ас
Үкімет • 13 Маусым, 2025
«Созақ» кен орнында газ өндіру жобасы талқыланды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Co., Ltd. (Geo-Jade Petroleum) компаниясының президенті Ван Вэньтаомен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Маусым, 2025
Бектенов Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобаларды талқылауға арналған кеңес өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Egemen.kz
Әдебиет • 13 Маусым, 2025
Францияда Абай Құнанбайұлының мұрасы ұлықталды
Париж қаласының XVI округі мэриясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігі мен «Абай» мәдени орталығы бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Маусым, 2025
Президент Жарлығымен медицина мамандары наградталды
Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін сала мамандары наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Маусым, 2025
Мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетеді - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, олардың мәртебесін көтеру – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Маусым, 2025
Отандық дәрігерлер жыл сайын жүрекке мыңдаған ота жасайды - Тоқаев
Президент жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келетінін, бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасының жоғарылығын көрсететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Маусым, 2025
Президент медицина қызметкерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Маусым, 2025
Елімізде геологиялық барлау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға қарай еліміз аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуі 2,2 млн шаршы шақырымға жетуі тиіс. 2024 жылы қамту 2 014,4 мың шаршы шақырымды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Маусым, 2025
Қазақстандықтар шілде айында қалай демалады
Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2025
Биыл Ақтөбеде орын алған жантүршігерлік террорлық шабуылдың орын алғанына 9 жыл толды. Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде тағылымы терең еске алу іс-шарасы өтті. «Мәңгілік сапта» атауымен ұйымдастырылған бір күндік акция Ақтөбедегі террорлық шабуыл кезінде қызметтік борышын атқарып жүріп қаза тапқан 6655 әскери бөлімнің әскери қызметшілерін еске алуға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Маусым, 2025
Су саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы артады
Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, (1 қыркүйектен бастап күшіне енеді). Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Ең алдымен «Егемен» жазып еді...
2024 жылғы сойқан тасқында Қызылжарда зардап шеккен аудан тұрғындарына «Бірлік» атты жаңа шағын аудан тұрғызылған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Маусым, 2025
Қара теңізге тікелей тасымалдайды
Биыл Грузияның Поти портында еліміздің алғашқы мультимодальды терминалының салтанатты ашылуы өтті. Аталған жоба Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) шеңберінде жүзеге асырылып, Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы көлік-транзиттік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Жастар • 12 Маусым, 2025
Қарағандыда жас кәсіпкерлерге қала әкімінің гранттары табысталды
Бүгін Қарағандыда жас кәсіпкерлерге қала әкімінің өз бизнес-жобаларын іске асыруға гранттар табысталуда, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Маусым, 2025
А.Мерғалиев Беларусь Жоғарғы сотының судьяларымен кездесті
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиев Минск қаласына жұмыс сапары барысында Беларусь жоғары сот органының төрағасы Валентин Сукаломен және осы соттың сот корпусымен кездесіп, сот жүйесін жаңғырту – сот ісін жүргізу сапасын арттыру, медиация мен әкімшілік әділетті дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасты, тараптар тәжірибе алмасу елдердің дамуына қосымша серпін беретініне сенім білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 12 Маусым, 2025
ТүркПА төрағалығын Қазақстан қабылдады
Бүгін Астанада Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) XIV пленарлық отырысы өтті. Бұл жиын «TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
Астанада ата-аналарды алдап соққан алаяқ сотталды
Елордада балабақшадан орын алып беремін деп 30-дан астам ата-анаға уәде беріп, орындамай кеткен алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Маусым, 2025
ТМД Экономикалық сотының төрағалығына Герман Нұрбаев сайланды
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Минскіде (Беларусь) ТМД Экономикалық соты Пленумының жұмысына қатысты. Қатысушылар арасында мүше мемлекеттердің жоғары сот органдарының өкілдері мен ТМД ЭС судьялары болды, кездесу барысында А.Мерғалиев ТМД ЭС-ның Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Маусым, 2025
Елорда әкімдігі журналистерге арналған байқау жариялады
Астанада БАҚ қызметкерлерінің күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде елорданың дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, сюжеттер байқауы жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Биыл көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы берілді
Жыл басталғалы 613,7 мың көпбалалы отбасыға 221 млрд теңге, 242,2 мың наградталған анаға 32,4 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2025
Родников ауылында сүт фермасы салынып жатыр
Қарағанды облысы, Осакаров ауданының Родников ауылдық округінде Eurasia Invest компаниясы 6000 сиырға арналған заманауи сүт-тауар фермасын салып жатыр. Ферманың қуаты – жылына 70 мың тонна сүт өндіруге жетеді. Оның іске қосылуы 180 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2025
23 семсерші Азия бәсекесіне барады
Семсерлесуден Азия чемпионаты – Индонезияның Бали аралында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары ерлер және әйелдер арасында қылышпен, шпага және рапирамен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Маусым, 2025
Қызылордада сантехникалық бұйым өндіретін зауыт салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жобасы және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясы спикерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы ерекше екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 12 Маусым, 2025
Тәжірибеден өткен студенттер саны төрт есе артқан
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен еліміздегі жетекші ЖОО арасында жасалған меморандумдар шеңберінде былтыр 80 студент өндірістік тәжірибеден өтсе, биыл 339 студент (288 студент университеттерден, 51-і колледждерден) тәжірибе жинаған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2025
Ел кәсіпкерлеріне жеңілдікпен несие беріледі
Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жеңілдікпен несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Отбасының цифрлық картасы тиімділігін көрсетті
Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 116,9 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Маусым, 2025
Азат Мақсұмның қарсыласы анықталды
21 маусымда Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде тұңғыш рет UFC турнирі ұйымдастырлады. Сол жарыста аса жеңіл салмақтағы (57 кг) Азат Мақсұм да өнер көрсетеді. Алматының іргесіндегі Қаскелеңде дүниеге келген 30 жастағы қазақтың қайсар ұлы ресейлік Тагир Ұланбековпен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2025
Жалпы ішкі өнім көлемі 6 пайызға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.