Ақ
Оқиға • 07 Қараша, 2025
СҚО-да бюджет ақшасы бес жыл бойы есепшінің қалтасына түсіп келген
Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы бухгалтері бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын өз шотына заңсыз аударып келгені анықталды. Әйел адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Сәби өлімі бойынша әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстанның көрсеткіші қандай?
Соңғы жылдары әлемде бір жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі азайғанымен, елдер арасындағы алшақтық әлі де орасан. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мың балаға шаққанда екіден аз болса, кейбір кедей елдерде жүзге дейін жетеді. Ranking.kz мәліметінше, Қазақстан сәби өлімін азайтуда айтарлықтай ілгері жылжығанымен, әзірге дамыған елдердің деңгейіне жете қойған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Елді мекендерде алғаш рет: Көктайғаққа қарсы материалдардың ұлттық стандарты әзірленді
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) алғаш рет елді мекендер аумағында қолданылатын көктайғаққа қарсы материалдарға (КҚМ) қойылатын талаптарды айқындайтын ұлттық стандарт әзірленді. Құжаттың мақсаты жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және қыс мезгілінде реагенттердің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
«Орталық Азия – АҚШ» саммитінде Дональд Трампқа Қазақстанға қонақ болу жоспарыңызда бар ма деген сауал қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті
Ресми кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 07 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қараша, 2025
Қазақстан мен АҚШ президенттері Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 07 Қараша, 2025
Қазақстан мен АҚШ құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойды
Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақ орданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 07 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ-тың танымал басылымдарына сұхбат берді
Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 07 Қараша, 2025
Президент John Deere компаниясының өкілі Чабо Лейкомен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 06 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады
Республикалық партиядан сайланған сенатормен кездесуде қазақ-америка қатынастарын нығайтуға парламенттік дипломатияның қосқан үлесі талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 06 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады
Қазақстан Президенті Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 06 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық конгрессмендерді қабылдады
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшелері Джимми Панеттамен, Кэрол Миллермен, Билл Хайзенгамен және Сидни Камлагер-Давпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Қараша, 2025
Президентке халықаралық нарықтағы отандық ІТ стартаптар таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті, деп жазады Ақорда.
Президент • 06 Қараша, 2025
Қазақстан мен АҚШ-тың минералдар саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 06 Қараша, 2025
Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен кездесті
Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Зейнетақы қаражатына алынған үйді сатуға бола ма?
Біржолғы зейнетақы төлеміне алынған үйді қайта сатуға шектеу қойыла ма? Бұл сұраққа Отбасы банк өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Қараша, 2025
Алдағы күндері Астананы боран, ал Алматыны тұман басады
Синоптиктер 7-9 қараша аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 06 Қараша, 2025
Біле жүріңіз: Ақшаны дұрыс жинаудың тәсілі қандай?
Көпшілік үшін пәтерге ақша жинау немесе жай ғана қаржылық қауіпсіздік жастығын қалыптастыру оңай емес болып көрінеді. Алайда, ranking.kz порталының мәліметінше, бұл мақсатқа жету үшін жоғары табыс табу емес, жүйелілік пен тәртіп басты рөл атқарады. Ең басты қағида – «қашан мүмкіндік туады» деп күтпей, табысыңыздың белгілі бір бөлігін әр ай сайын жинап отыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қараша, 2025
Тасқыннан зардап шеккен БҚО тұрғындарына қанша үй салынды?
Орал қаласында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру, сондай-ақ су тасқынының алдын алу шаралары жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған үйлерді және Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарының нәтижесін көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 06 Қараша, 2025
Ақтөбеде оқу орны Миннесота университетімен бірлескен жобаны қолға алды
Жуырда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде АҚШ-тың Миннесота университетімен бірлескен «Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы» ашылады.
Сауда • 06 Қараша, 2025
Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы ең сенімді сауда серіктесі
Былтыр Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа жөнелтілген тауарлар мен қызметтердің 96,7%-ы Қазақстанның үлесіне тиді. Ақшалай түрде бұл 2,4 млрд АҚШ долларын құрады, ал жалпы көлем – 2,5 млрд доллар. Екінші орында – Өзбекстан (44,4 млн доллар). Бұл деректер БҰҰ-ның Comtrade есебіне негізделген Trading Economics халықаралық порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қараша, 2025
Қазақстанда 2050 жылы жел мен күннен алынатын энергия үлесі қаншаға жетеді?
Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің әйел-көшбасшылары, сарапшылары және мемлекеттік органдарының өкілдерін біріктірген «Су ресурстары мен энергетика саласындағы әйелдер» атты өңірлік диалог өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қараша, 2025
Ақмола облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілді
«ҚазАвтоЖол» Ақмола облысында көлік қозғалысына жылдамдық шектеуі енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Баға • 06 Қараша, 2025
Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында бүгінгі 6 қарашадағы шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 06 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
Мемлекеттік және жекеменшік сектор қызметкерлері қанша жалақы алып жүр?
Мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы жалақы айырмашылығы шамамен 30%, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Филиппин Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Калмаэги» тайфунының салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Филиппин Президенті Фердинанд Маркосқа көңіл айтты.