Соңғы жаңалықтар
Өнер • 12 Қыркүйек, 2025
Суретшінің бір мұраты – көңіл қатпарына жасырынған сезім мен ойды, уақыт пен кеңістікті үнсіз тілдестіру. Ескі мен жаңаны ұштастырған шебер Асқар Ахаманның шығармалары – осы үнсіз диалогтің айқын дәлелі. Оның кенебі – философиялық толғаныстар мен мифологиялық астарға, рухани символикаға толы көркем әлем.
Ғалам ғажаптары • 12 Қыркүйек, 2025
«AIRI» және Сколтех ғалымдары адамның биологиялық жасын анықтайтын әлемдегі алғашқы ашық платформаны жасады. Бұл жүйе «қартаю сағаты» деп аталады.
Музей • 12 Қыркүйек, 2025
Әуежай музейі Алаш мұрасын дәріптейді
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайында ұлт ұстазына арналған жаңа мұражай ашылды. Музей екінші қабаттағы жолаушылар демалатын кең залда орналасқан.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2025
Торғай – мемлекеттің айрықша назарында
Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай өңіріне ерекше тоқталып, Үкіметке бұл өңірге айрықша назар аудару керектігін тапсырды. Бұған дейін де Бурабайда өткен төртінші Ұлттық құрылтайда президент ел дамуы үшін стратегиялық маңызы бар жаңа бастамаларды жария еткені баршамызға белгілі.
Сатира • 12 Қыркүйек, 2025
Бізге мамандық таңдауда әкеміз оңбай қателесіпті. Оны өзі де мойындап: «Қайдан білейін, мына аласапыран заманда өремнің жеткені – қуырдақтың көкесі – экономисте, табыстың кілті – соттың сығымында, келешектің берекесі – кеден керуенінде деп, баламның бірін сот, бірін экономист, кенжемді кеденнің оқуына орғытып, кеуде керіп кейкиіп жүрсем...
Пікір • 12 Қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығына серпін беретін бастама
Президент биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығына жауапты шенеуніктерге сын айтты. Қазіргі ахуалды айтуға ұят деп бағалады. Расында, құдай берген ұлан-байтақ жеріміз бар. Мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамыт та, өз-өзіңді асыра. Қазір Қазақстан шетелден миллиардтаған долларға азық-түлік импорттайды. Тіпті, сонау Аргентина секілді шалғайдағы мемлекеттерден ет әкеледі екенбіз.
Басылым • 12 Қыркүйек, 2025
Көкейкесті жоба – «Қазақстан мектебі» журналы
Таяуда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында ардагер журналист, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайраш Әбішқызы бастаған ғылыми топ әзірлеген «Қазақстан мектебі» журналы: 1925-1991 жылдардағы тарихи белестері» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Digital • 12 Қыркүйек, 2025
Керек дерек: Медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны
Қараша айына дейін медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтеді. Осы кезеңде азаматтар өз емханасын ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл рәсімді толықтай онлайн режімде «eGov.kz» порталы немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болады.
Экспорт • 12 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында ет экспорты бойынша жұмыс жүйеленген. Осы жылы жамбылдық шаруалардың өнімі бірнеше мемлекетке сатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда ет апта сайын қымбаттап жатыр
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер жыл басынан бері елде орташа есеппен 7,9%-ға қымбаттады. Сиыр еті – шамамен 3 есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Қыркүйек, 2025
11 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы маңындағы металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Маңғыстауда жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты
Жантүршігерлік оқиға 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2025
Бейнебақылау камерасын сындырып, қосымша жаза арқалады
Қызылордада бейнебақылау камерасын сындырған сотталғанға қосымша жаза тағайындалды. Сот Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғанға қатысты осындай үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған 48 үй салынып жатыр
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдоуси елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ауқымды әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Жоба аясында 1 қабатты, әрқайсысы екі пәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Қыркүйек, 2025
«Атырау» футбол клубына жаңа директор тағайындалды
«Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС-нің директоры қызметін Қуандық Жақлияев атқаратын болды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 11 Қыркүйек, 2025
Атырауда 8 айда табиғатты ластағандарға 2,360 триллион теңге айыппұлы салынған
Атырау экологтері 8 айда қоршаған орта тазалығының сақталуына 21 тексеру жүргізді. Оның ішінде жоспардан тыс 13 тексеру бар, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 11 Қыркүйек, 2025
Түркістанда түрік жазушысының балаларға арналған кітабы таныстырылды
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, “Низами” медалінің иегері, «Сарасөз» журналының құрылтайшысы әрі бас редакторы Гулжаз Қарыбектің аударуымен жарық көрген түрік жазушысы Фатма Гүнердің «Достардың махаббаты» атты балаларға арналған шығармасының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2025
Димаш пен қытайлық телеарна бірлесе бастаған халықаралық жобаның түсірілімі басталды
Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 11 Қыркүйек, 2025
Сенатор Дархан Қыдырәлі: Парламенттік реформа – Жолдаудың ең маңызды тұсы
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 11 Қыркүйек, 2025
«Түркі мемлекеттері тарихы» академиялық басылымдарын әзірлеуге арналған жиын өтті
Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркі Академиясының ұйымдастыруымен түркі мемлекеттерінің ортақ академиялық тарихын жазу мәселелерін талқылауға арналған екінші ғылыми жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Маңғыстауда Президент Жолдауын іске асыру жолдары сараланды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларды талқылауға арналған облыс активінің кеңейтілген отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда депутаттардың жалақысына бюджеттен қанша ақша жұмсалады
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжілістегі брифингте Парламенттің қызметіне жұмсалатын мемлекеттік бюджет шығындары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2025
Neuralink ми имплантаттарын алғандар саны артып келеді
Илон Маск негізін қалаған Neuralink компаниясы әлем бойынша 12 адамға ми чиптері орнатылғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 11 Қыркүйек, 2025
FIFA 2027 жылға дейін 100 шағын футбол алаңын салады
Еліміз халықаралық FIFA Arena жобасын жүзеге асыру туралы келісімге алғашқылардың бірі болып қол қойды. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және мектеп оқушыларына заманауи спорт инфрақұрылымына тең қолжетімділік жасауға бағытталған. Жоба аясында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің аумағында 100 шағын футбол алаңы салынады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 11 Қыркүйек, 2025
Еліміз «Қайрат» – «Реал» матчынан қанша пайда тапты?
Алматыда өткен «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу ел тарихындағы ең ірі спорттық оқиғалардың біріне айналды. Бұл қаржы Алматы экономикасына зор серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандыра түсті.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты
Алматы облысының Іле ауданында металл қабылдау бекеттерінің бірінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Қыркүйек, 2025
449 талапкер «Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегері атанды
Қазақстандық жастардың бір бөлігі биыл «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен тегін білім алу құқығына ие болды. Қордың «Білім беру гранттары» бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылына арналған гранттар бөлініп, қаржыландыру көлемі Қамқоршылық кеңестің 2025 жылғы 24 шілдеде өткен №24 шешімімен бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Жаңақорғанда кешіктірілген жалақы мәселесі шешімін тапты
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1847 жұмысшының жалақысы уақытылы төленбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Украиналық босқынды өлтірген күдіктіге өлім жазасы сұралды
Солтүстік Каролинадағы Шарлотта қаласында Декарлос Браун 23 жастағы украиналық босқын Ирина Заруцкаяны пойыз ішінде пышақтап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz New York Post басылымына сілтеме жасап.
Президент • 11 Қыркүйек, 2025
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.