АҚ
Еңбек • 24 Ақпан, 2026
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Алдағы он жылда Қазақстанның еңбек нарығы ауқымды кадр тапшылығына тап болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасаған орта мерзімді болжамға сәйкес, 2035 жылға қарай ел экономикасына шамамен 2,9 млн қызметкер қажет болады. Бұл – бір сәттік сұраныс емес, алдағы онжылдықтағы жинақталған қажеттілік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Цифрлық медиа дәуірінде контент қоғамның ақпараттық кеңістігін қалыптастыратын басты ресурсқа айналды. Әлеуметтік желілерде трендке шығу бүгінде қалыпты құбылыс саналады. Алайда қазақтілді контенттің халықаралық немесе кең аудиторияда танымал трендтер қатарына сирек енуі қоғамда жиі талқыланатын мәселе болып отыр. Бұл құбылыстың түпкі себептері тек тілдік фактормен шектелмей, медиа форматтың ерекшелігі, аудиторияның мінез-құлқы және платформалардың алгоритмдік саясаты сияқты бірқатар күрделі факторға негізделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Ақтөбеде жол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жаңа технология сынақтан өте бастады. Енді жүргізушілер жаяу жүргіншінің өткелге жақындағанын алдын ала байқап, жылдамдығын дер кезінде төмендете алады. Бұл жүйе адам жолдың жүріс бөлігіне шықпай тұрып-ақ жарық сигналын беріп, қауіптің алдын алуға мүмкіндік жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық агенттіктерге, соның ішінде Қорғаныс министрлігіне, белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) мен жерден тыс өмірге қатысты үкіметтік құжаттарды анықтап, жариялау процесін бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 24 Ақпан, 2026
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Бүгін Алматыда өтіп жатқан III Еуразиялық тау курорттары альянсы (ЕТКА) фестивалінде ЕТКА-ның Жасыл хартиясы қабылданды. Бұл хартия Еуразия кеңістігіндегі тау туризмі индустриясының тұрақты дамуының ортақ қағидаттарын айқындайтын стратегиялық құжат саналады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Ақпан, 2026
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан «Kazakhstan Pipe Threaders» зауыты өңірдегі жұмыспен қамту мен кәсіби кадр даярлау ісіне елеулі үлес қосып келеді. Аталған кәсіпорын әлемдік деңгейдегі Tenaris компаниялар тобына кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Өткен жылы Ақтөбе облысында 35 елді мекен арақ-шарап өнімдерін сатудан бас тартқан еді. Биыл «Қауіпсіз аула» және «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Ақтөбе облысының төрт ауданындағы тағы бес ауыл спирттік ішімдіктерден бас тартуға шешім қабылдады. Нәтижесінде өңірдегі «арақсыз» елді мекендердің жалпы саны 40-қа жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 24 Ақпан, 2026
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бүгін Болгарияның астанасы – Софияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде Қазақстанның 15 бокшысы күш сынасады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Президенттің Қызылорда облысындағы егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде суды аз қажет ететін дақылдарға көшіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Қызылордада тағы бір елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Арал ауданындағы Мергенсай ауылдық округінің тұрғындары әкімдік пен учаскелік полиция инспекторының бастамасын бірауыздан қолдап, салауатты өмір салтын таңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Ақпан, 2026
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Бүгін Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Жарық тұрғын алабында орналасқан құс фабрикасында өрт шықты. Қызыл жалын жұмыртқа сақтауға арналған бір қабатты қоймада тұтанған, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 24 Ақпан, 2026
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет бірден төрт спортшы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Бұл – отандық теннис мектебінің тұрақты дамуы мен спортты жүйелі түрде қолдаудың нақты нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы уақытта айналасындағы кеңесшілері мен сенімді адамдарынан бір сұрақты жиі сұрай бастады. 2028 жылы Республикалық партияға кім жетекшілік етуі керек: вице-президент Джей Ди Вэнс пе, әлде мемлекеттік хатшы Марко Рубио ма? Әзіл-шыны аралас айтылғанымен, бұл сауалдың астарында Трамптың болашаққа қатысты нақты жоспары жатқандай, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 24 Ақпан, 2026
