балет
Мәдениет • 20 Қаңтар, 2026
Опера және балет театры Сингапур сахнасында өнер көрсетеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Қойылымдар 23-25 қаңтар аралығында NUS университетінің мәдениет орталығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 15 Қаңтар, 2026
«Астана Опера» театры «Аққу көлі» балетін ұсынады
Елорданың өнерсүйер жұрты апта соңын асыға күтіп отыр. «Астана Опера» сахнасында театрдың ғажайып қойылымдарының бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ұсынылады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 30 Желтоқсан, 2025
«Астана Балет» театры жылды жетістікпен аяқтады
2025 жыл елордалық «Астана Балет» театры үшін шығармашылық серпілістерге, ауқымды жобалар мен жарқын жеңістерге толы айрықша кезең ретінде тарихта қалды. Ұжым ұлттық және әлемдік хореография өнерін ұштастыра отырып, көрерменге мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары қойылымдар ұсынып, кәсіби шеберліктің биік үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
«Астана Балет» театры жаңа жыл қарсаңында қандай қойылымдар ұсынады?
Жаңа жыл қарсаңында «Астана Балет» театры көрермен назарына сиқырға толы ертегі қойылымдар топтамасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қараша, 2025
«Ұлы Жібек Жолы» балеті көрермен қошеметіне бөленді
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көпшілік асыға күткен «Ұлы Жібек Жолы» атты екі бөлімді балеттің салтанатты премьерасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 28 Қараша, 2025
Қазақстаннан шыққан жас талант балет әлемін тәнті етті
Балет әлемінде жаңа есім жарқырады. Студент Әбілмансұр Сырманов биылғы маусымда екі бірдей беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Осылайша жас балет әртісі өз есімін халықаралық өнер тарихында қалдырып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 23 Қараша, 2025
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер – шекарасы жоқ шексіз әлем. Almaty Theatre сахнасында бас қосқан халықаралық балет жұлдыздары рухани астанамыздың тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлады. FREEDOM FESTIVAL IV жобасы аясында өткен әсем кеш «Астана Опера» театры ұсынған «Пахита» балетімен ашылып, Германиядан арнайы шақырылған Berlin Ballet Company ұжымының CHOREO X бағдарламасына ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Қазан, 2025
Еліміздің балеттегі белесі биіктеді
Қытайда Би білімінің дүниежүзілік альянсы (World Dance Education Alliance) аясында IX Бейжің балет байқауы және Бейжің би академиясының форумы өтті. Байқауда ел намысын Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Әбілмансұр Сырманов қорғады. Финалда ол А. Аданның «Жизель» балетіндегі Альберттің вариациясын және заманауи би нөмірін орындап, алтын медаль иегері атанды, деп жазады Egemen.kz
Мәдениет • 25 Маусым, 2025
Дания корольдік театрының әртістері алғаш рет елімізде өнер көрсетеді
Негізі 1748 қаланған Еуропаның ең көне театрының Алматыға келіп өз эксклюзив бағдарламасын ұсынуы Қазақстанның өнер әлеміндегі айрықша оқиға болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 18 Мамыр, 2023
Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға келеді
27-28 мамыр күндері қазақ халқының рухани нышаны, жоғары мәдениет пен шеберліктің іргетасын қалаған, әлемдік атаққа ие болған туындылардың қойнауы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры атақты «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қазан, 2022
«Астана Балет» театры үздік рецензияға байқау жариялады
«Астана Балет» театры көрермендер арасында «Тырнақ алды туынды» атты рецензия байқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 11 Шілде, 2022
«Астана Балет» тоғызыншы театр маусымын аяқтады
«Астана Балет» театры тоғызыншы маусымын бас дирижер Арман Оразғалиевтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен «Орфей мен Эвридика» бір актілі балетінің премьерасымен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2022
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев өмірден озды
Бүгін, 16 ақпан күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» балет труппасының директоры Тұрсынбек Нұрқалиев 71 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 16 Қараша, 2021
Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ: Өнерімді шынайы бағалаған Елбасына қарыздармын
Жуырда Шымкент қалалық опера және балет театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңғыртып, жаңаша стильде көрермен назарына ұсынды. Жалпы, биыл үшінші мегаполистегі бұл театрдың жаңа тынысы ашылғандай, өзгеріс көп. Өнерсүйер қауым бұл оң өзгерісті театр басшысы Майра Мұхамедқызымен байланыстырып отыр. Осы орайда аз уақытта көп іс тындырған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі Майра Мұхамедқызын сөзге тартқан едік.
