е
Парламент • 08 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты «Ақжайық» шағынауданының құрылыс барысымен танысты
Орал қаласында 50 мың адамға арналған жаңа «Ақжайық» шағынауданының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда сегіз көпқабатты үй пайдалануға берілген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Президент жұмысшы жастарды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөледі – Қошанов
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің «Бір толқында» диалог алаңының жұмысына қатысты. Шығыс Қазақстан облысының Горная Ульбинка ауылында еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық делегат бас қосты. Сондай-ақ іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Шілде, 2025
Нұржан Құсайынов жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі қаза тапты
Елордада бір тәуліктің ішінде төрт бала көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың екеуі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Жамбыл облысындағы зілзала салдарынан 2 үйге зақым келген
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев фейзбук әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Қытай 74 елге визасыз режим енгізді
Қытай шетелдік туристерді тарту және елдің халықаралық беделін арттыру мақсатында 74 мемлекеттің азаматтарына 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат берді. Бұл туралы ҚХР Ұлттық көші-қон қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды
Бүгін сағат 14: 30-да Жамбыл облысы аумағында 2-6 балл арасында жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі осыған байланысты өңірде жедел штаб жұмысқа кіріскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кетпек болған
Алматы қаласының Төле би даңғылында полиция қызметкерін қағып, қашқан 20 жастағы мопед жүргізушісі ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Түркістанда жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, арты ірі өртке ұласқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Алматы тұрғыны автобуста зейнеткерді соққыға жыққан
Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның автобуста зейнеткерге бірнеше рет қол көтеріп, соққы жасаған сәті бейнеленген. Бұл дерекке қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
6 балл: Жамбыл облысында жер сілкінді
«Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС Жамбыл облысында бүгін сағат 14: 30-да жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
СҚО-да 22 ірі инвестициялық агрожоба іске асырылады
Аталған жобаларға 17 млрд теңге инвестиция құйылған. Өңір әкімінің мәліметінше, жоспарланған нысандардың ішінде 7 мың бас ірі қара малға арналған жылына 47 мың тонна литр сүт құрайтын 11 сүт-тауар фермасы бар, деп жазады Egemen.kz.
Ауыр атлетика • 08 Шілде, 2025
Кира Данилова ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде отандасымыз Кира Данилова топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы ICAO кеңесінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау 20 маусымынан 20 шілдеге дейін жалғасады. Сыйлыққа ҚР-ның 35 жасқа толмаған (35 жасты қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Шілде, 2025
Әлихан Әскербай Азия чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Әлихан Әскербай асқан шеберлігімен тәнті етті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Шілде, 2025
Сүт шаруашылығында бұрын-соңды болмаған өсім тіркелді
Бүгін Үкімет отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау және өңірлердегі табысты тәжірибелерді кеңінен тарату мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Шілде, 2025
Мергендер жаһандық жарысқа аттанды
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жамбы атудан жасөспірімдер арасында осы айдың 9-13 күндері аралығында өтетін әлем чемпионатына аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Жезқазғанның автопаркы 15 жаңа автобуспен толықты
Ұлытау облысының құрылғанына үш жыл болды. Осы қысқа мерзімде өңірде түрлі салада алға жылжу бар, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 08 Шілде, 2025
Ауыл мектептерінің әлеуеті артып келеді
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуды көздеген «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы 2023 жылы басталғаны мәлім. Елімізде мектептердің 70 пайызға жуығы ауылдарда орналасқан және көбі шағын жинақты мектептер, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Шілде, 2025
Елімізде сұранысқа ие дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтары үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Аталған жұмыстың аясында министрлік «Химфарм» АҚ, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС сынды жетекші фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Астанада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Жол-көлік оқиғасы Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 08 Шілде, 2025
Мал шаруашылығын дамытуға жеңілдікпен несие беріледі
Президенттің ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту туралы тапсырмаларын орындау аясында шаруаларға жеңілдікпен кредит алуға мүмкіндік беретін екі бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 08 Шілде, 2025
Қазақстан ет сатып 500 млрд теңге табыс табады
Қазақстанда ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Министрдің айтуынша, етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибе енгізілетін жобалар арқылы жыл сайын шамамен 500 млрд теңге көлемінде табыс түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
Мәдени мұраны сақтаудың жапондық үлгісі
Климаттың өзгеруі, жер сілкінісі мен ылғалдылық – ғасырлар бойы сақталған тарихи ескерткіштер үшін бүгінгі таңда басты сын-қатерлердің бірі саналады. Әсіресе, ағаш немесе балшық негізінде тұрғызылған көне құрылымдар табиғи құбылыстарға аса сезімтал келеді. Осыны ескерген Жапония сынды елдер мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдеріне көше бастады.
Елорда • 08 Шілде, 2025
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды
Жол бөлігінің жабылуы – Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жалғасуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Шілде, 2025
Әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасы төмендеді
Өткен сенбіде Үкіметте бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды. Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар көкөніс бағасының өсуі тоқтағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Бір тәулікте 100-ден астам палестиналық қаза тапты
Соңғы бір тәулік ішінде Израиль армиясының әуе соққылары салдарынан Газа секторында 100 -ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Спорт • 08 Шілде, 2025
Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында табысты өнер көрсетіп, үш бірдей жүлдені еншіледі. Барлық медальдар 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшыларға тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 07 Шілде, 2025
Өңірлік интернет-хабқа айнала аламыз ба?
Орталық Азия кеңістігінде еліміз цифрлық инфрақұрылымы жағынан ең дамыған мемлекет саналады. Дегенмен, телекоммуникация нарығына иелік ету құрылымы шектеулі, негізгі компанияларды бақылайтын меншік иелерінің шеңбері тар. Мұндай төмен бәсекелестік салаға мемлекеттік ықпалдың күшеюіне әкеліп, дамуды тежеуі мүмкін. Халықаралық Internet Society ұйымы еліміздің телеком нарығының ағымдағы жай-күйін талдай отырып осындай пікір білдірген, деп жазады Egemen.kz