Қаз
Оқиға • Кеше
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Н.Тлендиев көшесі, 44А мекенжайындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан Моңғолияның бидайға деген қажеттілігін толық жабуға дайын. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
2026 жылғы 18 наурызда Дубай қаласының бірінші инстанция соты Қазақстан азаматы Е. Алмаханды бірнеше ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті және айыппұл төлеуге үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • Кеше
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер жүргізді. Келіссөз барысында көлік-тасымал саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Моңғолия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Мемлекет басшысы Моңғолияны аймақтағы маңызды серіктес әрі тату көрші ретінде атап, Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың елімізге сапарына айрықша мән беріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • Кеше
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің ресми делегация мүшелері қол қойылған құжаттармен алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астана қаласына Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) халықаралық іс-шарасына қатысу үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Елімізде ұшу географиясы кеңейіп, қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер саны артып келеді. Осы бағытта таяуда Қазақстан мен Армения арасында әуе рейсі қайта іске қосылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қоғамда қызу талқыланып жатқан ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру туралы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
21 сәуірге арналған ауа райы болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік аймақтарда күн райы салыстырмалы түрде жылы болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қазақстанда тұрақты тұруға және жұмыс істеуге ниетті шетелдік азаматтар үшін қарастырылған сұранысқа ие мамандықтар тізімі осы жылдың соңына дейін қайта қаралады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Бұл қадам еліміздің экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Сәуір, 2026
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 21 мен 23 сәуір аралығында Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Сәуір, 2026
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Қазақстан 2026 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша әлем елдерінің экономикалық еркіндік индексінде көрсеткішін 63,8 баллдан 64,2 баллға дейін жақсартты. Осылайша, еліміз Орталық Азия өңірінде бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 20 Сәуір, 2026
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Польшадағы Крыница қаласында өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында (IA дивизионы) Қазақстан құрамасы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Мароккода өтіп жатқан ИКАО GISS-2026 жаһандық симпозиумы аясында Қазақстан мен Үндістан азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Кездесуде тараптар жаңа рейстер ашу, әуе рейсі жиілігін арттыру мәселеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2026
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Елімізде 1 шілдеден бастап жұмысын адал атқармайтын құрылыс салушылардың бірыңғай реестрін енгізу жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық негізінде «қара тізімге» енген құрылыс компанияларының тұрғын үй нарығына енуіне шектеу қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 20 Сәуір, 2026
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Үкімет қаулысына сәйкес, мерекелік күндер тізімі жаңа тармақпен толықтырылып, 3 қыркүйек – «Қазақ тазысы мен төбет күні» болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Сәуір, 2026
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – еліміздегі жетекші жоғары оқу орнының бірі. Бүгінде университетте академиялық ғылыми мектеп дәстүрі мен заманауи білім технологиясын үйлестіру басым бағытқа айналған.
«Таза Қазақстан» • 20 Сәуір, 2026
ЕҰУ жастары «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік көрсетті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 19 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаладағы маңызды қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Қарасу және Боралдай шағынаудандарында, сондай-ақ Үлкен Алматы каналының бойында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2026
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан инвесторлар, бизнес өкілдері және өзге де шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібін оңтайландырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 17 Сәуір, 2026
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумы аясында бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп, халықаралық әріптестермен өзекті мәселелерді талқылады. Форум Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенді ұстанымын тағы бір мәрте айқындаған маңызды алаңдардың бірі болды. Халықаралық қатынастар және экономикалық саясат сарапшысы Ерік Батырхановтың пікірінше, мұндай форматтағы кездесулердің басты құндылығы – жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тікелей диалог алаңын қалыптастыруында. Оның айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанның икемді әрі теңгерімді саясаты елге әртүрлі күш орталықтарымен тиімді байланыс орнатуға жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2026
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемнің үздік 20 елінің қатарына кірді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің президенті Тошиюки Онумамен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Шығыс Қазақстан облысында жалпы құны 450 миллион теңгені құрайтын үш экопарк салынады. Жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Сәуір, 2026
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Қызылшаның таралу қарқыны бәсеңдеп келеді. Соңғы бір аптада сырқаттанушылық деңгейі 30%-ға төмендеді. Науқастардың басым бөлігі екпе алмағандар, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Сәуір, 2026
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Қазақстанға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2026
Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді
Қазақстанның Парламент Сенаты Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.