Редакция таңдауы
Көрнекті ақын Исраил Сапарбай дүние салды
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы, ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбай 18 шілде күні таңғы сағат төрт шамасында Қаскелеңдегі өз шаңырағында көптен меңдеген науқастан көз жұмды. Қайғылы хабарды Facebook парақшасында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
18 Шілде, 2025
Кеңес Одағының батыры атанған «Халық жауының» баласы
Редакцияның телефоны безек қағып, тұтқаның арғы жағынан әжейдің үні естілді. Дауыс ырғағынан аналық мейірім еседі. «Бақтығали Бейсеновті танитын ба едің, қарғам?» деп бастады сөзін Роза әжей. Қазақтан шыққан тұңғыш дәрігерлердің бірі, Алашорданың қайраткері болған тұлғаны аздап білетінімді айта бастап едім, «Мен – сол алашордашы Бақтығалидың қызымын. Үйге келсең, сендерге айтар әңгімем бар еді» деді төте өтінішке аунап түсіп. Асылдың сынығының айтарын тыңдамаққа атқа қондық.
18 Шілде, 2025
Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты маңызды заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңға сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тәсілдері қайта құрылып, тұрғындар мен басқарушы компаниялардың өзара қарым-қатынас ережесі нақтыланды.
18 Шілде, 2025
Мегаполистерді дамытуға бағытталған заң қабылданды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
17 Шілде, 2025
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Шілде, 2025
«Сатирадан арнайы сабақ керек»
Сатира – ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған қиын жанр. «Күлкі – күштілер қаруы» деген түйінді тіркес те тегіннен-тегін тілге тиек етілмеген. Алайда біз осы күні жауынгер жанрдың парқын біліп жүрміз бе? Әдеби пародия неге сирек жазылады? Студенттерге сатира пәнін оқытудың маңызы қандай? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында белгілі сатирик-жазушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермахан Шайхыұлымен сұхбаттасқан едік.
17 Шілде, 2025
Осал топтарды қарызданудан қалай қорғаймыз?
Әлеуметтік теңдік – зайырлы мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Әсіресе қоғамның осал топтарының құқығын қорғау, оларды қолдау, ортаға бейімдеу өркениетті елдің өлшемі саналады. Алайда кейінгі жылдары Қазақстанда осы санаттағы азаматтар қаржы ұйымдарының қысымынан зардап шегіп жатыр. Бұған не себеп?
17 Шілде, 2025
Алакөл: ауа жайылған туризм реттелуге тиіс
Алакөлдің танымалдылығы жылдан-жылға артса да, туристік әлеуетінде қордаланған түйткіл аз емес. Бұл туралы бұған дейін де «Egemen Qazaqstan» газеті жазған еді.
17 Шілде, 2025
Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы жетістігімен құттықтады
Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан FIDE World Cup 2025 Әлем кубогінің іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Шілде, 2025
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі туралы заңға өзгеріс енгізілді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
15 Шілде, 2025
ЖІӨ екі еселеу - барынша биік мақсат, бірақ қол жеткізуге болады - Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай экономиканы әртараптандыру арқылы $450 млрд-қа дейін қол жеткізуге қатысты берген тапсырмасы аясында журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
15 Шілде, 2025
Туристік аймақтың инфрақұрылымы реттелуге тиіс
Мемлекет басшысының ішкі туризмнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауының жер пайдалану картасымен танысты.
15 Шілде, 2025
Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
15 Шілде, 2025
Дәрі-дәрмекті тіркеу жеңілдейді
Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында дәрілік препараттарды тіркеу, дәрі-дәрмек айналымындағы рәсімдерді оңтайландыруға кірісті. Көп кешікпей «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсыныла бастайды. Бұрын ұзақ уақыт күтетін жұмыс барынша жеделдейді.
15 Шілде, 2025
Табиғатқа тағылық тоқтамай тұр
Атырау тұрғындарын алаңдататып отырған түйткілдің бірі – атмосфералық ауаның ластануы. Жұтар ауасы жұпар емес өңірдің экологиясы әлі жақсарар емес. Табиғаттың тазалығына тағылық жасау әрекетінің көкейкесті мәселеге айналғанына бірнеше жылдың жүзі ауды.
15 Шілде, 2025
Президент МӘМС жүйесіне өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
14 Шілде, 2025
Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы басталды
Астанада Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Іс бойынша төрағалық етуші судья Сабыржан Кәрімов сот процесіндегі БАҚ өкілдерінің жұмысына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Шілде, 2025
Лудоманиямен күрес: Бірыңғай есепке алу жүйесі деген не
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген подкастта Бірыңғай есепке алу жүйесін енгізу мәселесі көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
14 Шілде, 2025
Банктер бәсекесінде кім озады?
Таяуда шағын қаржы ұйымы болып саналатын BNK екінші деңгейлі банкке айналды. Осылайша, елде шетелдік қатысуы бар банктердің саны тоғызға жетті. Оңтүстіккореялық «BNK Financial Group Inc.» құрамына кіретін «BNK Finance» микроқаржы ұйымының банкке айналатыны туралы алғаш 2024 жылдың маусымында айтылды.
12 Шілде, 2025
2026 жылдың көктемі Apple жанкүйерлері үшін қызық болғалы тұр. Bloomberg дереккөздерінің хабарлауынша, компания келесі жылы бірнеше жаңа өнімін қатар ұсынбақ. Оның ішінде жаңартылған MacBook, iPad әрі көпшілік күтіп жүрген арзан iPhone 17е бар, деп жазады Egemen.kz.
11 Шілде, 2025