АҚ
Инфрақұрылым • 09 Тамыз, 2025
Павлодар қаласының көшелеріндегі су колонкалары алынады
Облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған. Жоба келесі аптада басталады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2025
Атырауда 6 айда 36 млн теңгеге жуық жалақы берешегі өндірілді
Атырау облысында жыл басынан бері жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау үшін 139 тексеру жүргізілген. Соның нәтижесінде 140 заң бұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 08 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект олимпиадасында Қазақстан оқушылары рекордтық жетістікке жетті
Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) үздік нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Алтын медаль иегерлері – Қасымқан Жәнібек, Әбу Қанабек және Сұлтанби Исатай атанса, күміс медальді Аушахман Тәлім жеңіп алды, ал қола медаль Тимур Шакуов, Дәужан Бекетов пен Сұлтанбек Сарыға бұйырды. Сондай-ақ, IOAI ұйымдастыру комитетінің мақтау қағазымен Батыр Ерденов марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Тамыз, 2025
Президент Қазақстан инвесторлар қауымдастығы төрағасын қабылдады
Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын, деп хабаралйды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 08 Тамыз, 2025
«Таза Қазақстан»: Қарашөкеев Тараздағы жұмысты тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданының аулаларын аралап, тазалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2025
БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген
Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау және шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберген. Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 және Орал-Көшім арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілген, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 08 Тамыз, 2025
Жақып Хайрушев: Қазақстан экономикалық дамудың жаңа кезеңінде
Біздің ел Аваза іс-қимыл бағдарламасын тұрақты, инклюзивті және орнықты келешекке жеткізер жол картасы ретінде толық қолдайды. Бұл туралы Президент теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның 3-ші конференциясында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл маңызды бастама транзиттік елдердің, даму жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының саяси қолдауына ие болуы тиіс, деді. Мемлекет басшысы көлік, энергетика мен цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі секторларға инвестиция ынталандыруға инновациялық қаржы тетіктері қажет екенін айтты. Энергетика министрлігі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушевтің пікірінше, Қазақстан орта экономикасы бар ел ретінде көбірек қабылдануда әрі бұл мәртебе оның энергетикалық әлеуеті тұрғысынан ерекше өзекті. Толымды тақырыпты арнайы сұхбатта талқылап көрелік.
Қылмыс • 07 Тамыз, 2025
Ақтаудағы балабақшада кіші топтағы бүлдіршінді қатыгездікпен соққыға жыққан
5 тамыз күні Ақтаудағы жекеменшік "Тұмар" балабақшасында (24-шағынаудан) жаға ұстатарлық оқиға болды. Кіші топта тәрбие алып жүрген бүлдіршінді басқа бір қыз бала тұншықтырып, соққы жасап, түрлі зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Астанада жеткіншектің қос аяғынан айырылуына себепкер болған автобус жүргізушісі жазадан босатылды
Қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус бағанға соғылып, салдарынан кішкентай қыз ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 07 Тамыз, 2025
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 217 қазақстандыққа берілді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Алакөлде тағы бір санаторий салынады
Қазақстан мен Әзербайжан кәсіпкерлері бірлесіп, Алакөл жағасынан тағы бір санаторийдің құрылысын бастауға ниетті. Осы мақсатта кеше қазақ-әзербайжан делегациясы Абай облысына келіп, өңір басшысы Берік Уәлимен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Атырауда 12 мемлекеттік кәсіпорын рұқсатсыз ақылы қызмет көрсеткен
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 12 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға ұлғайған
7 тамызда алтын грамының бағасы 58 011,44 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 07 Тамыз, 2025
500 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға ваучер алған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Жоба – балабақшаларда қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Жер үйлерді сақтандыру міндеттеледі
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Ақша ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды
Жуырда 40 млн теңгедей ақша қымқырған Айыртау ауданы білім бөлімінің бухгалтеріне сот болып, ол жеті жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Тамыз, 2025
Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары 50 пайызға аяқталды
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында тікұшақты іздеу жұмыстары қаншалықты нәтижелі жүзеге асырылып жатқаны сұралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанда кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды. Тиісті түзетулерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 07 Тамыз, 2025
Қазақстан туризмнен €10 млрд табыс табуды жоспарлап отыр
Қазақстан 2029 жылға дейін туризмнен €10 млрд табыс табуды және жылына 15 млн турист тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2025
Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындары басталды
Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген спортшылар қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Тамыз, 2025
Елордада Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады
Астананың Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Төле би көшесінің Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы шеңберінде инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелері қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Суицидке бейім азаматтар әскерге қабылданбайды
Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі енгізіліп жатыр. Іріктеу PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған тәуекелді әдістеме арқылы жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Инватакси қызметі жетілдіріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты
Аризонада медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Экономика • 05 Тамыз, 2025
Болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы талқыланды
Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Tianjin Youfa Group» компаниясы бас директорының орынбасары Ли Сяндунмен және «Hong Kong Friend International Cooperation» компаниясы бас директорының орынбасары Сан Вэнксумен кездесті. Жиында болат құбырлар өндірісі бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 05 Тамыз, 2025
АҚШ-тың екінші салығына ілікпейміз - министр
Қазақстан АҚШ тарапынан ешқандай қосымша санкция немесе баж салығына ілікпейді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Астыққа орақ түсуге санаулы күндер қалды
Биылғы «Орақ-2025» қарсаңында Мамлют ауданындағы озық шаруашылықтың бірі - «Мамбетов и К» коммандиттік серіктестігінің базасында облыстық семинар өтті. Ол «Ұлы дала астығы -2025» аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Өскеменде ірі логистикалық фармацевтика хабы ашылды
Шығыс Қазақстан өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін орнықты әрі жоғары технологиялық талапқа сай дамытуда маңызды қадам жасалды. Кеше Өскеменде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық логистика хабы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Тамыз, 2025
Атыраудағы балабақшада баланың қолы сынып, миы шайқалған
Кішкентай қыздың анасы Атыраудағы балабақшада қызына келтірілген жарақат жағдайларын тергеуді сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.