Өнер • 01 Қараша, 2021
Жазылғанына жүз жылдан асса да, кезеңдерге құрдас болып, уақытпен бірге түлеп, балет деген атаудың бір баламасына айналып кеткен атақты «Аққу көлі» екі күн бойы Алматы жұртына естен кетпес кеш сыйлады. Операның отаны Италия болса, балеттің өніп, өркен жайған құтты мекені – Ресей, бекзат өнерді бүкіл әлемге мойындатқан Мәскеудің Үлкен театрының қос бірдей белгілі бишісінің орындауында аққулар тағдырын тамашалау – адам өмірінде де, мәдениетте де күнде бола бермейтін сирек сәттердің бірі.
Фотогалерея • 01 Қараша, 2021
Шымкентте «Қыз Жібек» операсы сахналанды
Шымкент қаласының опера және балет театрында ұлттық музыка жауһары – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қойылым жаңаша стильде сахналанған, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 18 Қазан, 2021
Майра Мұхамедқызы шымкенттіктерді тәнті етті
16-17 қазан күндері Шымкент қалалық опера және балет театры сахнасында «Достық әуендері» атты концерт өтті. Екі күнге жоспарланған іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы және халықаралық байқаулардың лауреаты, Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан келген Екатерина Головлева өзінің ерекше даусымен көпшілікті тәнті етті, деп жазады Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 07 Қазан, 2021
«Астана Балет» алғаш рет Дубай опера сахнасында өнер көрсетеді
27-30 қазанда «Астана Балет» театрының Дубайға гастролі өтеді. Дубай опера сахнасында астаналық ұжым өзінің үздік туындылары мен әйгілі қойылымдарын алғаш рет көрсетпекші. Астаналық ұжым Шығыстың көркін аша түскен екі көлемді қойылым – әмбеге аян «Махаббат туралы аңыз» спектаклі мен «Бейбарыс сұлтан» балетін паш етпек, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2021
Astana Ballet Дубайдағы ЭКСПО-2020 бүкіләлемдік көрмесінде екі қойылым көрсетеді. Дубай опера сахнасында 27-28 қазан күндері «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда «Бейбарыс сұлтан» балеті ұсынылады.
Өнер • 26 Қыркүйек, 2021
Түркістанда «Ұлы Дала мұрасы» қойылымы ұсынылды
Түркістан қаласының Конгресс Холл сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тати мен Мукарам Авахридің авторлық интерпретациясында «Ұлы Дала мұрасы» атты ұлттық дивертисмент өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театрының кезекті гастрольдерінің аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 17 Қыркүйек, 2021
«Астана Балет» театрының IX маусымы ашылды
Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 14 Мамыр, 2021
16 және 18 мамыр күндері елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың Гала-балеттерінің эксклюзивті, сан алуан авторлық бағдарламалары өтеді. Көрермен қауым дарынды әртістердің бірқатар айтулы дебютімен жарқын нөмірін тамашалап, лайықты бағасын бере алады.
Театр • 04 Наурыз, 2021
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында, 6-7 наурызда «Астана Балет» театрында еліміздің балет жұлдыздарының қатысуымен ғаламат гала-концерт өтпекші. Көрермен назарына «Астана Балет», «Астана Опера» және Абай атындағы Қазақ ҰАОБТ жетекші солисттерінің орындауындағы классикалық мұра жауһарларымен қатар, заманауи хореографиялық қойылымдар ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2021
Абай атындағы опера және балет театрының басшысы қызметінен не үшін босатылды?
Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры басшысы Ая Қалиева қызметінен босатылды. Театр ұжымы оның қызметтен ешқандай ескертусіз және себепсіз босатылғанына наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Театр • 08 Желтоқсан, 2020
"Астана Балет" театрының желтоқсан айындағы қойылымдарының афишасы
"Астана Балет" театрының желтоқсан айындағы қойылымдарының афишасына қысқы мереке күндері дәстүрлі түрде көрсетілетін спектакльдер мен концерттік бағдарламалар енген, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 25 Қараша, 2020
Алматыда Адольф Аданның "Корсар" балеті қойылады
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры қойылымның алдында журналистермен кездесіп, ойларымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 24 Қараша, 2020
Қазақстанда алғаш рет "Сұлтан Бейбарыс" балеті сахналанады
4-5 желтоқсан күндері "Астана Балет" театрында "Сұлтан Бейбарыс" қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 15 Шілде, 2020
“Астана Балет” театры жетінші театр маусымын аяқтады
"Астана Балет" театры, елордалық ұжым тарихындағы ең қысқа, жетінші театр маусымын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың PR қызметіне сілтеме жасап.