олардың бастамашылдығын және азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.

Қаладағы 35 жоғары оқу орнында 150-ден астам іс-шара өтіп, 40 мыңнан астам студентті қамтыған. Шығармашылық кештер, интеллектуалдық ойындар, спорттық және экологиялық акциялар, қайырымдылық бастамалардың әрбірінің өзіндік тақырыптық бағыты болды.

«Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» акциялары аясында Taza Campus челленджі, StudSport олимпиада жүлдегерлерінің дәрістері, Jas IQ зияткерлік ойындары, кинокөрсетілімдер мен акустикалық кештер өтті. Сонымен бірге «Алматының үздік студенттік тобы» анықталып, байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңге болды.

Айта кетейік, шаһардағы 35 жоғары оқу орнында 210 мыңнан астам студент білім алып жүр. Алматы елдегі ең ірі білім беру орталығы, жас буынды жаңа белеске ынталандыратын білім қаласы.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13