ек
Тағайындау • 10 Сәуір, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа басшы тағайындалды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры қызметін Қуаныш Бишімов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Сәуір, 2025
Қызылордада 7 мың адам АПВ екпесін алды
Әлемнің 135 елінде тәжірибеге енген Адам папиллома вирусына қарсы вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеген. Әйелдерді жатыр мойны обырынан қорғайтын екпе олардың бала туу қабілетіне әсер етпейді.
Президент • 09 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Су кодексіне қол қойды
Кодекстің бірінші блогы су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға бағытталған. Заңнамаға алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
Қазақстанда салықтар, төлемдер мен алымдар саны азаяды
Қазақстанда әкімшілендіруді жеңілдетуге және бизнеске жүктемені азайтуға бағытталған салық жүйесін оңтайландыру ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде тиісті бастамаларды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Сәуір, 2025
Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі – мемлекеттік саясаттың маңызды элементі
Астанада «Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп «Қазақстанның дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: талдамалық тәсіл және жаңа сын-қатерлер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
ҚҚС өсімінен бюджетке 3 трлн теңгедей қосымша түсім түседі
ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру бюджетке 3 трлн теңгеге жуық қосымша түсімдер алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау күшейеді
Ерекше қажеттіліктері бар жастарды қоғамдық өмірге тарту маңызды. Олардың өмірден өз орнын табуына барынша жағдай жасалуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
Жаңа Салық кодексіне «Сән-салтанат салығы» қосылады
Жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстанда «сән-салтанат салығы» пайда болады. Оны қымбат жылжымайтын мүлік, көлік, теңіз кемелері мен ұшақтардың, сондай-ақ қымбат алкогольдік сусындар мен сигаралардың иелері төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
Енді жеке кәсіпкерлік құру талабы қатаңдатылады - Серік Жұманғарин
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды
Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының шегі 40 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 09 Сәуір, 2025
Үш ауысымды мектептер 3 есе азайған
2023, 2024 жылдары 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынуы – 100-ге жуық үш ауысымды білім ұяларын ғана емес, 200-ден астам мектепте орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берген, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 09 Сәуір, 2025
Еңбек нарығында белсенділік артты
Елімізде жұмыс күшіне деген сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр. Биылдың бірінші тоқсанында hh.kz платформасында 120 мыңнан астам белсенді жұмыс орны ұсынылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 08 Сәуір, 2025
Депутат некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыруды ұсынды
Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Сәуір, 2025
Үкіметте бизнес саласындағы негізгі мәселелер талқыланды
Үкімет аппаратында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 08 Сәуір, 2025
Үкіметте туристік саланы цифрландыру мәселесі қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құрудың маңыздылығы айтылды. Аталған мәселе бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 08 Сәуір, 2025
1100 мектепте дрондарды басқару үйірмелері бар
Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу – мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника шеңберіндегі бағыттардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 08 Сәуір, 2025
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға көңіл бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
Қазақстан мен Өзбекстанның әуе байланысы кеңейеді
Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқан бағытымен жаңа рейс ашпақ. Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2025
ІІМ қазақстандықтарға ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті
Соңғы уақытта жасанды интеллект технологияларының дамуына байланысты алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін игеріп жатыр. Олар енді дауыс көшірмесін жасап, жалған видеолар құрастырып, таныс адамдардың бейнесін имитациялап, тіпті нейрожелілер арқылы жеке аккаунттарды бұзып кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Жасанды интеллектінің әлеуметтік-еңбек қатынастарына әсері талқыланды
Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының Орталық кеңсесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшылығының өкілдері және салалық кәсіподақтардың төрағалары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Отандық санавиация Сеулге аттанды
Бүгін дәрігер мен фельдшерден тұратын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік медициналық авиация бригадасы «Аlaman Air» әуекомпаниясының алғашқы жаңа Bombardier Challenger CL-600-2B19 ұшағымен пациентке Оңтүстік Кореяға ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 07 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстағы тағдыркешті шайқастар
Адамзат тарихында ең құрбаны көп, қаншама халыққа үлкен қасірет алып келген сұрапыл шайқастың бірі ІІ дүниежүзілік соғыс болды. Соғыс өртінің алғашқы ұшқындары 1938 жылы нацистік Германияның көсемі Адольф Гитлердің Австрияға жасаған шабуылынан кейін басталды. Бұл шайқас әлемнің барлық елін шарпыды. Тіпті алыстағы АҚШ-та өзінің тынық мұхиттағы әскери кеме базасын Жапония тас-талқан еткен соң амалсыз қанды майданға кірді. Алты жылға созылған ұрыста тарихта бірінші мәрте ядролық қару қолданды. Алапат шайқаста жиырма миллионға жуық жауынгер қырылды, тағы ондаған миллион бейбіт тұрғын мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2025
Екібастұз ауылдарында кәсіпкерлер алкоголь сатудан бас тартты
Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасы бойынша полиция басқармасы, әкімдік және Екібастұз ауылдық округінің кәсіпкерлері алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 07 Сәуір, 2025
Жаңа импорттық баж салығы әлемдік қор нарығын құлдыратты
Жаһандық индекстерден кейін жұма, 4 сәуірде қазақстандық KASE 2,7% -ға, 5522 пунктке дейін төмендеді. Сарапшылардың болжамынша нарық алдағы бірер аптада өзгермейді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Мәжіліс төрағасы Парламентаралық Одақтың 150-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
Өзбекстанда Парламентаралық Одақ Ассамблеясының мерейтойлық отырысы өтті. Форумға қатысушылар парламенттердің әлеуметтік даму мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылады. Қазақстан Парламентінің делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2025
Биыл Астанада 15 мектеп ашылады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл елордада қанша білім ордасы ашылатыны туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 07 Сәуір, 2025
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде көш бастады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBO және IBF белдіктерінің иесі Жәнібек Әлімханұлы Boxrec рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Сәуір, 2025
Оралда арқан тартыстан рекорд орнатылды
Орал қаласында арқан тартыстан ҚР-ның рекорды орнады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2025
Түркістанда етті, майлы қойлардың V халықаралық көрмесі өтті
«Turkistan show arena» кешенінде өткен көрмеге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ингушития, Моңғолия, Молдова елдерінен мал шаруашылығымен айналысатын 200-ге жуық азамат және еліміздің өзге облыстарынан келген шаруалар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Сәуір, 2025
Карлос Адамес Жәнібекті жекпе-жекке шақырды
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC нұсқасының чемпионы Карлос Адамес күні кеше ғана Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенганы бесінші раундта ұрып жығып, екі бірдей алтын белбеуін қорғап қалған Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.