Соңғы жаңалықтар
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Гарвардтағы дала конституциясының дәрісі
Жақында Гарвард университетінде Конституциялық сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, Maqsut Narikbayev университетінің қауымдастырылған профессоры Мүсілім Хасеновтің «Қазақстанның конституциялық эволюциясы: көшпелі басқарудан заманауи реформаларға дейін» атты дәрісі өтті. Дәріс ағылшын тілінде оқылып, Гарвардтың профессорлары мен студенттерін, сондай-ақ Бостон қаласындағы басқа да жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін жинады.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Еуропаның қақ төрінде тамылжытып ән салған Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері – бар қазаққа ортақ рухани қазына, өшпес өнеге. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында өткен «Ән атасы – Әміре» атты музыкалық кеш әншінің Париждегі дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына арналды.
Президент • 16 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Желтоқсан, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, 18 желтоқсандағы Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Саясат • 15 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар – басты назарда
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңес өтті. Онда негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты мәселе талқыланды.
Саясат • 15 Желтоқсан, 2025
Стратегиялық ынтымақтастық жалғасады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада «Қазақтың ХХІ ғасырдағы дәстүрі мен құндылықтары» атты бірегей тұжырымдамалық жинақ көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, депутаттар, ғалымдар, сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Майға тәуелділік азаяды: Шығыс Қазақстандағы жаңа зауыттың ерекшелігі неде?
Өскеменде май өнеркәсібі саласында заманауи және ең жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі саналатын ALTAI MAI толық циклді май экстракциялық зауытының салтанатты ашылуы өтті. Зауыт өнімі жоғары сапалы болады әрі өндірістің экологиялық қауіпсіздігі сақталған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында жыл басынан бері өрттің салдарынан 9 адам көз жұмған
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан 30 өрт дерегі тіркелген. Оның ішінде 163 өрт тұрғын үй секторында болған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның ЖІӨ өсімі жыл басынан бері 6,4%-ды құрады
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Биыл қысқы уақытта Павлодарда 24 мұз айдыны жұмыс істейді
Мұз айдындарының төртеуінде келушілерге коньки тегін беріледі. Барлық алаңдарды 20 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Желтоқсан, 2025
Электр энергия өндірісінің 7%-дан астамын жаңартылған энергия көздері қамтамасыз етті
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «жасыл» технологиялар саласындағы жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, жаңартылған энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға жағдай жасап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік мерекесіне тарту: Жетісудың мәдениет мекемелері жаңа автокөліктермен толықты
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысында өңірдің мәдениет саласын қолдауға бағытталған маңызды шара өтті. Талдықорған қаласындағы орталық алаңда ұйымдастырылған салтанатты рәсімде жергілікті мәдениет мекемелеріне жаңа автокөліктердің кілттері табысталды. Техниканы облыс әкімінің атынан оның орынбасары Диас Есдәулетов салтанатты түрде табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Зияткер ұстаз» республикалық шахмат турнирі өтті. Қазақстанның 20 өңірінен 130-дан астам педагог 2 млн теңге жүлде қоры үшін бақ сынасты.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
Абзал Әжіғалиев өз мансабындағы төртінші Олимпиадасына аттанады
Шорт-тректен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиев Milano Cortina – 2026 Қысқы Олимпиадасына аттанады. Тәжірибелі спортшы төртінші Олимпиадасына бар күш-жігерін салуға ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 15 Желтоқсан, 2025
«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасы таныстырылды
Бүгін «QAZCONTENT» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының «Ұлт оқитын 100 кітап» бірлескен жобасының ресми таныстырылымы өтті. Ұлттық сауалнама негізінде таңдалған 100 көркем әдеби туынды алғаш рет бір платформада, жаңа форматта ұсынылып отырғандықтан, осынау әдеби-мәдени жаңалықпен көпшілікті хабардар ету мақсатында әдебиетші, кітапханашы, ақын-жазушы, депутаттар ҚР ұлттық академиялық кітапханада бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Желтоқсан, 2025
15 жыл, 99 млрд доллар: Биткоиннің белгісіз иесі әлемге қандай құпия қалдырып кетті?
2010 жылдың дәл осы күнінде Биткоиннің құрылтайшысы Сатоши Накамото қоғамдық өмірден ғайып болып, соңғы рет «мен басқа істерге көшіп кеттім» деп хабарлама қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 15 Желтоқсан, 2025
Ғалымдар пестицидтерді жедел анықтайды
Отандық ғалымдар ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі қауіпті пестицид қалдықтарын жоғары дәлдікпен және жедел анықтайтын жаңа буын электрохимиялық сенсорларды әзірледі. 2023 жылы басталып, биыл сәтті аяқталған жоба Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырған. Осы уақыт аралығында магистранттар мен докторанттар жетекші ғалымдармен бірлесе отырып, әртүрлі сенсорлар үлгісін жасап шығарған.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды
Қолайсыз ауа райына байланысты Астанадан шығатын барлық автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Аяз, көктайғақ: Астананың бас травматологы тұрғындарды сақ болуға шақырды
Елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас штаттан тыс травматолог, басқарма маманы Алексей Солод қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және көшеде сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында әк шығаратын зауыт іске қосылды
Түркістан облысы Түлкібас ауданында өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі өндірістік жоба – «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС-ның әк шығаратын зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Желтоқсан, 2025
Энергетика министрі: Жылу желілерінің тозуы 25%-ға азайды
2025 жылға арналған Үкімет жұмысының қорытындыларын шығару аясында Astana Hub алаңында өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымында атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Қостанайда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер ұсталды
Қостанайда өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон полициясы заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 15 Желтоқсан, 2025
Google бірден құлаққап арқылы аударып беретін жүйені іске қосты
Google Translate қызметіне Gemini-дің кеңейтілген мүмкіндіктері интеграцияланып, тіл үйрену құралдары жақсартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 15 Желтоқсан, 2025
Парижде «Қобыланды батыр» эпосы сахналанды
Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртістері Францияға гастрольдік сапармен барып, Парижде «Қобыланды батыр» қойылымын сахналады. Хореографиялық элементтермен, ерекше көз тартарлық костюмдермен, домбыра мен қобыздың дауысымен көркемделген қойылым көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов пен Франциядағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова қойылымға арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
V Азия Пара ойындарында еліміз неше медаль еншіледі?
Жасөспірімдер арасында V Азия Пара ойындары Дубай (БАӘ) қаласында осы айдың 10-13 күндері өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 15 Желтоқсан, 2025
Заң мен тәртіп: 2 200-ден астам азамат құқықтық кеңес алды
«Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» жобасын іске асыруда. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан
Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 15 Желтоқсан, 2025
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 519,61 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,63 теңгеге төмендеген. Ұлттық банктің 15 желтоқсанға арналған ресми бағамы 522,38 теңге деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
Зеленский Украинада президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Владимир Зеленский жақында Берлинде АҚШ және Еуропа елдерінің жетекшілерімен кездесетінін хабарлады. Кездесу бейбітшілік жоспарын талқылауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.