ыс
Құрылыс • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда әуеайлаққа жақын салынған екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халықаралық әуежай маңындағы бірқатар тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкім: Сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталғандар мен олардың қорғаушылары 2025 жылғы қарашада шығарылған сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Ұлттық компания дрон басқара білетін мамандар іздеп жатыр
Азаматтық секторда ұшқышсыз әуе кемелерін (ҰӘКЖ) пайдалану қарқыны артып, кәсіби даярланған мамандарға сұраныс күшейіп келеді. Осыған байланысты «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС дрон басқара алатын, ұшқышсыз әуе кемелері жүйелерін кәсіби деңгейде меңгерген операторларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қаңтар, 2026
Биыл Жамбыл облысында 13 спорт кешені ашылады
Өткен жылы өңірде 3 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, 2 спорт мекемесі спорт клубы ретінде қайта құрылды. Бұл жұмыс осы жылы да жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Өткен жылы Жамбыл облысында 1471 адам сотталған
Жамбыл облысында өткен жылы 1268 қылмыстық іс қаралып, соттың шешімімен 1471 адам сотталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда жаңа шаңғы тебу аймағы ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы тау кластерін, Щучье-Бурабай курорттық аймағын және Маңғыстауды дамыту жоспарлары бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 27 Қаңтар, 2026
Зейнеткерлер «Қысқы шабыт» көрмесін ұйымдастырды
Елорданың Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қысқы шабыт» атты арт-терапия үйірмесінің көрмесі ашылды. Экспозицияда үйірме қатысушыларының қыс мезгіліне арналған көркем және қолданбалы өнер туындылары ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін
Жетісу облысы Жаркент қаласында баласын байлап қойып, аяусыз ұрған 28 жастағы әйелге қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (азаптау) бойынша жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде күдікті сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 27 Қаңтар, 2026
Биыл Көкше қысы қытымыр. Тебіндегі жылқының жайы жаман емес. Көрікті өңірдегі аң-құс та аман. Жануарлар дүниесіне жанашырлар ат үстінен түспей, қамқорлық көрсетіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Прокурорлар мен полицейлердің бірлескен арнайы операцияларының нәтижесінде екі ауданда қылмыстық топтар ұсталған. Олардың қылмыстық әрекеттерінен келтірілген залал 80 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы
Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ұсыныстар жөнінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау
Қазақстандағы конституциялық реформалар – әлемдік геосаяси ахуал талаптарын ескере отырып, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы дамудың тың бағытын айқындайтын маңызды қадам. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады
Қазақстан Конституциясына енгізілетін редакциялық түзетулер сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығына нұқсан келтірмейді. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Конституциялық комиссияның үшінші отырысында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі
Конституцияға енгізілетін өзгерістер Қазақстан қоғамының болашаққа бағдарланған әділ әрі мықты мемлекет құруға деген сұранысын айқын көрсетеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында «Келешек» жастар кеңесінің басшысы Гүлзира Атабаева осындай пікір білдіріп, ұсынылып отырған түзетулердің жастар үшін стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Исидор Борчашвили: Конституциялық реформа – құқықтық бірлік пен адамға бағдарланған таңдау
Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер елдің құқықтық кеңістігін нығайтып қана қоймай, мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын айқын көрсетеді. Конституциялық комиссияның отырысында Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Исидор Борчашвили осындай тұжырымын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Айдарбек Қожаназаров: Конституциялық реформа – жас ұрпаққа бағыт, экономикаға серпін
Конституциялық реформалар мемлекеттің тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашады. 26 қаңтарда өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында осы тақырыпқа арнайы тоқталған «Respublica» партиясының атынан сөз сөйлеген депутат Айдарбек Қожаназаров реформалардың стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 26 Қаңтар, 2026
М.Магеррамов: «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның берік тұғыры
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Қазақстан Халық партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамаларды талқылауға белсенді қатысып жатқанын мәлімдеді. Партия өкілі Магеррам Магеррамов Ата заңға өзгерістер енгізу ел дамуы үшін тарихи маңызы бар үдеріс екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2026
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін сағат 16:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау және Маңғыстау облыстарынан өтетін республикалық тасжолда көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі
Елордалық «Astana Recycling Plant» ЖШС-ға тариф бағасын негізсіз көтергені үшін 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Қаңтар, 2026
«Теңіз» кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнынан мұнай өндіру қайта жалғасты. «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі бұл деректі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Жалған табыс уәде еткендер Бурабай тұрғынын тақырға отырғызды
Бурабай баурайындағы жергілікті отельдердің бірінде жұмыс істейтін 50 жасар әйел өзінің аңқаулығынан алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Рейстердің себепсіз кешігуі: Депутаттар әуе тасымалына қатысты тұтынушылар шағымын талқылады
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата жолаушылар тасымалы саласындағы авиациялық қызмет және авиациялық қызмет көрсету мәселелерін талқылады. Депутат Айдос Сарымның төрағалығымен өткен отырысқа Мәжіліс төрағасының орынбасарлары Альберт Рау мен Дания Еспаева қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 26 Қаңтар, 2026
Кореяда заңды жұмыс істеу мүмкіндігі: Қазақстан «EP S» жүйесіне қашан қосылады?
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының еңбек миграциясы жөніндегі делегация өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – ел азаматтарын Корея Республикасына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін рұқсат жүйесі аясындағы ынтымақтастықты дамыту. Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
FlyArystan әуе компаниясының ұшағы құстармен соқтығысуына байланысты Орал қаласының әуежайында кідіруге мәжбүр болған. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында мыңдаған адам -20 градус аязға қарамастан, президент Дональд Трамп әкімшілігі жүргізіп жатқан иммиграциялық репрессияларға қарсылық білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 25 Қаңтар, 2026
Луиш Нани тек доп теппейді: Футболшының жалақысы мен жаңа міндеті белгілі болды
Португалия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» аңызға айналған ойыншысы Луиш Нани ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының сапына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін қысқарту және адвокатура институтының конституциялық мәртебесін бекіту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Белгілі заңгер Қазақстанда дінді саясиландыру қатерін жоюды ұсынды
Мемлекеттің барлық діни бірлестіктерге қатысты ұстанымы бейтарап болып қалуға тиіс. Бұл қоғамдық келісімнің, тұрақтылық пен мемлекеттік институттарға деген сенімнің кепілі. Осыған байланысты «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай Конституциялық Комиссияның бірінші отырысында Ата заңға дінді мемлекеттен бөлу туралы норманы енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Ата заңды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын баяндады. Ол адамға бағдарланған тәсілді күшейту, негізгі құқықтар мен әрбір азаматтың бостандығын басымдық ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.