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ақсу қаласында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңір жастарымен кездесу өткізді. Диалог Еуразиялық энергетикалық корпорация алаңында өтіп, адам капиталын дамыту, мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын іске асыру және жаңа Конституция жобасын талқылаудағы жастардың рөлі мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Ақпан, 2026
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Былтыр еліміздің сыртқы сауда айналымы жалпы көлем жағынан тұрақтылық сақтағанымен, оның ішкі құрылымы айтарлықтай өзгерді. Экспорт азайып, импорт көбейген сайын сауда балансының артықшылығы қысқарып, экономикадағы сыртқы тірек әлсірей түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарының алтын медаль иегері Михаил Шайдоров Спорт және туризм министрлігінің спортшының табысы туралы жариялаған ақпаратқа ренішін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 23 Ақпан, 2026
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Қазақстан дәстүрлі шикізат экспорттаушы модельден біртіндеп бас тартып, мұнай-газ химиясы саласында терең өңдеуді дамытуға және ірі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға көшті. Бұл бағыт экономиканы әртараптандыру мен қосылған құны жоғары өнім шығаруға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Биыл 1 наурыздан бастап Мысыр билігі елге келетін шетелдіктер туристер, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визаның құнын көтеру туралы шешім қабылдады. Енді демалушылар өткізу пункттерінде рәсімделетін жедел виза үшін бұрынғыдан да көбірек ақы төлейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фармацевтика • 23 Ақпан, 2026
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Қазақстанда үндістандық «Десилмакс» дәрілік препаратының медициналық қолданысы мен айналымына ресми түрде тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізілген сараптама нәтижесінен кейін осындай шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Елімізде жерасты су қорын жүйелі зерттеу және түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі жүргізген алдын ала зерттеу нәтижесінде Қазақстан аумағында 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Бұл – су ресурстары тапшы кезеңде қосымша су көздерін айқындауға бағытталған маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Ақпан, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Ақпан, 2026
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден келетін импортқа 10 пайыздық кедендік баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа тарифтер 24 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы орнықты дамуының іргетасы. Еңбек адамының еңбегі – мемлекеттің негізі, ал еңбекқорлық елдің басты құндылықтарының біріне айналуы керек. Бұл құндылық ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі» АҚ ұжымына етене жақын. Кәсіпорын қызметкерлері ел азаматтары мұндай маңызды шешімнен шет қалмай, референдумға келіп, өз таңдауларын жасайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2026
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Абай облысы, Көкпекті ауданына қарасты «Шуақты Шұғыла» балабақшасының «Толағай археологтары» командасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қазақстанда абоненттік нөмірді бір байланыс операторынан екіншісіне ауыстыру (MNP) процедурасына елеулі өзгерістер енгізілмек. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тиісті бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталында 6 наурызға дейін талқылауға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 20 Ақпан, 2026
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
Атырау экологтері «Промэкология» ЖШС-ның әрекетіне тексеру жүргізді. Бұған жеке тұлғаның аталған компанияға қатысты шағымы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Ақпан, 2026
Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидаттар деңгейіне көтерілді
Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен шығармашылық зиялы қауым өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа құқықтық өзгерістердің жиынтығы ғана емес. Бұл – қоғамның өзі туралы түсінігінің өзгеруі, мемлекеттің кімге және не үшін қызмет ететінін айқындайтын құжат. Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңның жаңа мазмұнын заңгер, мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ ұсынған тұжырымдар арқылы сараптап көрдік.
Экспорт • 20 Ақпан, 2026
Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты
2025 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асты. Нақты айтқанда, импорт көлемі – 12 194 тонна болса, экспорт көлемі 14 167 тоннаға жеткен, деп жазады Egemen.kz.