ай
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру басталды
Еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 13 Наурыз, 2026
Алматыда тәуелсіз байқаушылар штабының брифингі өтті
Алматыда республикалық референдум қарсаңында Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының екінші брифингі өтті. Штаб дауыс беру кезеңіндегі жұмысты үйлестіру және қоғамды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Наурыз, 2026
«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан 263 текше метр қоқыс шығарылды
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қыс мезгілінде тазарту жұмыстарын жалғастырып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында маңызды нәтижелерге қол жеткізді. 2025 жылғы 1 желтоқсан мен 2026 жылғы 28 ақпан аралығында қызметкерлер 263 текше метр тұрмыстық қалдықты жинап, сыртқа шығарған. Негізгі жүктеме – көлдердің мұзындағы қысқы демалыс орындарына түседі екен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2026
Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді
Бүгінде Қостанай машина жасау ісінде еліміздегі жетекші қалалардың біріне айналып үлгерді. Мұнда елдегі ең ірі автокөлік зауыттарының бірі Allur компаниясы орналасқан. Әрбір шығарылған автокөліктің, өндірістік желінің және технологиялық үдерістің артында адамдардың еңбегі тұр. Бүгінде кәсіпорын еліміздің түрлі өңірінен келген мамандарды, инженерлерді, слесарьлар мен технологтарды біріктіріп отыр. Олардың көпшілігі Қостанайға алғашында өндірістік тәжірибе немесе оқу бағдарламалары аясында келіп, кейін автокөлік саласында мансап құру үшін осында қалып қоюды жөн көреді.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2026
Елімізде 15 градусқа дейін күн жылынады
«Қазгидромет» антициклон әсерінен ел аумағының басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын тоқтайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Наурыз, 2026
Бинұр Жәленов Ұлттық банк Төрағасының орынбасары болды
Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 13 Наурыз, 2026
Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады
Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығының ғимараттарына ирандық ұшқышсыз аппарат соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Nour News агенттігі жариялаған кадрларда қала үстіне қою түтін көтерілгені байқалады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Наурыз, 2026
Абай университетінде әйелдер көшбасшылығы магистрлік бағдарламасы іске қосылады
Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған бірегей бастаманы қолға алды. Университет қабырғасында «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы іске қосылмақ. Аталған бастама «Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2026
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін. 2026 жылғы 13 наурызда бес облыста қар жауып, боран соғады деп болжанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2026
Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Астанада алдағы демалыс күндері күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елордада бұлтты ауа райы сақталып, түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?
Елімізде осы жылдың алғашқы екі айында жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) бұзу деректері азайған. Алайда сарапшылар бұл көрсеткіш жолдағы тәртіптің күрт жақсарғанын білдірмеуі мүмкін екенін айтады. Мамандардың пікірінше, статистикадағы өзгеріске автоматты бейнебақылау жүйелерінің қолданылу деңгейі әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Шавкат Исмаилов: Күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан ел экономикасы нығайып келеді
Мәслихаттар форумында Президенттің сөйлеген сөзін мұқият тыңдап шықтым. Онда әлеуметтік қолдау мен цифрлық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Туризм • 12 Наурыз, 2026
«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды
Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2026» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Наурыз, 2026
Saudi Aramco басшысы Амин Х.Нассер әлемдік мұнай нарығында Ормұз бұғазы арқылы тасымалдың бұзылуы апаттық салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Наурыз, 2026
Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауады
«Қазгидромет» 12 наурыз күні елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Наурыз, 2026
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Президенттің өкімімен Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 11 Наурыз, 2026
Елімізде сайғақ мүйізі аукцион арқылы сатылымға шығарылады
Қазақстанда 20 тоннадан астам сайғақ мүйіздері жиналды, оларды аукцион арқылы сату жоспарланып отыр. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша қазіргі уақытта мүйіздер Алматыда арнайы салқындатқыш қоймаларда сақтаулы, температура мен ылғалдылық реттелген. Әр мүйізге жеке нөмір берілген және олар жүйеде бақыланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Айдос Сарым: Мемлекет басшысы – жаңа Ата заңның негізгі авторы
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сараптамалық алаңда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Қытай алдағы 15 жылда қалай өзгереді?
Бейжіңде Қытайдың 15 жылдық даму жоспарының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр. Негізгі мақсат – 2030 жылға қарай әлемдік «өндіріс фабрикасын» жаһандық инновация орталығына айналдыру. Құжатта озық өндірісті тірек еткен заманауи индустриялық жүйе қалыптастыру және ғылыми-технологиялық дербестікті күшейту басым бағыт ретінде белгіленген. Жоспар Қытайдың Ұлттық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясына ұсынылды. Геосаяси шиеленістер күшейген кезеңде бұл бағдарлама ұзақ мерзімді экономикалық өсімге деген сенімді нығайтуға бағытталған стратегиялық құжат ретінде бағаланып отыр. Бұл туралы english.news.cn сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 11 Наурыз, 2026
Логистика, бұл – жаңа мұнай: Елімізде қойма тапшылығы күрт күшейді
Еуразия аймағында қойма инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Электронды сауданың кеңеюі, логистикалық тізбектердің қайта құрылуы және цифрландыру қойма жалдау мен логистикаға негізделген бизнестің құрылымын өзгертті. Қазақстанда да бұл салаға сұраныс өсіп, инвестициялық белсенділік күшейіп отыр. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) сарапшыларының болжамынша, жаңа жобалар іске асырылса, қойма инфрақұрылымы алдағы жылдары екі есеге дейін ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
8 наурыз күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран Ислам Республикасының президенті телефон арқылы сөйлескен. Нәтижесінде Әзербайжан тарабы Иранға гуманитарлық көмек жөнелткен, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының білім басқармасы екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Наурыз, 2026
Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Air Astana наурыздың соңына дейін Dubai бағытындағы рейстерін тоқтатты
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтататынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Наурыз, 2026
Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енді
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өз қарамағындағы спорт түрлерінен жыл үздіктерін анықтауды жалғастырып жатыр. Кезек мәнерлеп сырғанауға жетті. Алдағы 8 күн ішінде жанкүйерлер «Үздік костюм», «Үздік жарқын бағдарлама», «Үздік хореограф», «Үздік бапкер» номинациясындағы үміткерлерге дауыс бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Референдум кезінде 54 елде сайлау учаскесі жұмыс істейді
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Қостанайда төленбеген 102 айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Қостанай облысының Қарабалық кентіндегі «Рубеж» бақылау бекетінде патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік тіркеудегі Lada Granta автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі
Аталған 2 қала бойынша 32 егжей-тегжейлі 32 жоспарлау жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.